Ат бағушы құл

Ат бағушы құл
Бұрынғы заманда бір әмірлі ханның үш тұлпар аттары болып, ол тұлпар аттарын өзінің бір өте сенімді құлына ғана бақтырады екен. Хан сейілге шығарында, ханның мінемін деген тұлпарын атбағушы құлы ерттеп әкеп беріп, кешке құл тапсырып алып тұрады екен. Хан әлгі сенімді құлына өтірік айтпайды деп өте қатты сенеді екен.
Бір күндерде, ханның ордасында барлық уәзірлерімен өзара кеңесіп отырғанда хан отырып, менің тұлпарларым бағушы құлым өмірінде өтірік айтпайды, мұндай өтірік айтпайтын адам болады екен депті.
Сонда қасында отырған бас уәзірі: Тақсырау өтірік айтуға тура келгенде өтірік айтпайтын адам баласы бола ма екен? Ол құлыңызыдың өтірік айтуына тура келетін істер кезікпей жүр ғой депті. Сонда хан, ол құлым өліп кетуіне хайыр өтірік айтпайды. Ол жөнде мен қатты сенемін депті. Сонда уәзір тұрып:
– Тақсыр, сол құлыңызға өтірік айтқызсам қайтесіз, – депті. Сонда хан тұрып, «егерде сен сол құлыма өтірік айтқызсаң мен орнымнан түсіп хандығымды саған беремін, егер өтірік айтқыза алмасаң басыңда аламын», – депті.
Бұл сөзге уәзірде келісіп, құлыңызға үш­төрт күн ішінде өтірік айтқызамын деп, уәзір ордадан шығып үйіне келіпті. Уәзірдің ай десе ай емес, күн десе күн емес, өте сұлу үш қызы бар екен. Уәзңр үйіне келген соң қыздарын шақырып алып, «балаларым, мен ханман осындай уәде тоқтам жасап келдім, ханның ана үш тұлпарын бағатын құлына бір ауыз өтірік айтқыза алсақ, құдай жарылқап мен хан болдым, ал енді өтірік айтқыза алмасақ үш балам әкеңнен үміт қылмаңдар, мен өлген кісі», – депті. Сонда қыздары отырып, ойбай іс қиынға айналыпты ғой, енді ол құлға қалай өтірік айтқызу керек депті. Сонда уәзір тұрып, «балаларым сендер әкеміз өлімнен аман болып, мұрадына жетсін десеңдер, оның оңай», – депті.
Сонда қыздары, ойбай, ол құл бізбен байланысты өтірік айтатын болса, ол үшін көрсеткен ақылыңызға біздер даярмыз ғой депті. Сонда уәзір тұрып:
– Балаларым ол жөндегі ақылым, бүгіннен бастап ол құлдың ат бағып тұрған жеріне үшеуің үш түн қонақ болыңдар. Сендер әрқайсың ол құлмен бір кеш бірге жатып, бұйымтай сұрағанда, бағып тұлпарының бірінің басын сұрап, үшеуің үш түнеп, сол үш тұлпардың басын кестіріп әкелсеңдер, ол құлда өтірік айтпайтын шара қалмайды, – депті. Бұл сөзге қыздары «мақұл» деп бірінші күні үлкен қызы түрліше асыл киімдерді киіп, хош иісті майларды жағынып, бейне бір перінің қызы сияқтанып, атбағушы құлдың жататын үйіне келеді. Айдай болып сұлу қыз қасына жетіп келгенде құл недерін білме алмай, «ханшайым жолыңыз болсын», – депті.
Сонда уәзірдің қызы әкесінің үйретуі бойынша «мен бас уәзірдің қызы едім. Өзіміз теңдес уәзір, бек ханзадалардың балалары жастық махаббатпен ойнап­күлелік деседағы, солардың өмір махаббәтінан сіздің күніңізді артық көріп, сізге көптен бері жан­діліммен ғашық болғанымнан, сіздің қасыңызға бір түнеп шықсам деп, әдейі іздеп келіп едім. Егер рұқсат болса», – депті.
Сонда құл қанышаға, «ойбаяу сіздің мұндай ойыңызға мен даярмын», – деп, ол түнді екеуі тамашамен өткізіп, қыз тәңертең үйіне қайтпақшы болғанында, құл тұрып «я ханышам көңілге алған бүйімтайыңыз бар ма?», – депті. Сонда уәзірдің қызы менің сұрағанымды беретін болсаңыз бүйімтайым бар депті. Сонда құл тұрып «көңіліңізде не болсада орындаймын демедім бе, не сұрағыңыз болсада айтыңыз», – депті.
Сонда уәзірдің қызы: «тілегім тұлпардың бірінің басы еді» дегенде, құл сөзге келместен, бір тұлпарды алып ұрып, басын кесіп, бере салыпты. Уәзірдің қызы басын алып үйіне барыпты. Ханның қызы кеткеннен кейін құл бұрынғы әдетінше ханға барып, тақсыр тұлпарлар аман деп аттардың амадық хабарын бере алмай ол күні қалған екі атын бағып, жата беріпті. Екінші күні кешінде уәзірдің екінші қызы ханның құлына қонаққа келіп, әкесінің үйретуі бойынша алдыңғы тәтесі сияқты түрліше киімдерін киіп келіп, перінің қызындай болып келіп, қонақ болып түнімен бірге жатып, ертеңінде қайтарда екі тұлпардың бірінің басын кестіріп алып, әкесіне келіп баяндап беріпті. Үшінші күні кешінде уәзірідің кіші қызы алдыңғы тәтелері сияқты ат бағушы құлға келіп, қонақ болып, түнімен бірге жатып, ертеңінде қалған үшінші тұлпардың басын кестіріп алып кетіпті. Атбағушы құл үш күнге дейін ханға бара алмай төртінші күні ханға барып, аттардың амандық хабарын бермекші болыпты. Ханға не айтарын біле алмай, басындағы бөркін төр алдына қойып, бөркін хан қылып қойып, өзі бұрынғы әдетінше есіктен кіріп келіпті.
– Е, үш күннен бері қайдасың, тұлпарлар аман ба?
– Е, тақсыр, тұлпарлар түгел аман, сабындап жуылды, – деп тұрып, басын шайқап, «жоқ мұным болмайды екен» деп, сыртқа шығып кетіпті. Екі рет қайтып оралғанда бөрік:
– Е, үш күннен бері неғып келмедің, тұлпарлар аман ба? – дейді. Сонда құл:
– Е, тақсыр, тұлпарлар дақ бұрынғыдай емес, үш күннен бері жем­шөп жемей қатты ауырып тұр дейді де, жоқ деп, басын шайқап, бұл да болмады, – деп тағыда далаға шығып кетеді. Осылайша әлденеше қайталап және кіріп келіп, хан болып:
– Е, сен үш күннен бері неғып келмедің? Тұлпарлар аман ба? – дейді. Мұнан кейін өзі бала болып:
– Е, тақсыр тұлпар көңілдегідей аман емес. Себебі, тұлпардың үшеуіде ауырып, біреуі бүгін өліп кетті деп тұрып, басын шайқап­шайқап, жоқ­жоқ, бұл да болмады, болмады, – деп және далаға шығып кетіп, төртінші рет қайтып келіп тұрып, хан болып:
– Е, сен үш күннен бері неғып келмедің? Тұлпарлар аман ба? – дейді. Кейін өзі болып:
– Е, тақсыр тұлпарлар аман емес. Өзі хан болып:
– Е, не болды, тұлпарлар ауырып қалды ма? Не болды депті?
Сонда атбағушы құл:
– Тақсыр аттар ауырған жоқ, бірақта, үшеуіде тірі емес, үшеуіде өліп қалды. Хан болып:
– Ой мынау не сандырақтап тұр, ауырмаған аттар өлуші ме еді, ой, не дейсің? – дейді. Өзі болып:
– Тақсыр, қайран тұлпарлардың үшеуіде ауырмай­ақ өліп кеткені рас – депті. Өзі хан болып:
– Ауырмай қалай өлді, сен мас болып тұрмысың? – дейді. Өзі болып:
– Тақсыр, хан кессеңіз міні басым, сіздің уәзіріңіздің үлкен қызы маған қонаққа келіп, ол маған ғашық екен, менімен бір түн бірге жатты. Ертесіне қыз үйіне қайтар кезінде мен қыздан небүйімтайың бар деп сұрағанымда, маған мына бағып тұрған тұлпарыңның басы қажет деп сұрады, сонда сонда мен сөзге де келмей тұлпардың бірінің басын кестім де қызға беріп жібердім. Сонан екінші күні кеште сіздің уәзіріңіздің екінші қызы келіп, менімен тағыда бір түн бірге жатып, ол қызда қайтарында бір тұлпардың басы қажетт еді деп сұраған соң, оғанда бір тұлпардың басын кесіп бердім. Сонан өткен түні уәзіріңіздің үшінші қызы келіп, ол қызда бір түн менімен бірге жатып, ертесін енді қалған бір тұлпардың басын сұраған соң, қалған бір тұлпардың басын оғанда кесіп беріп жібердім, – деп, бөркін алып, басына киіп, бұрынғы әдетінше өзінің хан ордасына барып, ханның уәзір бектерімен кеңесетін үйіне кіріп келгенінде ханның бас уәзірі ішінде, өзге уәзірлері және бар, қанша адамдарымен хан ордасында отыр екен.
Сонда хан атбағушы құлына:
– Е, сен үш күннен бері қайдасың, тұлпарлар аман ба? – депті. Сонда атбағушы құл:
– Тақсыр, тұлпарлар аман емес, қайран тұлпарлар аман болмай қалды ғой – депті. Хан ашуланып:
– Е, не болып қалды? – дейді. Құл:
– Тақсыр, хан сіз кесу үшін басымды даярлап келдім. Ол тұлпарларың аман болмаған себебі мұнандай еді депті:
– Осыдан үш күн бұрын, кешінде сіздің бас уәзіріңіздің үлкен қызы маған келіп, қонақ болып, екеуміз бір түн бірге жатып, қайтарында не бүйімтайың бар? – деп сұрадым. Менің бүйімтайым өзіңнің бағып жүрген тұлпарларыңның басы деген соң, мен бір тұлпардың басын кесіп беріп жібердім. Сонымен ертеңгісі кешінде уәзіріңіздің екінші қызы келіп, қонақ болып, менімен бір түн бірге жатып, ол қызда қайтарында, менің қажетім тұлпардың бірінің басы еді деген соң, оған тағы бір тұлпардың басын кесіп беріп жібердім. Сонан кейін түні кешкісін уәзіріңіздің үшінші қызы келіп, қонақ болып, менімен бір түн бірге жатып, бағана қайтар кезінде ол да бір тұлпардың басын сұраған соң қалған тұлпардың басын кесіп беріп жібердім. Басымды үш тұлпардың басы үшін алдыңызға әкеліп тұрмын, – депті.
Сонда ханмен бәс қылған бас уәзір қалтырап, дірілдей бастапты. Хан үш тұлпарының бірдей өліп кеткеніне ренжіп, отырған көпшілікке уәзірімен болған бәстерін баяндап беріпті. Сонан кейін жендеттерін шақырып, бас уәзірдің басын алғызып тастап, оның орнына атбағушы құлды бас уәзір етіп сайлапты. Ат бағушы құл өтірік айтпағандықтан ақыры мұрадына жетіп, уәзір болып өмір өткізіпті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *