Телерадиосы

Телерадиосы. 1999 жылы Ұлыбританияның коммерциялық эфирлiк телевидениясында концентрация мен монополизация жаңа кезеңге қадам басты. Ұлыбританияның мәдениет министрi Крис Смит қыркүйек айында өткен Кэмбридж телефестивалiнде сөз сөйлеген. Оның айтуы бойынша, әлемдiк сахнада британияның коммерциялық эфирлi телевидениясының төмен бәсекелестiгi болғаннан кейiн үкiмет және меншiк концентрацияны қолдайды, барлық коммерциялық телевидениеге ие болатын адамдарға, тiптi бiр адамның қолына көшiруге дейiн барады.

Коммерциялық эфирлiк телевидениедегi жекеменшiк концентрацияға деген жол 1993 жылы тазартылған болатын. Сол жылдардағы мәдениет министрi Питер Брук эфирлiк телевидениенiң лицензияға ие адамдарға тағы да бiр лицензиядан сатып алуға рұқсат етiлдi деп жариялаған болатын. Осыдан кейiн Лондонда жұмыс күндерi шығып тұратын «Карлтон коммьюникэйшнз» эфирлiк телевидениесiнiң iрi британдық коммерциялық компаниясы екiншi бiр Орталық Англияға таралатын  «Сентрел телевижн» компаниясынан лицензия сатып аламын деп жариялады. Содан кейiн солтүстiк «Гранада» компаниясы Лондонда демалыс күндерi шығып тұратын «Лондон уикэнд телевижн»  компаниясының лицензиясына ие болды. Ал электронды «МАИ» концернiнiң басшысы лорд Холлик екi лицензиясының иесi болды: оңтүстiк англиядағы  «Меридиан» компаниясы және оңтүстiк — шығыс Англиядағы «Англия» компаниясы. Британдық коммерциялық эфирлiк телевидениедегi жекеменшiктiң концентрациясы мен монополизациясының келесi сатысы 1999 жылы парламенттiк акт болды. Бұл акт бойынша лицензиялардың шексiз сатылуына рұқсат бар, бiрақ мынадай талап қойылады: бiр адамның иелiгiнде елдiң барлық телеаудиториясының 15%-iнен көп болмау керек және тележарнамадан 25% кiрiс түсу керек. Осылай концентрация процессi әрi қарай дами бастады. Үш iрi топтар құрылды: үш лицензиясы бар (Лондонға, Орталық және оңтүстiк — Батыс Англияға)  Майкл гриннiң «Карлтон коммьюникэйшнз» компаниясы; төрт лицензиясы бар (Лондонға, солтүстiк, солтүстiк — шығыс Англияға және Йоркшир) Гранада және үш лицензиясы бар (оңтүстiк, оңтүстiк — шығыс Англияға және Уэльске) Лорд Холликтiң «Юнайтед-ньюс-энд-мидиа» компаниясы. Британия коммерциялық эфирлiк телевидениесiнiң ұлттық сахнасында төртiншi  «ойыншы» болып шотландиялық «Скоттиш мидиа» компаниясы тұрды, бұл компания 1998 жылы солтүстiк шотландиялық «Гремпиен»  телекомпаниясының лицензиясына ие болған. 1999 жылы 26 қараша күнi Ұлыбританияның телевидения әлемiнде сенсация болды: үш iрi топтардан екi топ құруы жарияланды. Майкл Гриннiң «Карлтон Ю-Кэй продакшнз» және лорд холликтiң «Юнайтед-ньюс-энд-мидиа» екеуi бiрiгiп Ұлыбританияда бұрын-соңды болмаған алып компания құру керек болды. Бiрақ бұл iстi тез арада Ұлыбритания әдiлеттi саудасының бюросын (ОФТ) бақылауға кiрiстi. Өйткенi жаңа алып компания тележарнамадан рұқсат етiлген 25%  қарама — қарсы 30 — 40 %  кiрiстi иемдендi.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *