АНТОНОВКА

АНТОНОВКА — көне қала орны. Алматы обл. Қойлық (бұрынғы Антоновка) а-ның шығыс шетінде Ащыбұлақ өз-нің жағасында орналасқан. 1964 ж. Жетісу археол. экспедициясы, 1997 ж. Оңт. Қазақстан археол. экспедициясы (жетекшісі К. Байпақов) зерттеген. Қаланы қоршаған дуалдың биікт. 3,5 — 4,5 м. Бұрыштарының сұлбасы дүниенің төрт құбыласымен бағыттас орналасқан төртбұрышты төбе. Солт.-шығыс қабырғасының ұз. 1200 м, оңт.-батыс қабырғасының ұз. 750 м. Сыртқы қабырғасының бойында, бір-бірінен 30 — 40 м қашықтықта орналасқан дөңгелек мұнаралардың қалдықтары сақталған. Олардың кейбіреулерінің қазіргі биікт. 6 — 8 м-ге жетеді. Қазба жұмыстары кезінде жиналған материалдар: қыш ыдыстар, шынылар, белбеу тоғалары қаланың 8 — 14 ғ. аралығында өркениет орталығы болғанын көрсетеді. Қала жұртында зерттеу жүргізген ғалымдар А-ны 12—13 ғ-да Қарлұқ мемлекетінің астанасы болған Қаялық қ. болуы мүмкін деген болжам айтады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *