Телерадиодағы журналистерді тіркеу тәртіптері.

  1. Телерадиодағы журналистерді тіркеу тәртіптері.

 

         БАҚ мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың келісімі бойынша олардың жанында өз журналистерін тіркей алады. Журналист тіркелген мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдар оны өткізілетін отырыстар, кеңестер және өзге шаралар жөнінде оған алдын ала хабарлауға, стенограммалармен, хаттамалармен және өзге де құжаттармен қамтамасыз етуге міндетті. Жабық шара өткізу туралы шешім қабылданған жағдайларды қоспағанда, тіркелген журналистің өзін тіркеген мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдар өткізетін отырыстарға, кеңестерге және басқа да шараларға қатысуға құқығы бар.

         Егер журналист тіркеу ережелерін бұзса не өзін тіркеген мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратса, оның тіркелуі күшін жоюы мүмкін. Журналистерді тіркеу ережелерін уәкілетті орган белгіленген тәртіппен бекітеді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *