Британдық коммерциялық эфирлiк телевидениедегi жекеменшiктiң концентрациясы

Британдық коммерциялық эфирлiк телевидениедегi жекеменшiктiң концентрациясы мен монополизациясының жаңаша дамуының инициаторы Майкл Грин болғаны қызық. Ол бiрiншi болып  «Сентрел телевижн» лицензиясын сатып алып шектен тыс шығып кеткен. Бiрақ, бақылаушылар оның лорд Холликпен болатын болашақ қарым-қатынасының мiнезi туралы бiрнеше ойға келдi. Майкл Грин болашақ бiрiккен компанияның стратегиясын анықтаумен айналысады, ол лорд Холлик — күнделiктi менеджмент болатынын ресми түрде жариялаған. Ол компанияның аты ‘’Карлтон юнайтед’’ деп аталатын болды. Дегенмен, көбiсi Холлик сияқты адамның ендi барлық стратегияны Майкл Гриннiң қолына берiп қояды дегенге күмәнмен қарады. Өйткенi ол лорд  Стивенстiң басылымдық компаниясымен қосылғаннан кейiн жарты жылдың iшiнде оны басшылықтан алыстатқан. Осылай екi телекомпанияның бiрiгуi таң қалдырды. 26 қарашаға дейiн журналистерге Грин мен Холлик бiрiгiп қызмет ету сұрақтары туралы сөйлесiп жатыр деп айтты. Бiрақ кейбiр бақылаушылардың байқағаны, «Карлтон» мен «Юнайтедтiң»  қосылуы авантюра емес, заңдылық. Бiрiншiден, бұл екi компанияға да бағдарламаларын нығайтуға мүмкiндiк бередi. Осы көрсеткiш бойынша «Карлтон» мен «Юнайтед» бағдарлама беру көлемдерiне қарамай, британдық телевизиялардың ең әлсiздерiнiң бiрi. Екiншiден, 40 млн. Фунт стерлингке  дейiн қаражатты үнемдей алады, керексiз шығынды жояды. Ал егер iс жүзеге аспаған жағдайда сахнаға Ұлыбританияның коммерциялық эфирлiк телевидениесiнiң үшiншi орынға «Гранада груп» шығады. «Гранада груп» — «Гранада телевижн» телевизиялық топтамасы Джерри Робинсонның басшылығымен коммерциялық эфирлiк телевидения ассоциасының «Ай — ти – ви» бағдарламасының үлкен бөлiгiн дайындайды. Осы уақытта мынадай сыбыс тарай бастады: британдық телевиденияның төртiншi iрi «ойыншысы» шотландиялық «Скоттиш мидиа» компаниясы «Джинджер мидиа груп» компаниясын сатып алады деп сөз тарады. Бұл компанияның акциясының көбiн әйгiлi британдық телевизия мен радио жүргiзушiсi Крис Эванс иемдендi. Бұл компания поп және рок музыкасын беретiн ұлттық «Вирджин» радиостанциясына ие. Егер «Скоттиш мидиа», «Вирджин» радиосынан басқа телестудияларға ие. «Джинджер» компаниясын сатып алса,  онда бұл шотландтық телекомпаниясы Ұлыбритания телевидениесiнде салмақты үшiншi «ойыншының» орнына тұрып алуға мүмкiндiгi болады. Осылайша Ұлыбританияның жекеменшiк эфирлiк телеиндустиряда басшылыққа үлкен күрес басталды. Крис Смиттiң айтуы бойынша, бұл күрес екi жылдан кейiн барлық индустрия екi немесе бiр адамның қолында болуы мүмкiн.

Сараптамалық консолидациялық процестер Ұлыбританияның кабельдiк телевидениесiнде орнын тапты. Мұнда эфирлiк телевидениедегi сияқты екi iрi компанияның бiрiгуi жайлы сөз болды. Бұл «Кэйбл энд уайерлесс коммьюникэйшнз» және «Телеуэст» телекомпаниялары. «Нэшнл транскоммьюникэйшнз лимитед» компаниясы — үшiншi «Ойыншы» болды. Бұны «Франс телеком» акционерi көтермеледi. Соның көтермелеуiмен ол  «Кэйбл энд уайерлисспен» бiрiгуге келiсiм алды. «Телеуэст» каналы спутниктiк телевидениеге жататын «Флекстек» компаниясымен бiрiгетiндiгiн жариялады. Ұлыбританиядағы Интернет қызметiнiң өкiлдерi — шетел фирмалары, олардың  озығы «Фрисерв» британдық кабельдi телекомпанияларына интернеттi өздерiнiң кабельдерiмен жiберiңдер деп қысым жасап отыр. Олар аудиторияны кеңейту мүмкiндiгiмен назар аудартады. «Телеуэст» 2000 жылы ақпан айынан бастап Интернетте жұмыс iстеуге рұқсат беретiн, айына 10.ф.ст. төленетiн «Серф анлимитед» қызметiн шығарды. Ай сайынғы төлем Интернетпен шұғылданатын адамдар санын күрт өстiредi, ол жаңа интернеттiк технология көркем фильмдердi көрсетуге дейiн барады. Қазiргi кезде Ұлыбританияда интернет жүйесiнiң қызметiн көрсететiн 300 фирма бар. Коммерциялық эфирлiк телевидениеде «Ай — ти – ви»  басшылығы алдарына қойған мақсатына жеттi. Ол — үшiншi каналдың  (канал «Ай – ти — ви») аудиториясының орташа рейтингiн 39%-ке дейiн көтеру. Бұл талап түгелiмен жылдың аяғында орындалды. Осы кезде жаңа жыл аптасына арналған көп бағдарламалар жүйесi шығарылған болатын. Бұның негiзгiсi болып, жаңа әйгiлi телеойын – “Кім миллионер болғысы келеді?» лоториялық шоу болатын. Әрине миллионер ешкiм болған жоқ. Бiрақ бұл ойын аудиторияның рейтингiн көтеруге көмектестi.  Коммерциялық эфирлiк телевидениенiң өмiрiндегi екiншi маңызды оқиға «Карлтон» компаниясының 1998 жылы түсiрiлген «10 сағат ішіндегі жаңалықтар» жаңалықтарын қайтару туралы келiсiмi болды. Бұл хабардың алынып тасталуы Ұлыбритания бұқарасы арасында үлкен дау туғызды.

«10 сағат ішіндегі жаңалықтар» шығарылымын түсiргеннен кейiн бiр млн-ға жуық көрермен «Ай — ти – ви»  арнасының сегiзден отыз минут кеткенде шығатын жаңалықтар бағдарламасы күнделiктi барлық жаңалықтарды қамтымады, ол кешкi жаңалықтар кеш қалып отырды. Көрермендердiң көбiсi оның бәсекелесi “Би — Би – Си» жаңалықтарын көруге көштi. «Ай — ти – ви»  салмақты актуальды — қоғамдық  «Қозғалыстағы әлем» бағдарламасын жаңа  «Бүгінгі кешкілікте» бағдарламасына ауыстырған. Бұл бағдарламада мемлекеттiк саясат сұрақтары мүлдем көтерiлмейдi, әрине бұл үкiметке ұнамайды. ХХ ғасырдың аяғы мен ХХI ғасырдың басындағы Ұлыбританияның ақпарат нарығында iрi монополиялардың бәсекелестiгi өрши түсуде. Бұл жарыста әрқайсысы сол нарықты құруға ұмтылады. Жалпы Еуропалық журналистикаға тән нәрсе ақпарат — тауар деп қарау болғандықтан осындай мәселелерге келiп тiреледi.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *