Қотыр торғай

Қотыр торғай
Бұрынғы күнде бір қотыр торғай болыпты. Қотыр торғай шеңгелге қоныпты. Шеңгел қотырын жұлып алыпты. Торғай:
– Қап, сені ешкіге айтармын, – депті. Ешкі дегенін істемесе: «Қап,
сені қасқырға айтармын», – депті. Қасқырға айтса: «Өзім күшіктей алмай жатырмын», – депті. Торғай:
«Қап, сені байдың жылқышысына айтам»,– депті. Байдың
жылқышысы: «Жылқы баға алмай жүрмін», – депті. Оны барып, тұрған байға айтыпты. Бай: «Бие сойып, соны жұмыстап жатырмын», – депті. «Қап, сені қабың тесетін тышқанға айтамын», – депті. Тышқан: «Ін қаза алмай жатырмын», – депті.
– «Қап, сені балаларға айтамын», – депті. Балалар: «Бұзау жая алмай жүрмін», – депті. «Қап сені шешеңе айтам», – депті. Шешесі: «Өрмек тоқи алмай жүрмін», – депті. «Сені құйынға айтам», – депті. Құйынға айтса, құйын өрмекті үзіпті. Өрмекші қатын баланы ұрыпты. Бала тышқанды ұрыпты. Тышқан қапты тесіпті. Бай жылқышысын ұрыпты. Жылқышы қасқырды соғыпты. Сонан барып қасқыр ешкіні талайды, ешкі шеңгелді жеген екен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *