Ірі баспасөз монополиялары.

Ірі баспасөз монополиялары.

 

Ұлыбритания баспасөзінің пайда болуы. Ағылшын баспасөзі дамуының негізгі кезеңдері. Ағылшын баспасөзінің алғашқы қарлығашы -“Уикли ньюс“ газетінің рөлі. Күнделікті газет “Дейли куранттың“ /1702/ пайда болуы.

ХУ11 ғасырда Англияда сатиралық басылымдардың қалыптасуы. ХУ11 ғасырдағы мерзімді басылымдардың түрлері: ақпараттық, аналитикалық, сатиралық және жарнамалық.

Ағылшын баспасөзінің дифференциялануы.Ағылшын баспасөзіндегі монополиялану процесінің басталуы. Ірі баспасөз монополиялары. Ағылшын бұқаралық ақпарат құралдарына трансұлттық корпорациялардың ықпалы. Ақпарат агенттіктері.

1990 жылдардан кейін Ұлыбританияның ұлттық газеттерiнiң құрамында 10 күнделiктi және 10 жексенбiлiк басылым болған. Қазiргi уақытта үш күнделiктi “Дейли герольд”,  “Ньюс Хроникл’’, “Морнинг стар’’ газеттерiнiң орнын  “Сан’’, “Индепендент’’, “Тудей’’ газеттерiн басты. Жексенбiлiк газеттер тобында “Рейнолдс ньюс”, «Санди диспетч» басылымдарымен қатар «Санди телеграф», «Индепендент он санди» газеттерi пайда болды. 2000 жылы дүңгіршіктерде «Юропиан пресс» қожайыны болып табылатын таблоидтық жексенбiлiк «Санди бизнес» басылымы пайда болды.

Сонымен ұлттық газеттер саны өзгерiссiз қалды. Өйткенi бұдан бiраз жыл бұрын газеттер саны осындай мөлшерде болатын. Ал егер статистикаға келетiн болсақ, онда тек өзгерiс таралымда. Бұл жағдай газетшiлердiң үнемi қобалжып жүруiне әкеп  соқтырады. Көптеген басылымдарда оқырмандар саны қысқаруда. Бұл құбылыс газеттердiң бас тақырыптардан-ақ көрiнiс табуда. 1999 жылдың қорытындысы бойынша тек күнделiктi екi “Таймс’’ және «Файнэншл таймс» газеттерiнiң таралымы 1990 жылмен салыстырғанда өстi. Ал жексенбiлiктердiң арасынан  «Санди таймс», «Мейли он санди» басылымдарының таралымы ұлғайды.

 «Үлкен баспасөздiң» таралымының түсуi — ұзаққа созылған құбылыс. Бұл  50-шi жылдарда бастаған. ХХ ғасырдың соңғы он жылдығының басында күнделiктi басылымдардың таралымы 15,1 млн қысқарды, ал жексенбiлiктердiкi 16,6 млн. қысқарды. Ал 1999 жылы мынадай көрсеткiш болды: күнделiктi басылымның таралымы 13,3 млн, ал жексенбiлiк  басылымдардiкi  13,7 млн қысқарды.

Әйгiлi газеттерге деген сұраныстың түсуiн телевидениенiң  әсерiнен деп, сол сияқты базарда пайда бола бастаған әйелдер аудиториясының қызығушылығын қанағаттандыруға арналған, адамдардың әртүрлi хоббиiне бағытталған иллюстрациялық күнделiктi және айлық журналдардың санының өсуiмен түсiндiруге болады. Бұл жолда апталық басылымдарды тегiн тарату сияқты газет бизнесiн айтпағанда, 89 күнделiктi, 500 апталық аймақтық газеттер де үлкен рөл  атқарды.

Ұлыбританияда ұлттық газеттер арасындағы бәсекелестiк өте қатты. «Индепендент» және «Индепендент он санди» басылымдары басты алдына қойылған «Таймс» газетiнен неғұрлым көп оқырмандарды тартып алу мақсаттарын iске асыра алмады. «Таймс» газетi ұзақ уақыт бойы өзiнiң таралымын 250 мың дана деңгейiнде ұстап тұрды. Бұл жағдайда халықаралық медиагмант Руперт Мэрдок «бағаның күресiн» шештi. «Таймс» басылымының сатылу бағасы тең жартысына дейiн түсiрiлдi. «Таймстың» таралымы жоғары көтерiлуі баяулаған жоқ. 700 мың данаға дейiн, тiптi одан да жоғары көтерiлдi. Ал «Индепендент» газетi өзiнiң алғашқыда жинаған 400 мың оқырманының жартысын жоғалтып алды. Басқа амал қалмағандықтан бұл газет бай адамдардан өз жақтаушыларын iздей бастады. Ақыр соңында олар өздерiне қожайынды Ирландиядан тапты.

Руперт Мэрдок күнделiктi таблоидтық  «Сан» газетiн жақсы айналымға түсiру үшiн ақшасын аяған жоқ. Ол оның редакторына көзге бiрден көрiнетiн сенсациялық жаңалықтар мен жартылай жалаңаш қыздардың суретттерiн шығаруға толық ерiк берген.

 Бәсекелестiк әсiресе таблоидтық басылымдар арасында  «Миррор»  мен «Сан», «Дейли мейл» басылымдарының арасындағы бәсекелестiк өте жоғары қарқында болды. Ұлыбританияда, сонымен қатар, лорд холликтiң басқаруымен «Экспресс» және «Санди экспресс» басылымдары жарық көрiп тұрды. Бiрақ, ұзақ жылдар бойы консерваторларға қызмет етiп келген бұл газеттер өздерiне ешқандай жаңа оқырмандар жинай алмады. Сондықтан таралымы төмен.

Күнделiктi «Таймс»  газетiне келетiн болсақ, оның редакторы П. Стотхард газеттiң «таблоидизациясына» мүлдем қарсы болды. Ол өзiнiң бар назарын 60 бетiне аударады. Олар әртүрлi айдарларға бөлiнген. Көп бөлiгiнде ақпараттық текстер жарияланады. Ал саясат, құқық, сот қызметi және парламент, мәдениет және өнер туралы материалдар үш есе көп. Газеттiң үнемi сақталып келе жатқан және мақтанышы болып отырған  — ортаңғы екi бетiнде шығып отыратын редакциялық мақалалар. Сол сияқты әр нөмiрде 15-17 оқырмандар хаттары шығып тұрады. Басқа да сапалы газеттердегi сияқты ерекше көңiл сенбiлiк басылымдарға бөлiнедi. Бұл күнi «Таймс» жетi секция басады, мәтіннің көлемi – 282-бет. Почташыларға мұндай басылымдарды үйлерге тасу өте ауыр тиедi. Сондықтан олар «бұрыштарда» және арнайы дүкендерде сатылады. Бұл жағдайда баспагерлер оқырмандардың назарын аударуға өте қарқынды түрде ұмтылады. Олар газеттерге ашық түстi иллюстрацияларды көбiрек беруге тырысады. Ұлыбританияның баспасөзi бұл жағынан өте жақсы десе артық айтылмаған болар едi.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *