Жарнама туралы заңның негізгі ерекшеліктер

  1. Жарнама туралы заңның негізгі ерекшеліктері.

 

         Нарықтық қоғамда жарнама актуальді түрде кеңінен пайдаланылады. Тапсырыс пен сұраныс экономикада шешуші рөл атқарады. Тауар жөніндегі ақпарат тұтынушылар үшін үзбей дайындалып, жарнама арқылы жұртшылыққа жарияланып отырады.

         Бұл ретте бұқаралық ақпарат құралдары жарнама беруде зор рөл атқарады.

         Газеттегі жарнама тақырыптық, идеялық, мәтіндік, көріністік элементтерді құрайды. Мұндағы жарнама бірден көзге түсетіндей болуы керек. Бірақ онда берілетін мәліметтерді тым көбейтіп жібермеген жөн, өйткені көпсізділікке ұрынған жарнаманы жұртшылық оқи бермейді. Сондықтан жарнама мәтіні қысқа да анық, ұғымды шатыстырмайтын, тек негізгі айтпақ нәрсені ғана арқау етуі керек. Сенімді де, дәлелді болуы тиіс. Газеттер жарнама бергенде мәтінге қоса тауарлардың суретін де беруі мүмкін, сосын тақырыпқа, одан кейін мәтінге қарайды, көз жүгіртеді. Сонымен бірге жарнама тақырыбы ірі әріптермен берілсе, бірден көзге түсетіні белгілі. Бұған қоса жарнама мәтініндегі ең негізгі айтылмақ мәселе де ірілеу әріптермен терілсе, назар аударуға қолайлы болмақ.

         Ал телерадиодағы жарнаманың өз орны бөлек. Телевидение жыл сайын 30 мың жарнамалық роликтерді бере алады. Телевидениенің жарнама беру эффектісі жоғары деуге болады. Себебі, телевидениенің өз ұтымдылықтары бар. Егер газет жарнамасы дәлелдеуге, сендіруге тырысса, телевидение әртүрлі көрініспен, музыкамен, сөзбен баурап әкетеді. Бұл процесс адамның психологиясына тез әсер етеді. Сондай-ақ экрандағы қозғалыстың да себі әжептәуір.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *