Халел Досмұхамедовтың қоғамдық қайраткерлік қадамы
Көрнекті қоғам қайраткері, ағартушы ғалым, дәрігер, профессор Халел Досмұхамедұлы 1883 жылы қазіргі Атырау облысының Қызыл қоға ауданында дүниеге келген. Ол өз халқының зиялысы, өз заманының насихатшысы ретінде кенже қалған немесе аса маңызды деген тақырыптарға жедел қалам тартып, уақыт сұранысын қанағаттандырып отырған. Оның «Оқушының денсаулығын сақтау: «Как бороться с чумой среди населения Киргизского края», «Табиғаттану», «Адамның тән тіршілігі», «Жануарлар» және т.б. сияқты оқу құралдары мен ғылыми көпшілікке арналған еңбектері, аудармалары, мақалары, профессор Халел Досмұхамедовтың қазақ ғылымы мен мәдениетінің тарихында өзіндік орны бар кесек тұлға екендігін көрсетеді.
Халел Досмұхамедовтың қоғамдық қайраткерлік қадамы Санкт-Петербургте оқыған жылдарынан басталады. Ол әскери-медициналық академияда оқыған кезінде бүкіл Ресейде болған, дүниені дүр сілкіндірген 1905-1907 жылдардағы революцияны көзімен көріп, бұқара халықтың ашу-ызасы, қанды қақтығыстар және жеңілістің ащы сабақтары рухани дүние танымы өсіп, жетілген, болашақ қайраткерлердің идеялық жағынан қалыптастыруына игі ықпал етті.
Халел Қажыұлы қоғам қайраткері болумен бірге ағартушы, ғалым, дәрігер екендігін бәріміз де аңғарамыз. Қазан төңкерісіне дейін қазақтар арасында тек 20 ғана дәрігер даярланды. Қазақ даласындағы кқөріністі ағартушы – ғалым Шоқан Уәлиханов былай деп көрсетеді: «Ауруға сапалы медициналық көмек беретін ешкімнің болмағанына, сұүзектен, суық тиюден, мерезден, обадан тырысқақтан, қарасан қызлша, безгек, туберкулез және т.б. аурулардан халық көп қырылып жатқан кезде,осынау үркердегі топтың қарлығаштың қанатымен ең сепкендей болмашы іс-әрекетінің өзі біраз адамдардың өмірін арашалап қалды». Қазақтың Ибн-Синасы, ғұлама-ғалымы, философ – энциклопеисі, сан қырлы дарын иесі, біздің жерлесіміз Халелдің болуы әрине, үлкен мақтаныш! Сонымен қатар, Әбіш Кекілбаевтың: «Халел көзінің тірісінде жөн салмас ғажайып линвист, фольклерист, тарихшы-этнограф, аудармашы болған. Жан-жақты, көл көсір әмбебап білімнің арқасында ол биология, зоология, медицина саларына да көп еңбек қосқан ғалым» деген бағалы сөздері бар.
1923 жылдың 21 тамызында өткен Түркістан Республикасының халық комиссарлары Кеңесінің мәжілісінде балаларға арналған 100-орындық туберкулезді емдейтін санаторий ұйымдастыру керек екендігі жөнінде қаулы қабылданады.
1924 жылы оны ұйымдастыру мен қаматмасыз етуді сметаға қосу керек деп шешкенмен қиын материалдық жағдайда осыған байланысты көрсетілген мекеме Халық Денсаулық сақтау Комиссариатының сметасында бекітілмеген. Балалар әлі күнге дейін арнайы дәрігерлік көмекті көрсете алмағандар үшін мазасыздануда.
Туберкулезбен ауырған балалар саны әсіресе жергілікті халықтың балалары арасында үрейлі жағдайға жетті, одан әрі күтуге болмайды. Қайткен күнде де міндетті түрде осы мекемені ұйымдастыруды және қамтамасыз етуді, 1924 жылдың сметасына қосу керек» деп Халел Досмұхамедов мәлімдеген болатын. Одан кейін, сол жылдың 21 қарашасында берілген құжаттардың бірінде: «Бізге көрініп тұрғанда революцияға дейінгі тәжірибеде жезөкгшелікті тәртіпке салуды, жезөкгшелікпен күресте ұстап қамау, еріксіз түрде тексеру және күшпен емдеуге қазіргі кезде болмайтындығын көрсетеді. Сондықтан да жезөкгшелікпен күресу үшін мынадай істерді жүзеге асыру керек:
Ол санитарлық ағарту жұмыстары, ашық лекциялар, брошюралар мен плакаттар, жұқпалы аурулармен ауырған адамдарды ақысыз емдеу және сонымен қатар жезөкшелікке мұқтаждықтан амалсыз барып отырған әйелдерге жұмысқа орналасқанша әлеуметтік қамтамасыз ету қажет. Жұмысқа бірінші кезекте мұқтаж әйелдерді орналастыру және оларға ауыл шаруашылығымен айналысу және бақша өсіру үшін жер учаскілерін бөліп беру керек деп көрсетеді.
Сонымен қатар жезөкшелік көптеген жағдайларда әдепсіздікке бейімділіктің нәтижесінен емес, тек қана мұқтаждықтан туындайтын онымен күресу шаралары да, азаматтардың тұрмыс-жағдайларын, өмірін жақсарту мағынасында жалпы мемлекеттік сипат алуы керек.
Қазіргі уақытта Халық Денсаулық Сақтау коммисариатының күшімен және қаражатымен мәдени ағартушылық жұмыстарымен қатар, жұқпалы жыныстық аурулармен ауырған адамдарды ақысыз емдеу жұмыстары осы мәселеге қатысты несие бөлінген жағдайда жүргізілуі мүмкін. Жалпы алғанда жұқпалы жыныстық ауру салдарынан халықты сауықтандыру, денсаулығын жақсарту үшін некеге отыруға дейін, некеге тұратын адамдарды куәландыру ұсынылды, егер де некеге тұратындардың біреуі ауру болған жағдайда неке құруға жол берілмейді» деп көрсетіледі.
Қазіргі кезде жастардың бұзылуы, әсіресе жезөкшелікпен айналасуы үлкен мәселеге айналып барады. Осынндай әрекеттерге көптеген жағдайда экономикалық, материалдық қиындықтар итермелеп, бұрын отырғанын білеміз. Қоғамдағы жұмыссыздық пен өнегеліктің төмендеуі осындай келеңсіз жағдайға әкеліп соқты.
Қорыта айтқанда, Халел Досмұхамедұлы қазақ ғылымының қалыптасуына зор еңбек сіңірген қайраткер. Шығармашылық мұрасы алуан қырлы – ғалым соңына медицина, тіл білімі, тарих, этнография және әдебиет жанрлары бойынша қыруар дүниелер қалдырды.