Батыс ғылым дүниесі
ХХ ғасыр срңындағы ғылымдардың дамуының негізінде өткен замандағы жетістіктер жатқаны шындық.Математиканың ерекшелігі ойлау жүйесін, сананы жетілдіруге үлес қосатындығы десек, ғылыми зерттеулер мен жаңалықтарға қаншалықты қатысы бар екенін айтудың өзі артық болар еді.
Батыста математика ғылымының дамуын 2 бөлімде қарастыруға болады, біріншісі б.э.д. 650-б.э. 400 жылдар аралығы. Бұл кезеңдегі атақты математиктер қатарында Пифагор, Эусмидес, Архимед, Гиппоргос, Батламиос, Клаудис сонды ғалымдар бар.
Екінші кезеңнің өкілдері біріншіден соң араға мың жыл салып белгілі бола бастағандар, яғни 1436 жылы Джохан Мюллерден басталған математиканың дамуы қазіргі кезеңге дейін жалғасып келеді. (Мюллерден басталған математиканың дамуы) Д.Мюллермен қатар сол дәуірдің белгілі математиктері – Кардона Декартес, Паскаль, Ньютон, Лейбництерді атап өткен жөн.
400-1436 жылдар аралығында батыс 10 ғасырдай қараңғылықты бастан тұста ислам әлемінің Жабыр Ибни Хайан әл-Суфи, әл-Фараби, Хорезми, әл-Кинди сияқты жүздеген математигі дүниеге келді. Олар ашқан жаңалықтар ХV ғасырдағы батыс математиктеріне соны сүрлеу болды. Бірақ өкініштісі, алдыңғы толқынның еңбектерін құрметтеу орнына, олардың жаңалықтарын өздері пайдаланып, өз аты-жөндерін шығаруды, сөйтіп әйгіленуді әдетке айналдырғандар көп болды. Осындай әділетсіздіктердің құрбаны болған, жәбір саласында бірқатар формалар мен теориялардың негізін қалаушы, математик, ғалым Омар Хайям.
Батыс ғылым дүниесінде Зелтмамер лақабымен танылған Омар Хайямды, өкінішке қарай, біз тек рубаилердің авторы ретінде ғана білеміз.
Алгебра, физика, астрономияда маңызды жаңалықтар ашқан Омар Хайямның «Әл жәбір» (яғни, алгебра) оқулығын Ф.Веопан 1851 жылы немісшеге, 1857 жылы Францияға аударса, 1918 жылы стори ағылшын тіліне тәржімалаған. Ал бізде 1940 жылдан кейін ғана төрттағандары аударылды. 40 жыл бойы (1052-1092) Сұлтан Мәлікшахтың қарамағында Нишапур Обсерваториясын басқара жүріп жазған «әл жәбір» оқулығының аудармасы бізде әлі жоқ. Қазір жәбір мен математика анализмінде сериялылық мәселесіне қатысты. (а+в)
Теңдеуін ойлап тапқан Омар Хайям екенін білмейтініміз рас. Осы формуладағы терминдердің коэфиценттерін жеңіл түрде төмендегіше түсіндірген де сол.
(а+в)
Алгебрада осы формула мен олардың анықтамасын жасаған Омар Хайям бола тұра бүгінгі мектептерде біріншісі О.Хайямнан 500 жыл кейін өмір сүрген Ньютонның жаңалығы ретінде «Ньютон формуласы» немесе «Бином формуласы» делінсе, екіншісі «Паскаль үшбұрышы» немесе «Арифметикалық үшбұрыш» деп аталады. Омар Хайям бірнеше алгебралық теңделерді геометриялық жолмен шешкен. Ол сондай-ақ, кубтық теңдеуді шешудің жүйесін тапқан. Ал үшінші дәрежелі теңдеуді Европада ХVI ғасырда жаңалық ретінде ашқан француз математигі Пьер Ферма теориясы х3+у3=z3 теңдеінің натурал сандармен шешілмейтіндігін Омар Хайям Фермадан 550 жыл бұрын көрсеткен. Оның бұл еңбегін орта ғасыр математиктері негізгі қағида ретінде қабылданды. Ұзақ жылдар бойы батыстықтар О.Хайямның математик, физик және астрономиялық қырынан зерттесе, біз оны тек шайырылық тұрығысынан қарастырдық. Рубаяттарды тәжімалаумен айналыстық. О.Хайямның шығармалары Ресейде, Германиядағы Гете мұражайында, Англиядағы Бритиш мұражайы мен Оксфордты сақталған. Атақты американ тарихшысы Вилл Дуронт Омар Хайямының шығармашылығы жөнінде былай деп баға берген екен: «Оның өлеңдеріндегі пікірдің 85 жылдық өміріндегі әсері болмашы ғана. Оны үшінші дәрежелі теңдеуді, шоқ жұлдыздар мен астрономиялық карталарды зерттеуші ғалым деп тануға тиіспіз».
Кезінде Омар Хайям сынды ғалымдарымыздың баға жетпес қазынасын танып, зерделейтін болсақ, бүгінгі барымызды өзгеге танудан аулақ болар едік.