Жомарт
Баяғы өткен заманда, халық ханнан зар илеген заманда өте әділ, өзі бай бір хан жасапты. Ол халқын халық оны сүйіпті. Ханның қырық уәзірі, оның ішінде өте бай, долы, шаш ал десе, бас алатын Қасым және Манап деген екі атақты уәзірі болыпты. Хан өте ақылды адам екен. Ол ханның тұсында өте тыныштық болып, халқы жақсы тұрмыта тұрыпты. Бір күндері хан екі уәзірін шақырып алып: «Я, құрметті уәзірлерім, мен сен екеуіңізді басқа уәзірлерге қарағанда өте жақсы, ақылды, ойшыл деп санаймын. Осыған байланысты сендерге бір сұрақ берейін. Оған қалай қарайсыңдар», – дейді.
– Айтыңыз, айтыңыз, құрметті тақсыр, – деп, екі уәзір басын төмен иіп тәжім етті.
– Айтайын құрметті уәзірлерім. Сендер өте бай, бақытты және жомарт адамсыңдар. Бірақ, сіздер сол жомарттық неден болады деп ойлайсыңдар? Ниеттен бе, әлде байлықтан ба?
– Бұл қандай сұрақ қояр екен? Бір қиын сұрақ болмаса нетті. Мүмкін бізді бір қиын сапарға баруымызды сұрар ма екен? – деп, үрейде отырған уәзірлер бұл сұрақты естіп, «е, оңай сұрақ екен ғой» деп ойлап көңілденіп қувнып қалды.
«Дүниенің бәрі байлықтан» деп ойлайтын олар, енді өз байлықтарын мадақтағандай:
– Әрине, тақсыр, жомарттық байлықтан туады, – деді жамыраса, егер байлық, болмаса, ниеттен не шықпақ. Ниетте тұрған түкте жоқ. Жомарт байлықтан, – дейді.
– Жоқ, уәзірлерім, сендер дұрыс жауап бермедіңдер. Жомарт – байлықтан емес, ниеттен туады. Егер ниетің болмаса, қанша бай болсаң да жомарт емес сараң боласың, – деді хан күле.
– Жоқ, тақсыр, сіз қате айтасыз. Жомарт байлықтан. Егер қолыңда түгің жоқ болса, қанша ниетің болғанмен қалай жомарт болмақсыз. Неғұрлым бай болсаңыз соғұрлым жомарт боласыз. Ендеше жомарт болу байлықтан.
– Жоқ, уәзірлерім, таласпаңдар жомарт ниеттен.
– Жоқ, тақсыр, жомарт байлықтан.
Сүйтіп хан мен уәзірлерінің арасында келіспеушілік туып, хан уәзірлеріне, уәзірлер ханға көнбеді. Хан біраз ойланып отырғаннан кейін уәзірлеріне:
– Шырақтарым, егер сендер олай десеңдер жеті күн той жасап, елге шүлен таратыңдар. Кемпір болсын шал болсын, қайыршы болсын елдің сұрағанын беріңдер. Егер сендердің тойларың мен шүлендерің жақсы өтсе, онда жомарт – байлықтан деп патшалығымның жартысын берем. Егер осы айтқанымды орындай алмасаңдар онда жомарт – ниеттен деп есептеймін.
– Құп болады тақсыр – деп, екі уәзір басын иіп шығып кетеді.
ІІ
Тойға деген дайындық бітіп, керемет дегендей Қасым мен Манаптың жеті күндік тойы басталды да кетті. Жеті күн қызық думан той болып, елдер көшекөшеге лық толды. Уәзір тойы басталды дегенге жас демей, кәрі демей халықтар жержерден, түкпіртүкпірден жиналды. Уәзірлер хан айтқандай елдерге шүлен таратады. Тойдың алты күні өтіп жетінші күні дегенде хан үйінде отырғысы келмей, қызметшісіне көк ешек қайыршының киімін алғызды да, дыюананың киімін киіп, көк ешекке мініп, басына аққудың терісін жамылып, (ол уақытта дыюаналардың белгісі басына аққудың терісін жамылады екен), қызметшісіне ешкімге айтпауға бұйырып бірнеше алтын ақша берді де, жолға шығып жүріп кетті.
Көк ешек мінген басына аққудың терісін жамылған диуана бірінші уәзір Қасымның есігінің алдына келіп:
– Ақ, мың ділдәдан кем берсең алмаймынақ, – деп айғай салды.
Мұны естіген қыметшісі бұл сөзді Қасымға жеткізді. Қасым: «Әй, бұл үйде кісі сыймай отырғанын өзің көріп тұрсың кісісі аз ғой анау Манаптыкіне барсын». Қызметші үйден жүгіріп шығып: «Әй, дыюана мұнда кісі көп анау Манаптыкіне бар. Білдің бе? Онда кісі аз», – деді.
– Ең болмаса нан ауыз тигізсін, – деп, айтты де шырағым. Қызметші бұл сөзді де Қасымға жеткізді. «Ой, сол диуаналарақ нан тілейді де жүреді екен. Ана нанның қалдығын апарып бер», – деп, Қасым дастархан үстінде жатқан нанның күйіктерін көрсетті. Қызметші нан күйіктерін жинап әкеп, диуанаға берді. Диуана оны таза бір шүберекке орады да дорбасына салып жүріп кетті. Диуана екінші уәзір Манаптыкіне келді де:
– Ақ, мың ділдәдан кем берсең алмаймынақ, – деп айғай салды. Мұны естіген Манап өзі шығып: «Қария мұнда кісі сыймай отыр, бос қой анау Қасымдыкіне барсаңызшы», – деді.
– Қарағамай, нанда болса ауыз тигізсеңші.
Манап қайтіп үйге кірді де қызметшісінен бір үзім нан беріп жіберді. Диуана оны ақ орамалға түйіп, дорбасына салып алып жүріп кетті. Оның қайда барғанын кім білсін, сол кеткеннен басқа бір жаққа кете барды.
Ертеңіне уәзірлердің жеті күндік тойы бітіп «Уһ» – деп, бір демалысты да, енді ханды жеңген шығармыз жарты хандық біздікі болатын болды ғой деп екеуі ханға келді. Келсе хан баяғы қалпында, баяғы түрінде отыр екен. Ханға бас иіп, екеуіде «алдярлап» сәлем берді. Хан уәзірлерінің сәлемін алып: «Я, уәзірлерім тойларың қалай өтті», – деді күлімдеп.
– Я, тақсыр, жеті күндей той жасап, елге шүлен тараттық. Өте жақсы өтті, енді сіздің жарты хандығыңыз біздікі болмақ.
– Жарайды болсын, бірақ, сендер жомарт неден деп таптыңдар.
– Әрине, тақсыр «жомарт» байлықтан болды ғой енді.
– Жарайды болсын. Енді сендерге тапсыратын бір жұмысым бар. Ол мынау: «Менің бүгін түнде жақсы дөнен қойларым жоғалды. Сол қойларымды бүгін тауып әкеліңдер және ұрлаған кісіне де ұрмай соқпай, тиместен алып келіңдер. Егер оны алып келсеңдер хандығымды түгел беремін», – деп, қойларының түртүстерінің бәрін айтып берді.
– Құп, тақсыр, – деп, хандығымды түгел беремін дегенді естіген уәзірлері атқа мініп, көшені аралап, шаба жөнелді. Қасым мен Манап қойларды еш жерден таппай, әбден шаршап, енді базарға баралық одан таппасақ, қайталық, ертең іздерміз деп базарға келді. Базарға келсе топ саудашының ңшңнде бір жас бала жеті қойдың терісімен етік сатып тұр екен. Уәзірлер терілерін анықтап қарап тура ханның айтқанындай жеті қойдың терісі екенін таныды да «Ә, ұры бала сен бе едің» деп бас салып сабай бастады.
– Ағатайларай мен ұры емеспін, бұл өз қойым, өз еңбегім жіберіңіздер шынымды айтамын, – деп бала зарлап босанғысы келгендей бұлқынады.
– Өмір үніңді, иттің баласы. Хан қойларын ұрлауыңмен қоймай, оны сойып жіберіп сатып тұрғанын. Тағы өзі «мен емес жібер» дейді ғой. Міне саған жіберген, – деп, Қасым баланы тартыптартып жіберді. «Ағатайларай, мен ұры емеспін» – деп безектейді жас бала. Үйіріле соғылған қайы қамшы тызтыз етіп, баланың етін пышақпен кескендей қылды. Бірақ, зарлаған балаға жан ашыр уәзірлер ме «міне саған ұры емес, міне саған ұры емес», – деп ұруды үдеткенүстіне үдетеді.
Уәзірлер жеті теріні және баланы алып ханға келді.
– Алып келдік тақсыр. Қойыңызды ұрлаған бір жетім бала екен. Есік алдында тұр, – деді жарыса сөйлеген уәзірлер.
– Әкеліңдер, баланы бері, – деді хан екі уәзіріне. Екі уәзір далаға жүгіре шығып баланың екі қолынан сүреймүйрей, терімерісімен ханға алып кірді. «Тақсыр, қойларыңыз мынау ма?» – деп екеуі жеті теріні бірінен соң бірі көтерді. «Дәл өзі» – деді хан шіреніп.
– Ол емес тақсыр, бұл менің өз еңбегім, – деп бала зарлап жылап қоя берді. Хан баланың бетіндегі қамшының ізінен түскен таңбадан тамшылаған қанды көріп сұрланып кетті.
– Иә, уәзірлерім. Айтқанымды орындап сабамайақ алып келіпсіңдер, – деді хан мысқылдап. Қане, баланың арқасын көрсетіңдерші маған. Қасым барып баланы теріс айналдырды да, жейдесін көтеріп баланың арқасын көрсетті.
Хан баланың арқасының білеубілеу болып ісіп кеткенін көріп күрсінді де, баланы алдына шақырып алып:
– Қарағым мына қойларды қайдан алдың, – деді.
Бала ханның қарағым дегеніне іші жылып кетіп, жылағанын қоя салды да:
– Тақсыр, бұл менің табан ақы, маңдай теріммен тапқан малым. Мен ұры емеспін тақсыр, – деп, әңгімесін бастады.
ІІІ
– Құрметті тақсыр, менің әкем жас кезімде қайтыс болды да содан ес білгенге дейін шешем асырап келді. Мен ес білгеннен кейін шешемнен де әл кетіп ауырғыш болып алды. Ақыры жоқшылықтың зардабынан Кенбай деген байға жеті жасымнан бастап қой бағатын жалшы болып орналастым. Жаста болса ерінбей қарамағымдағы қойларымды өте жақсы күтіп, баптап өсірдім. Қыстан да малдарым күйлі, жардай семіз болып шықты. Содан Кенбай байдың қадірлі жалшысының бірі мен болдым. Малдарды өлтірместен өте жақсы өсіргеніме ол маған жылына бір қойдан ақымды төлеп тұрды. Кенбай байдың қолында алты жыл жұмыс істеп, ақыма алты қой алдым. Ақырғы жетінші жылдың аяғында мен басқа жаққа жұмысқа тұрмақшы болып ол кісіден сұрандым. Ол кісі әреңәрең қимастан мені босатып ақырғы жылыңның еңбегі деп бір қой, оған қоса «жеті жылда бірде бір қойымды өлтірмей аман, күйлі ғып өсіргенің үшін сыйлығыңа алты қой бердім» – деп, жеті қой берді де маңдайымнан сүйіп аттандырды. Сүйтіп жеті қойды айдадымда үйге әкеп қораға кіргізіп қойдым. Сол күні кеште есік алдында отын жарып тұр едім астына көк ешек басына аққу терісін жамылған диуана келіп:
– Қонақпын қарағым, – деді.
– Қонақ болсаңыз қоныңыз, үй міне қария деп үйді көрсеттім. Мен ес білгелі келген бірінші қонақ еді. Сондықтан мен оған дыюана болсада қатты қуандым. Бұрын «біздікіне өмірі қонақ келмедіау», – деп режуші едім. Енді қонақ келгеніне әкем қайта келгендей қуандым. Диуананы үйге кіргізіп, астына жалғыз көрпемді салдым. Қонақ аты, жөнімді, не жұмыс істейтінімді және тұрмысқа байланысты сұрақтар берді. Мен жауап беріп, өз атыжөнін сұрауға ұялып далаға шығып кеттім. Жеті қойдың бірін әкеп шешем екеуміз сойып, басын үйтіп қазанға салғалы жатқанымда әлгі диуана:
– Ол не қарағым, – деді. Мен:
– Қария сізге сойған қойымыз еді. Соның басын асқалы қазанға салып жатырмын, – дедім.
– Жоқ, қарағым мен ет те жемеймін, бас та мұжымаймын, сорпа да ішпеймін, тек күніне он төрт бүйрек жейтін адаммын. Ол сыйыңа рахмет қарағым, – деді.
– Мұнысы қалай болды екен ә, күніне он төрт бүйрек жесе онда мұның диуана емес, бай болғаны ғой. Әлде осы – қызыр болмаса кетті, – деп іштей таңдандымда шешеме барып қонақтың сөзін айттым. Шешем өте жомарт кісі еді.
– Қарағым он төрт бүйрек дәл болғандай жеті қойың бар. Соны соя ғой азар болса ертең терісі мен етін сатып жеті қойдың орнын толтырып алармыз, – деді.
– Жарайды апа, олай болса, менде сіз осыны айтса екен деп тұр едім, – деп, он төрт бүйрекке жеті қойды дәл дегендей тапқаныма өте қуандым да, қойларды шетінен әкеп соя бердім. Шешем қойлардың етін жөндестіре берді де мен он төрт бүйректі алып, тазалап жуып қазанға салғалы жатыр едім, әлгі диуана қонағым тағыда:
– Ол не қарағым қазанға салғалы жатқаның, – деді.
– Ата сізге пісіргелі жатқан он төрт бүйрек қой дедім.
– Жоқ, қарағым Қасен өзіме бер бүйректеріңді, мен біреудің пісіргенін жемеймін өзім орманға барып, кішкентай шөңкеме пісіріп жеймін.
Қонағымның айтқан тілегін орындап он төрт бүйректі орамалына орап, түйіп дорбасына салып бердім. Түнімен ол кісі бізбен бірге болды. Шешем екеуміз ет асып жедік. Қонағымыз айтқанындайақ асымыздан ауыз тиген жоқ. Ақыры ұйықтайтұғын мезгіл жетті. Қонағымызға бар көрпемізді төсеп, өзіміз бар киімдерімізді жамылып жата кеттік. Ертеңіне ерте тұрып қарасақ қонағымыз жоқ, таң сәріден тұрып кетіп қалыпты. Шешем екеуміз аңтаң болдықта қалдық.
Енді мен бүгін сол жеті терімен еттерді сатқалы тұр едім екі уәзіріңіз келіп «сен ұрысың» деп базардың ортасында өлердей ғып сабап сізге алып келді. Енді не істемекпін, үкім сіз не айтсаңыз болғаны да тақсыр. Бірақ, мен бұл қойлар табан ақы маңдай терімнің еңбегі деп айта аламын, – деп бітірді бала сөзді.
– Үй, мына тазша не дейді сен ұрысың білдің бе? Сен ханды ұрладың, – деп, зекіп айғай салды Манап. Хан Манапты тоқтатып:
– Мына бала былай айтып тұр. Бірақ, мына жеті терілер менің жеті қойымның терісі. Сендер қалай қарайсыңдар бұған, – деп, хан екі уәзіріне қарады.
– Я, сіздікі тақсыр, мына тазша ұры, – десті екеуі.
– Дұрыс солай болсын. Енді сендер бұған қандай жаза қолданғанды дұрыс көресіңдер?
– Мен айтайын тақсыр, – деп Қасым басын төмен ие тәжім етіп түргелді. Бұл ұры тазшаны хан мүліктерін ұрлағандықтан ат құйрығына байлап таутасқа соғып өлтіру керек.
– Жоқ, ол онша қызық емес, одан да жарым беліне дейін жерге көмдіріп, басы мен кеудесін балаларға ұрғызып өлтірсек сол қызық болар еді, – деді Манап.
– Екеуіңніңде жазаларың өте қызық және өте дұрыс екен. Ол үшін сендер мынау айтқан Кенбай байды тауып алып келіңдерші анығын білейік.
– Құп болады тақсыр.
IV
Ханның екі жағында екі уәзірі. Оң жағында Қасым да, сол жағында Манап. Хан алдында тұрған Кенбай Қасеннің түріне тесілетесіле қарап кейігендей аяушылық кейіп білдірді.
– Неге алдырдыңыз тақсыр, не жазығым бар еді? – деді Кенбай. Баланың түріне қарап менде жазықты екенмін ойлады ол.
– Ешқандай да жазығың жоқ, бірақ, сен ана жеті теріні танисың ба? – деп, хан бұрышта жатқан терілерге қолын созды. Кенбай терілерді аударыстырып көріп:
– Танимын тақсыр, – деді.
– Танысаң кімнің қойының терілері?
– Ол мен мына балаға әнеу күндері жеті жылда аянбай еңбек еткені үшін сыйлыққа берген алты қой мен бір қойдың терілері тақсыр.
– Шын айтқын, өз қойың ба?
– Өз қойым тақсыр, өтірік айтсам ант атсын.
– Өте дұрыс, – деді де хан бір дорба алып, оның ішінен түюлі үш ақ орамал алды да үстел үстіне шешіп қойды. Сарай іші жымжырт. Тыныштықты тек Қасен ғана бұзды.
– Мынау менің он төрт бүйрегім ғой, ой аллай, – деп, айғайлап жібергенін өзі де сезбей қалды.
Үстел үстіндегі бірінші орамалда нандардың күйігі, екінші орамалда бір тілім нан, үшінші орамалда қызыл алтынша жарқырап, алтыннан жасалған торғайлардай болып, он төрт бүйрек жатты. Екі уәзір өздерінің нандарын танып, екі беттеріне от басылғандай қызара күйіп, ұялғаннан төмен қарап кіріп кетерге жер таппады.
– Көрдіңдер ме? – деді хан уәзірлеріне қарққарқ күліп, сен екеуің менің хандығымды түгел алатын болдыңдар ғой.
– Я, уәзірлерім – деді хан, мен сендерге бұйрық бергеннен кейін жетінші күні диуана қалпына түстім де астыма ақ ешек мініп, басыма аққудың терісін жамылып, сендердікіне барып мың ділдәдан сұрадым, бірақ, сендер мың ділда емес мына жақсы нандарыңызды бердіңіздер. Содан шығып отырып мына Қасен баланыкіне бардым. Рас ол мен едім. Қасен мені өте жақсы сыйлады. Мен одан он төрт бүйрек сұрағаным, далаға шыққанда қорада тұрған жеті қойды көріп «ниеті болса берер» деп он төрт бүйрек сұрағанымда рас. Қасен ешбір ренжіместен жеті қойын бірдей сойып он төрт бүйрегін алып берді. Сонда қондымда білдірместен таң сәріден тұрып кетіп қалып, сарайыма кеп, хан қалпыма түстім де тағыма кеп отыра бердім. Қасен мен шешесінің сөзінде естіген едім де, базардан табылар деп сендерді жұмсаған едім. Иә, табылады да. Мен сендерге ұрмайсоқпай алып келіңдер десем сендер өлімші ғып әкелгесіңдер. Ол ұры емес жомартым…м…м уәзірлерім сүйтіп жомарттық байлықтан емес, ниеттен болғаны ғой ә!
– Жоқ, тақсыр біз сіз екеніңізді білмеген едік.
– Доғар сөзді, сендер менің хандығымды емес, жомарттықтарыңды сыйлаңдар. Хан екі уәзірді тырдай жалаңаш қып шешіндерді де, «өзіңді қалай ұрса мына екеуін солай ұр», деп Қасенге алтындаған қызыл сапты қамшы берді. Қасен бір жағынан қуанғандықтан, бір жағынан ашуланғандықтан қамшымен екеуін әбден әлі бітіп шаршағанша сабады. Уәзірлердің бұрын дақ түспеген ақ денесі білеубілеу боп ісіп адам көргісіз болды.
– Ал, уәзірлерім, менің хандығымды ол дүниеге барғанда аларсыңдар. Балаға кескен жазаларың өздеріңе кесілсін, – деп хан орда кісілерін шақыртты да: «Қасымда ат құйрығына таңып таутасқа соғып өлтіріңдер. Өздерінің тілеген жазасы осы», – деп, бұйрық берді…
V
Хан екі уәзірді өлтірткелі жатыр екен деген хабар бүкіл шаһарға тарап, ертеңіне жаза кесілетін алаң халыққа лық толды. Бір уәзір ханның жарлығын халыққа айқайлап оқып берді.
– Ой, дұрыс істелген өте дұрыс істелген.
– Жойылсын жауыз уәзірлер.
– Ризамыз.
– Тез жазалаңдар қызығын көрейік деген дауыстар алаңның әр жерінен жаңғырыға шығып жатты. Алаңда үлкен тыныштық, тек бірнеше жендеттер келіп Қасымды үлкен қара аттың құрығына жалғастырып байлады да, атқа бір жендет мініп алып Қасымды сүреймүйрей тауға қарай шаба жөнелді. Енді жендеттер Манапты барып жұлмалай бастады. Жендеттер оны дайын тұрған шұңқырға әкеп белуарынан көме бастады. Көміп те бітті. Бір шеттен өңшең бір келкі ақ жидедамбал киген балалар жүгіре шығып үйілген тастың жанына тұратұра қалысты.
– Алыңдар қолдарыңа тасты, – деп әмір етті жарлық оқыған уәзір. Балалар жерден тас алды.
– Ал ұрыңдар.
Жанжақтан ұшқан тастар тарыстұрыс етіп Манапқа соғылып жатыр. Манапта айқайлауға шама жоқ. Ыңырсыйды. Бір уақыттарда үйілген тастар Манапты да көрсетпей кетті. Хан айтқандай Қасым мен Манап ол дүниенің хандығына кетті де, үлкен той болып, жомарттығының арқасында шешесі екеуі жетпеген дәулетке жетті. Ақыры қартайып, өлімі жетіп ханда өлді. Қасен өмірде болмаған той жасатып хан орнына хан болып, елдеріне әділ қарайтын жер үстіндегі әділ ханның бірі болыпты.