Полигон туралы шыққан мақалалар

Полигон туралы шыққан мақалалар

«Міне, Дегелең айналасында тыныштық орнағанына 10 жылдан асты. Бәрі біткен, бәрі тоқтаған сияқты. Жоқ, олай емес екен. ҚР Ұлттық ядролық орталықтың радиациялық қауіпсіздік және экология институтының мамандары қырық жыл бойы жүргізілген ядролық сынақтардың зардаптарын  жиі зерттеуде.

        Бұл күнде жер асты сынақтары жүргізілген оқтарға адам кіре алмайды. Оларға бетон құйылып, қалың бітелген. Көзге көрінбейтін ажал арнасы жабылған сияқты, олардан зиян келмейтіндей. Жегенмен, Дегелең төңірегінде жайлып жүрген мал бар, алыс-жақынды түркпектеп жүрген кен іздеушілер де табылады. Аждаһадан қауіп күткен пенде жоқ. Шынында солай ма?» деп Мүтән Аймақов өз мақаласында жұртқа сауал қояды. Жалғыз ол емес, басқа да қаламгерлер, сондай-ақ полигонды сол кезде өз көзімен көргендер жарылыс үні өлмесе де, қауіп әлі де бар деп пікір айтуда.

         Мұндай пікірлер республикалық, аймақтық баспасөзде жиі орын алады. Жоғарыда аталған автор – полигонды өз көзімен көрген адамдардың бірі. өз мақаласында ол полигонның басталуы, оның зияны мен тұрғындары туралы, сондай-ақ шындықтың қалай ашыла бастағаны және бұл шындықты ашқан кімдер, т.б. сынаққа байланысты оқиғалар жайында жазады. Алғаш рет жарылыс көргенін М.Аймақов былай дей келе, есіне алады:

… 1949 жылдың 29 тамызында сағат 6-да солдаттар бүкіл ауылды тік тұрғызды. «Бір жағдай болады, жерге жатыңдар, көздеріңді ашпандар, бастарынды көтермеңдер». Сағат жеті шамасында жер астымен естілмейтіндей, күркіреген әуіл шықты. Жер шайқалды. Ол кезде қайыр дұрыс салынғандар үй бар, ішкі кесектен салынған үйлердің қабырғасы сөйлеп, құлай тастады. Сандар – гүлдер терезеде шынылары сынды.

         Жөн жоққа қарама, басыңды көтерме деп айтса да, әуесқойлық жеңіп, алақанымен көзімді көмеңкелеп аспанға қарадым. Қарақаншыл дүние, күннің көзін басып кеткен бұлт, әнден уақытта қара бұлт күреңтіп, қызарғандай болды. Қалпат үлкен, сабат жуан саңырауқұлақ сияқты қара бұлт шудаланып, ұйпалатып, қозғалып жатқанын көрдім. әлден уақытта саңырауқұлақ сабатмен жерден суырылғандай көтеріле берді, көтеріле берді. Бұлт аспанға жайылды. Бір кездее біздің ауылдың үстін түндіктей басып, қараңғылап бара жатқанын байқадым…»

         Міне, дегелеңнің үрейлі бейнеті осы. Алғашқы сынақтың өзінде-ақ Бестерек, Долан, Тайлан аймағы 160 рад. Сәулелену зардабын шеккен.

         Ғылыми әдебиеттерде Семей және Невада (АҚШ) полигондарын салыстырған межұлттар жарық көрген. Соған қарасақ, Семей полигонының аумат 8000 шаршы км екен, ал Невада – 3500. семей полигонында тұрақты адам қызмет істеген саны – 30 мың, Невадада – 8 мың адам уақытқа, 1800-2600 адам тұрақты, істейді: радиусы 200 шақырым Семей полигоны аймағында 600 мың адам тұрған. Невада – Лас – вегас қаласын қасып алғанда 100 мың адам. Әрине, салыстыру дегеннің өзі кейде дұрыс емес. Американың Невада штаттың тұрғындарын өзден артық тұрып жатыр деуге келмейді: бірақ оларға мемлекет тарапынан жылына 1 млрд доллар көмек бөлінеді.

         Осы және басқа проблемалар қазақ баспасөз беттерінде көрініс табуда. Мысалы, «Қазақ әдебиеті» газетінде жарық көрген мақаланы қарастырып көрейік. Мұнда мақаланың тақырыптарында «Ядролық от-жолының өтінде туғандар әлеуметтік қорғаудан неге шет қалады» деген сұрақ қойылады. Ал мақаланың өзінде мынадай ұсыныс айтылады: «Төтенше радиациялық аумақта 1963 жылға дейін туылған азаматтар және сол аумақта ата-анасы он жыл тұрған, медициналық тексерулер денсаулығы қалыпты емес деп тапқан азаматтар 50 жаста зейнеткерлікке шығуға құқылы деп «Полигон туралы» заңды толықтыру қажет».  

         Мақала авторы Асан Қайырбекұлы полигон тарихшы шолу жасай келе, былай деп жазады «Атом тарихына шолу жасағаным, әсіресе, екі жарылыс жайына қозбалай тоқталғаным, әрине, тегінінен емес. 1953-1963 жж дүние есігін ашқан азаматтар ядролық от-жалының тоту сұрапылнда доп келгені шындық екенін көрсету үшін тоқатлдым. Демек, бұл ұрпақты атом зардабын шеккен жоқ деуге қақымыз бар ма? Әлеуметтік қорғаудан дәмелі  болса, бұл олардың конституция шегіндегі құқы емес пе?!» деп сұрақ тастап, шетел елдерінде полигон залалынан зардап шеккендерге қалай көмек көрсеткені және көрсетіп жатқаны туралы сөз қозғайды. Автордың айтуынша, радиация салдары әлеуметтік жағдаймен тұрмыстық дәрежеге тікелей тәуелді. Сондықтан оның тобықтай түйіні «Полигон туралы» заңды сақтау қжажет. Және де оны бүгінгі өмір шындығына ісі, қамы қазірден қолға алынса құба-құп. «Иә, өлгендер қайтып келмейді. Бірақ, мемлекеттен, қоғамнан әділеттік пен қамқорлық дәметкен қамкөңіл, жаутаңкөз бауырлар арамызда екенін ұмытпалық демекпін» деп автор ойын қорытындылайды.

         Енді, бір мақаланы алып қарасақ, мұнда да заң мәселесі қозғалады. 1992 жылы қабылданған «Семей ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» заңның әлі де сөз жүзінде ғана беруі толғандырады. Оған сәйкес мысалдар, нақты деректер келтіріледі. әсіресе, ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсету

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *