АНТИЯДРОЛЫҚ КОНГРЕСС

АНТИЯДРОЛЫҚ КОНГРЕСС — ядролық жарылысқа қарсы 1993 ж. 30 тамызда Алматыда өткен халықаралық конгресс. Оған әлемдегі ядролық жарылысқа қарсы одақтар мен ұйымдардың өкілдері қатысты. Конгрестің жұмысы негізгі үш тақырыптың аясына топтастырылған. Олар: ядролық қаруға қарсы үкіметтік емес жолдармен күресудің әдіс-тәсілдерін айқындау, ядролық сынақ алаңдары мен оның маңайындағы экол. ахуал және атом жарылыстары зардабына ұшыраған аймақтардағы халықтың денсаулығы мәселелері. Конгресте ядролық сынақтардан зардап шеккен және әлі зардап шегіп отырған аймақтардағы халыққа көмек көрсету үшін БҰҮ қамқорлығымен халықаралық қор құру туралы ұсыныс жасалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *