Қаныш Имантайұлы Сәтбаев

Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың — азан шақырып қойылған есімі Ғабдұл-Ғани — 1899 жылы 12 сәуірде Павлодар облысы Баянауыл ауданы Теңдік ауылындағы Айрық қыстағында дүниеге келді.Қ.Сәтбаев — Қазақ Ғылым Академиясының негізін қалаған қайталанбас тұлға. Оның ата-балалары Баянауыл өңіріне ғана емес, күллі елімізге танымал адамдар болды. Атасы Сәтбай — Теңдік-Ақкелін елінің беделді тұлғасы еді. Қажылық сапарда қайтыс болды. Әкесі Имантайдың есімін Сегіз Сері Баһрамұлы азан шақырып қойған.
:Ұлылардан ұлағат «Әйелi ауқымды ойлай бiлетiн еркек — бақытты»
…Жол сапары не айтқызбайды. Пойызбен жүрген бiр сапарымызда ағай (академик Қ.Сәтбаев) өзiнен-өзi отырып, әйел жөнiнде сөз қозғады.
-Үй қамын әйел, ел қамын еркек жейдi. Ал еркектiң қоғам алдындағы ерен мiндетiн орындау әйелдiң қолында. Әйелi ауқымды ойлай бiлетiн еркек бақытты. Ал ауқымсыз әйел — еркектiң соры. Мен өзiмдi алғашқыға жатқызамын. Бiр қазақ, бiр орыс — екi әйелiм бар. Шәрипаға жастайымнан әкем қосты. Ақжарқын, кең мiнездi әйел. Өмiрiмде «Әй, сен Қаныш, үш баламен тастап, орыстан әйел алып кеттiң ғой» деп айыптаған емес. Не болмаса, «Қаныштың мұнысы несi? Қайтсын балаларына» деп араға не менiң туыстарымнан, не өз туыстарынан адам салған емес. Не болмаса, «Бала-шағасын тастап кеткен адамды қалай ұстап жүрсiңдер» деп жоғарғы жаққа арызданып, яғни менi өмiрiмде мазалап, «Әкелерiң сөйтiп кеткен» деп балаларыма жек көрiнiштi етiп көрген жан емес.
Алексей қызы Таисияны өзiң бiлесiң. Жесiр отырған бiр орыс әйелiнiң қызы екен. Семейде жолықтық. Мен жан—ям барлығын жасырған жоқпын. Қазақ әйелiнiң қаладан-қалаға ауысатын көшпелi өмiрге серiк болатындай дәрежеге жете қоймағанын, сондықтан да әйел тегiнен өмiрлiк серiкке мұқтаж екенiмдi айттым.Таисиясы нысымды қабылдады.Қанисаны (Қ.Сәтбаевтың қызы) қолыма Қарсақбайда тұрғанда алдым. Таисия жеңгеңнiң баласындай болып өстi. Соғыстан кейiн Алматыға Шәрипа мен Шәмшияны (екiншi қызы) алдырдым. Балаларды астанада оқыту керек болды. Екi үйiм араласып тұрды. Таисия Шәрипаны қонақ қылады, Шәрипа Таисияны қонақ қылады және бiрiн-бiрi бар ықыластарымен күтедi. Десем де, бертiн келе Таисия жағынан мынадай бiр мiнез байқадым: Шәрипаның шақыруына бармай қалатын болды үйде. ?зiм жалғыз кетемiн. «Мұнысы несi екен?» деген ойда жүрдiм. Ондай ой еркектi қандай езiп жiбередi десейшi. Алайда бiр күнi соның бәрi ғайып болды ғой. Сөйтсем, Таисиям менi Шәрипамен қысылмай сөйлесiп, өзi де жадырап, өзгенi де жадыратып, көңiлiне қанат бiтiрiп, еркiн отырсын деп жалғыз жiбередiекен Шәрипаға. Шәрипадан екеу, Таисиядан екеу — төрт қызым бар. Бәрi де екi ананың арасында араласып өстi. «Қазақ әйелiнен туғансыңдар» деп Таисия Қаниса мен Шәмшияны, «Орыс әйелiнен туғансыңдар» деп Шәрипа Мейiз бен Мәрияшты алакөздеп көрген емес. Мәрияштан басқа қыздарым уақытында тұрмыс құрды. Бақытыма қарай, күйеу балаларым да жақсы жiгiттер болып шықты. Шәрипа мен Таисия бұлардың бәрiн де құшақ жайып, алаламай қабылдады. «Сендер қазақ әйелiнiң қызының күйеуiсiңдер» деп Таисия, «Сен орыс әйелiнен туған қыздың күйеуiсiң» деп Шәрипа оларды сыртқа теппедi.
Осындай әйелдердi әулие демеске не шараң бар! Менiң ойға алған iстерiмнiң үлкен нәтижеге жетуiнiң бiр себебiн осы екi әйелiмнiң жақсылығынан көремiн. Тұрмыс мәселесiнде өзiмдi бақытты еркекпiн деп санаймын,-деп шешiлгенi бар ағайдың… «Қаныш аға осындай едi» кiтабынан.

Қ.Сәтбаев туралы пікір білдірмеген адам жоқ. Соның бірі Ә.Марғұлан : «Қаныш Сәтбаев Қазақстан жерінде қандай байлық бар екендігі туралы галагендік картасын жасап, сол үшін сыйақы алды». Ә.Марғұлан: «Қаныш аяулы ғалымдығы мен бірге ол халқының сүйген ұлы, білімін ел игілігі үшін сары еткен жан. Сондықтан оның жарқын бейнесі біздің жас ұрпақтарға аса қадірлі жан,» — деді.

С.Шокин: «Сәтбаев – ғылымды кеңінен насихаттап, таратушы болды. Газет-журнал беттеріне бүгінгі күннің көкейкесті мәселелріне арнап мақалалар жариялап отырды». Н.Назарбаев «Қазақ халқының біртуар перзенті, есімі жалпақ дүниеге мәлім, аса көрнекті ғалым, қазақ ғылым академиясының тұңғыш президенті, жаңа заман ғалымдарының іргесін қалаған, адамгершілік қасиеттері мен кісілік келбеті халық аузында аңыз болып қалған жаны жайсаң азамат,» — дейді.

М.Әуезов Қ.Сәтбаевтың 50 жылдығында «Қаныштың үлкен ерекшелігі ол халықпен де, биологпен де, физикпен де медикпен де және тарихшымен де, филологпен де өздерінің ғылыми тілінде сөйлесе білді, мамандық тілдерімен үндесіп, ұғыса білді және сол әр ғылымның саларына әр бір кезеңде пісіп келген нақтылы, жауапты мәселесіне жауап беретін, қажетті мәселесін айтып, мықты басшылық ете білді,» — деді.

М.Қаратаев: «Қаныш Сәтбаев өзінің Жезқазғаны туралы 46 ғылыми-публицистикалық еңбек жазып бастырды, » — деген. Ә.Тәжібаев : «Ардақты аға өз өнерінің ұлы ақыны еді. Оның жазған ең зор эпопеясы «Алып Жезқазған» — деді.

Қаныш Сәтбаевтың алғашқы мақаласы «Жезқазған ауданының мыс кендері» деп аталады. Ол еңбегінде, бұл жаңғырыққа қуат беруші орталыққа орналасуы, қазақ халқының білуге құмарлығы, керек десеңіз оның ән творчествосына тарихи бейімділігі» — деді.

М.Қаратаев: «Жезқазған мыс – кен ауданы және оның мейрамдық қоры» мақаласы нағыз ғылыми публицистік еңбек. Қаныш Сәтбаев «Қай жұрттың болсын өмір негізі – ауыл шаруашылығына, өндіріс кәсіптеріне байланысты. Ал өндіріс кәсіптерін түзу жүріп өркендеу жолдары, бұл шарттың ең негізгісі өндіріске қажет болатын шикізат шамасы мен олардың іске асырудың бәрі жеңіл пайдалы түрде болуы. Шикізаттың Қазақстанда ең тұнығы жер асты. Қаныштың «Көркейген қазақ халқының ғылымы мен мәдениеті» деген мақаласы 1945 жылы жазылған. Еңбекте «онда толып жатқан жоғары дәрежелі мекемелер, ғылыми зерттеу институттары Қазақстанда ғылымның өркендеуіне әсер етті. Республиканың шаруашылығы мен мәдениетін өркендетуге орасан зор үлес қосқан.»

Букетов Сәтбаев туралы былай деп жазған: «Қ.И.Сәтбаев оқымысты геолог қана емес, ойлауға керекті таза ойлауға талап ететін ғұлама еді».

А.Жұбанов: «Біздің өнер айналасындағы әдетте кітапты көп оқып, көзінің майын тауыса алмайтын замандастар Қаныш екенін аса көп білетінін әдебиетте де, өнерде де айтатын сөзінің бар екендігі таң тамаша қалдырады.

Қаныш ұлы жазушылар Сәбит, Ғабит, Мұхаңмен сөйлесіп отыра олардың әдебиеттегі жетістіктерінің ғылым үшін үлкен мәні бар екендігін, ол адамдардың ғылым мекемесіне жақындай түсуінде екендігін айтады.          С.Мұқанов: «Ол жан-жақты ғалым болатын. Көркем әдебиетті көп білетін өнердің сан-саласына көз жіберіп жақсы пікірлер айтатын. Ғылымның бәр саласынан бес саусақтай хабардар еді».

       Қ.Жұмалиев: «Академик Сәтбаев қазіргі әдебиеттегі табыстарға шын жүректен сүйсіне, кемшіліктеріне күйіне сөйледі, кемшіліктерді сынады… Мына Сәбит те, Ғабит те, менде өндіріс тақырыбына әлі терең бара алғамыз жоқ. Әр қайсымыздың әр кезде әр жағдайда байланысты жазған желе жортқан очерктеріміз бар. Бірақ олар өзімізді де, оқушыларымызды да қанағаттандыра алмады, » — деген. 1959 жылы «Біздің ғылым академиясының институттарда, лабараториялар мен экспедицияда, құрылыстарда, колхоз, совхозда жұмыс істеген жастар, өмірде тәжірибесі бар жастар көп істесе екен деймін». 1984 жылдан бері күннен 2223 астрономиялық қашықтықта (332 млн) диаметрі 11 километр түсі қара қоңыр өзі ашқан Жезқазған мысындай жер аймағынан 11 жыл 5 айда келеді. 2402 номерлі планета «Сәтбаев» деп аталады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *