БАҚ-ты құруға ҚР заңдарына сәйкес жеке заңды тұлғалардың құқығы болады. Заңды тұлғаның – ҚР-дағы БАҚ меншік иесінің немесе осы саладағы қызметті жүзеге асырушысының акцияларының 20 проценттен астамын шетелдік және заңды тұлғалардың тікелей немесе жанама иеленуіне, басқаруына тыйым салынады. Меншік иесі дегеніміз-БАҚ құралын иелену, билік ету құқығын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға, олардың бірлестігі.
БАҚ меншік иесі тиісті шарт негізінде БАҚ-қа қатысты редакция, редактор, журналист, баспагер, таратушы ретінде іс-қимыл жасауға құқылы. БАҚ редакциясы меншік иесінің тапсыруы бойынша БАҚ-ты әзірлеуді және шығаруды, оның ішінде эфирге шығаруды да жүзеге асырады. Редакцияға редактор басшылық етеді. Меншік иесі мен редакция арасындағы қатынастар жарғымен және шартпен реттеледі.
Сондай-ақ ақпарат агенттіктері де құрылады. Олар ҚР заң актілеріне сәйкес тіркелген, қызметі ақпараттық сипаттағы хабарлар мен материалдарды жинауға, қайта өңдеуге және таратуға бағытталған заңды тұлға. Ақпарат агенттігінің хабарлары мен материалдарында оның атауы мен шығарылған уақыты қоса берілуі тиіс. Ал БАҚ ақпарат агенттігінің хабарлары мен материалдарын таратқанда, жариялағанда оған сілтеме жасауы керек.
Сонымен бірге БАҚ баспагері болады. Ол – БАҚ өнімін өндіруді материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.