ГЛОССАРИЙ

1 ГЛОССАРИЙ

1  АББРЕВИАТУРА – сөздерді  шартты түрде қысқарту немесе оны бастапқы әріптермен белгілеу. Мысалы, АҚШ – Америка Құрама Штаттары.

2  АБЗАЦ – жаңа жолдан әрі кейін шегеріліп басталатын текс бөлігі. Ол бірнеше жолды қамтып, сөйлемдер мағынасын біріктіріп тұрады.

3  АБСТРАКЦИЯ – зат пен құбылыс туралы нақты ойламай, ауытқушылық, дерексіз ұғымға ұрыну.

4  АВТОБИОГРАФИЯ – қандай да бір тұлғаның өмірбаяндық өз туындысы.

5  АВТОР – түрлі салаларда шығарма жасаушы тұлға. Әдебиеттегі, өнердегі, ғылымдағы, т.б. твочестволық еңбек иесі.

6  АГИТАЦИЯ – ауызша немесе баспасөз арқылы қалың көпшілікке идеялар мен лозунгілер таратып, саяси тұрғыдан үгіттеп, әсер ету қызметі.

7  АКСИОМА – дәлелдеуді қажет етпейтін, онысыз да белгілі ақиқат.

8  АКТУАЛЬНЫЙ – бүгінгі күні уақыты пісіп жетілген, тез шешімді қажет ететін, маңызды да, өзнкті мәселе.

9  АЛЬМАНАХ — әр түрлі авторлардың әдеби шығармалар жинағы. Кезең – кезең сайын шығып тұруы мүмкін.

10 АНАЛИЗ – тиісті оъектіні жан – жақты талдап көрсететін, ғылыми – логикалық тұрғыдан ой – топшылаулар жасайтын зерттеу әдісі.

11  АНОНИМ — өз есімін жасырушы шығарма авторы.

12  АРГУМЕНТ – бір нәрсені дәлелдеуге негіз болатын логикалық тұжырым.

13 БРИФИНГ – белгілі бір мәселелер жөнінде үкімет ұстаған бағытты арнаулы өкілдің бұқаралық ақпарат құралдары журналистері алдына шағын мәжіліс өткізіп, баяндап беруі. Мысалы, халықаралық келіссөздерде болған мәмілені мәлімдеу, түсіндірме жасау.

14 БРОШЮРА – шағын көлемдегі шығарма берілген, жұмсақ мұқабамен шығатын жұқа кітап.

15 ВЕРСИЯ – факті немесе оқиға туралы бір-бірінен айырмашылығы бар әрқилы түсіндірмелер, ұғымдар.

16 ВЕРСТКА – терілген материлдар гранкілері арқылы типографияда газет, журнал беттерін дайындау.

17 ВУЛЬГАРИЗМ — әдеби тілде қолданылмайтын дөрекі сөздер.

18  ГОНОРАР – бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдары үшін авторға берілетін қаламақы.

19  ГРАНКА — әлі верстка жасалмаған баспаханалық терімнің бір бөлігі. Әдетте жүз жолдай көлемнен аспайды.

20  ДЕЗИНФОРМАЦИЯ – жалған хабар арқылы жаңылыстыру.

21 ДЕНЬ ПЕЧАТИ – дәстүрлі баспасөз күні. Жыл сайын 28 маусым күні аталып өтеді. “Түркістан уалаяты” газетінің 1870 жылы алғашқы нөмірі шыққан күнге орай белгіленген. Аталмыш мерекелік күні творчестволық арнайы сыйлықтар тапсырылады.

22  ЖАНР — әдеби немесе публицистикалық шығарма түрлері.

23 ЖУРНАЛИСТ – бұқаралық ақпарат қүралдарында тұрақты жұмыс істейтін, арнаулы кәсіби мамандығы бар қызметкер. Оның жұмысы идеологиялық, қоғамдық саланы қамтып, творчестволық тұрғыда еңбек етеді. Отанға, халыққа қызмет етіп, публицистика саласында шығармалар береді. Ішкі-сыртқы мәселелерге белсене араласып, қоғамдық пікір қалыптастыруға қатысады.

24  ЗАМЕТКА – бір оқиғаның, фактінің негізінде жазылатын қысқаша хабар.

25  ИДЕОЛОГИЯ – қоғамдық санадағы идеялар жүйесі, ілім. Саясат, мораль, ғылым, өнер, дін жөніндегі ұғымдар мен көзқарастар жиынтығы. Ол қоғам дамуына белсене әсер етеді. Идеология прогресшіл немесе реакцияшыл болуы да мүмкін.

26  ИЛЛЮСТРАЦИЯ–кітап, газет, журналдар тексіне орай берілетін суреттер.

27  ИНТЕЛЛЕКТ – ақыл, адамның ойлау қабілеттілігі.

28  ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯ – ой еңбегінің адамдары. Мәдениет пен ғылымның әр түрлі салаларынан арнаулы білімі бар адамдар.

29  ИНТЕРВЬЮ – сұрақ-жауап түрінде белгілі бір тұлғаның оқиға мен факті жөнінде журналистке айтқан әңгімесі, сұхбаты. Оның зәру мәселе бойынша пікірлері мен көзқарасын, берген мәліметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін журналистің жазып алуы.

30 ИНТЕРПРЕТАЦИЯ – бір нәрсенің мәнін ашу, ұғындыру,. Қайсыбір текстке түсіндірме жасау.

31 ҚазТАГ – Қазақстан мемлекеттік телегреф агенттігі. Республиканың бұқаралық ақпарат құралдарын информациямен қамтамасыз етеді. Ішкі-сыртқы хабарларды жинап таратады.

32  КАЛЛИГРАФИЯ – анық, әдемі жазу өнері.

33  КОНЦЕПЦИЯ — өмір құбылысына көзқарас білдіріп, тұжырым жасау. Жазушының, ғалымның, журналистің т.б. негізгі түйінді ойлары.

34  КОРРЕКТОР – баспасөз материалдарын баспаханада теру кезінде кеткен қателерді гранкіден, не версткалау кезінде беттерден жөндеп, түзететін қызметкер. Ол саяси, орфографиялық, стильдік тұрғыдан сауатты болуы тиіс. Типографиялық техникадан хабары болуы керек.

35 КОРРЕКТУРА – баспаханалық терімнен кейін оттискіде байқалған қателерді жөндеу.

36  КОРРЕСПОНДЕНТ – бұқаралық ақпарат құралдарының жер-жерден хабар жинап беріп тұратын тілші қызметкері.

37  КОПИЯ – түпнұсқаның тура көшірмесі.

38  КУРСИВ–формалық тұрғыдан қолжазба әріптерге ұқсайтын типографиялық қаріп.

39  ЛЕТУЧКА – редакция ұжымының жедел әрі қысқаша өткізетін өндірістік жиналысы.

40  МАКЕТ – арнаулы бланкіге сызықтар арқылы түсірілген газет беттерінің дәл жасалынған жоспары.Сонын үлгісінде шығатын газет беттері дайындалып ,безендіріледі.

41  ОФСЕТ – типографияда жасалынған цинк қаңылтырдағы газет бетінін бейнесі сол күйінде резина пленкасына түсіріледі де, одан соң қағазға басылатын тәсіл.

42  ОЧЕРК – көркем жанрға жатады, публицистикалық сарында жазылады. Негізінен фактіге құрылады,ойдан шығарылмайды. Оқиға,фактілер зерттеліп,баяндалады. Оныңкейіпкерлері өмірде бар адамдар, нақты деректер баяндалады.Көбіне кейіпкерлер бейнесі суреттеліп беріледі.

43  ПАМФЛЕТ – заманға кереғар, қоғамдық- саяси өмірдегі кейбір келеңсіз құбылысты, сондай-ақ әлдебір жеке қайраткерлер туралы әшкерлеу, келемеж мақсатындағы актуальды да, көркем публицистикалық шығарма.

44  ПАРАДОКС — әдеттегі қалыптасқан жағдайдан бөлек, күтпеген тосын пікір, құбылыс.

45  ПЕТИТ – ұсақ типографиялық шрифтің түрі.

46  ПОЛЕМИКА – баспасөзде, жиналыста бір нәрсеніталқылау кезінде болатын айтыстар.

47  ПОЛИГРАФИЯ – баспа өнімдерінің барлық түрін шығаратын өндіріс саласы.

48  ПРЕССА – мерзімді басылымдар, газеттер мен журналдар т.б.

49  ПРИНЦИП – негізгі идеалға сай ауытқымай іс-әрекет көрсету тәртәбі.

50  ПРОБЛЕМА – теориялық және практикалық мақсаттағы шешімін күткен өзектіде, аса қажетті мәселе.

51  ПРОГРЕСС – алға жылжу, қоғамда неғұрлым жақсы жағдайға жету, дамудың жоғары сатысына  өту.

52  ПРОПАГАНДА – ілімді, саяси теорияны, көзқарасты, идеяны баспасөзде және ауызша түрде тарату мен түсіндіру, насихаттау.

53  ПУБЛИКАЦИЯ – баспасөзде жалпыға арналып жарияланған хабар, жазылған материал.

54  ПУБЛИЦИСТ – қоғамдық-саяси мәселелер туралы қалам тартып жүрген журналист, қаламгер.

55  ПУБЛИЦИСТИКА – мерзімді басылымдарда саясат пен қоғамдық өмір мәселелерінің жазылып,жариялануы. Журналистика саласының материалдары.

56  ПСЕВДОНИМ – жазушы. журналистердің

баспасөзде шын аты-жөнінің орнына ойдан шығарылған бүркеншік есімді пайдалануы.

57  РЕДАКТОР – мерзімді басылымның жетекшісі, редакция коллективінің басшысы. Газет,журналдардың саяси бағытына, идеясы мен мазмұнына, жалпы оқырмандар үшін тартымды шығуына жауап беретін тұлға. Сонымен бірге тиісті мәселелерді шешіп, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуші.

58  РЕКЛАМА – бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әлдебір нәрсені кеңінен білгізу мақсатында жарнамалау.

59  РУБРИКА – газет бетіндегі біріктіріліп берілген материалдарға, сондай-ақ жүйелі түрде жарияланып тұратын кезеңдік материалдарға тағылатын ортақ айдар.

60  СТАТЬЯ – мақалада ірі өмір құбылыстары мен фактілері терең анализ жасалып, теориялық және практикалық тұрғыдан жинақталып, қорытылады.

61  ХРОНИКА — әдетте тақырыпсыз берілетін қысқаша хабар түрі.

62  ЦЕНЗУРА – баспасөзде жарияланатын шығармаларға ерекше бақылау жасау.

63 ЭТИКА – адамдардың моральдық адамгершілік қасиеттер жөніндегі нормалар жүйесі. Отанға, қоғамға және өзара қарым – қатынас мәселелерін, міндеттерін айқындайтын болмыс, әдет-ғұрып.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *