ОН ОҚ
XVI тарау
Азамат соғысы. Дулы тайпалар одағы жасаған мемлекеттік төңкеріс пен Сібірханның өкіметті тартып алуының ойдағыдай өткен себебі — ол бүкіл Батыс қағанаты үшін мүлде күтпеген тосын жағдай еді. Түн-жабғыханы өлтіру жаңа өкіметке нушеби тайпаларын ғана емес, түркіттердің өзін қарсы қойды. Өз халінің осалдығын сезген Сібірхан тым болмаса бір одақтасы болсын деп Болгарияның бөлініп кеткенін мойындайды, бірақ бұл оны құтқармайды.
Нушеби тайпаларының көтерілісін қаза тапқан Бақ — Жабғы ханның (Мохе) ұлы Нишу Канашад басқарады. Нишудің еншілігі Пайкент қаласында еді және оған бай Бұқар бағынатын.
Соғысты жүргізу үшін әманда ақша керек, ал Сібірханның ақшасы жоқтұғын. Оның есесіне Нишудің алтыны мен күмісі жеткілікті болатын. Бұқар шеберлері оған қажетті мөлшерде теңгелерді құйып береді, ал олардың сыңғыры мен жарқылынан Сібірханның қарулас серіктерінің адалдығы мен батырлығы азая береді.Оның үстіне тәж-тақтың заңды мұрагері, Түн жабғының баласы нушебилердің қосынына қашып барады. Көтеріліске оның қатысуы қозғалыстың заңды екеніне дәлел болады. Нишу оны Ірбіс Болын Жабғыхан деген атпен таққа отырғызады. Бұдан кейін Сібірханның ісі оңға баспайды, өйткені халық оның, қолында заңы мен ақшасы бар бәсекелесіне бағынып кетеді. Сібірхан Алтай тауларына қашады. Бірақ нушебилер 631 ж. оған қуып жетіп, көзін құртады. Ірбіс Болын Жабғыханның таққа отыруы тайпалық одақтарға түркіттер үстемдігін қайта орнату сыпатына ие болады. Ол ешкімге сенбейтін, менмен де күдікшіл, қалша біреу болып шығады. Тегі, осындай мінезі үшін жұрт оның қасиетсіздігін дәл тауып, Сы-жабғы «қиянатшыл» деген лақап ат берсе керек. Оның сеянтоны бағындырып, қағанаттың бұрынғы шекарасын қалпына келтіруге батытталған қимыл-әрекеті толық жеңіліспен бітеді. Ханның күдікшілдігінен құтылу үшін Нишу Қарашарға қашып кетуге мәжбүр болады. Бірақ нушеби көсемдері ханды таққа көтергенде оның тепкісін көру үшін көтермеген. Сосын Мүби тархан деген біреу қаскүнемдер басын құрайды да, Ірбіс ордасынан жеңіл атты әскер жасатып ертіп қашып кетеді. Әсілі, қуылған ханға еріп кеткен салтаттылар түркіт жаулаушылары ұрпақтарының қатарынан шықса керек, олар байырғы жұрттың жеңісі өздеріне ешбір жақсылық әкелмейтінін сезген тәрізді. Аман құтылудың бірден-бір жолы түскейге созылып жатады. Амударияның сол жағалауындағы Құндыз алқабында Ірбістің немере інісі билік құрып тұрған, өзінің ағасы мен оның қарулас серіктеріне бір көмектессе — сол көмектеседі. Ірбіс жөніндегі соңғы хабарды айтқан кісі — Сюань Цзан. Оның сөзіне қарағанда, осынау хан барып қамайды, мақсаты — сондағы будда бариятын талау, бірақ соғыстың бірінші түнінде-ақ қаза табады да, әскері таpaп кетеді.
Бұл оқиға Батыс қағанаты тарихында маңызды бетбұрыс кезеңі болады. Сол уақытқа дейін қағанатта түркіттер басты орын алатын: енді жетекшілік жергілікті тайпалар көсемдерінің қолына көшеді. Бұдан былайғы оқиғалар дамуын белгілейтін жаңа күштер оңтайлы орын алады. Өкімет билігі нушевилердің қолында қалады, олар әулетті ауыстырғысы келмейді. Олар Қарашардан Нишуді шақырып алып, оны таққа отырғызады. Шамасы, теріскей тайпаларының көңілін табу үшін, Нишу Дулыхан лауазымын алады. Сосын олар мұны да хан деп таниды да, азамат соғысы аяқталады.
Жаңа хан өзін бодандары толық қолдаған күнде ғана тақта алаңсыз отыра алатынын кәміл түсінеді және Соғдиананың сауда орталығы Пайкентпен тығыз байланысты болғандықтан да, оларға не керек екенін жақсы біледі. Сол себепті де ол Қытаймен келіссөз жүргізгенде оның тым көнбіс болып кеткені сондай, өзгелерге өз еркімен бағынған сияқты болып көрінеді. Бірақ ол діттеген мақсатына жетеді, түркіт заңы бойынша, тәж-тақты інісі Тонгшадқа беріп, 634 ж. қайтыс болады, інісі Ышбара Төлісшад» атымен тәж-таққа көтеріледі.
Он оқ. Нушеби хандары көкейін кескен тыныштыққа кең ауқымды саяси міндеттерден бас тарту арқылы жетеді. Болгарлар мен угор тайпаларын қайтадан бағындыруға тырыспайды. Олар күллі күш-жігерін Жоңғарияны қайта мойынсұндыруға жұмсайды, ақырында ол мақсаты жүзеге асырылады да. 632 ж. бүлікшіл киби тайпасы батыс түріктерінің (оларды енді түркіт деуге болмайды) қысымымен Жұлдыздың шалқар алқабын тастап, Хэсиге, Тан империясының иелігіндегі жерге12 көшіп барады.
8Таншуде: Сы жабғы «Қаңлыға қашып барып, қайғыдан өлген» делінген (Н. Я. Бичурин, Ерте заманда…, I т. 285-6. E. Chavannes, Documents…, p. 54, алайда Шабанның түзетуін қараңыз (pp. 196-197).
9Діншіл дуана ханның ажалы Вайшраманың әрекетінен келді дейді, ол дінбұзардың түсіне еніп, найзамен түйреген. Шаванн Сы-жабғының өлгенін 632 мен 633 ж. болды деп жазады.
10Бұл лауазымды оған император Тайцзун берген. Бичурин оны былай берген: «Түн-әлеу Болыби Дулу-хан» (Н. Я. Бичурин, Ерте заманда…, I т. 285-6). ). Шаванн сәттірек береді: Түн-а-лау сили-би Дулу-қаған, сонда лауазым былай болады: «Тонэ алып Силигбир Дулу-хан» («Ұлы батыр жарқын Дулыхан»).
» Қыт. Шаболо Теліні, таққа отырғанға дейін Тонгшад деп атанған. Түрікше Тонг —»күшті, батыр», бірақ алынған иероглиф оның шын мінез-құлқын көрсетеді: «жұрттың бәріне бірдей сүйкімді». Тап осы талап Тонгшадтың саяси бағдарламасына негіз болады.
12Г. Е. Грумм-Гржимайло, Батыс Моңғолия…, 256-6.
Сосын ендігі кезек Бесбалыққа келеді. Оңда Чулоханның баласы, асыл текті батыр Ашин Шени отырған. Шығыс қағанатының, дәстүрін адал сақтайтын бек, түркіттерді ту сыртынан соққан сеянтоға қарсы әскерін аттандырады, Қасындағы серіктері оған әуелі өз жағдайымызды жөндеп алайық, әйтпесе, жасақты шығыстағы алыс жорыққа жіберетін болсақ, «жабғының балалары мен немерелері біздің хандығымызды басып алады» деп зарлайды.
Бірақ Ашин Шенн оларға, күрес-тартыстың жүргізе беруден бас тартатын болсақ — ол баланың әкеге күр тетш үчыту деген сөз, ендеше жолымыз болмай, сәтсіздікке ушырасақ — мен өлуге әзірмін — деп қарсылық білдіреді.
634 ж. өзінің бүкіл күшін —50 м. салтаттының жоңғардың Тастақ шәлінің Солтүстік жағына жөнелтеді, бірақ төрт айлық соғыстан кейін ойсырап жеңіледі. 10 м. атты әскері бар жасақпен ол немере інісі Үхішад билеп тұрған Гаочанги қарай шегінеді, ал інісі император Тайцзунға бағынатын.
Сол мезгілде Тан императорының елшісі Батыс түрік ханына бір кезде тартылып алынған жерлерді қайтаратын кез келді дегенді ишарамен білдіреді. Ышбарахан мұны пайдаланып, Бесбалықты басып алады. Енді Шениге бір-ақ жол — Қытайға кету ғана қалады. 636 ж. ол қалған әскерін ертіп, Чакьанға барады да, өзінің қызмет етуге әзір екенін білдіреді. Оған зор құрмет көрсетіледі: гвардия генералы атағы беріледі және өз ордасын құратын қоныс, хан әулетінен қалыңдық пен сарайдан қызмет алады13. Бірақ бұл үшін Тайцзун аса сенімді дос табады.
Жоңғарияны қайта қосып алу Батыс қағанатының халықаралық беделін өсіреді, бірақ бұл нығайтудың аяғы ішкі қайшылықтарды шиеленістіре түседі де, жаңа дүрбелең тудырады. Шын мәнінде Сыжабғы мен Шениді жеңу жергілікті тайпалардың түріктерді жеңген салтанаты болатын. Әулетті сақтау әлі де болса мемлекет бірлігін берік сақтап тұрған, бірақ ЬІшбара Төлісшад-ханның нақты әскери күші жоқтығын, ол тек өз еркімен бағынатын бектерге ғана сүйенетін, бұл мейлінше сенімсіз нәрсе еді. Дулы мен нушебидің бектері өздеріне сырттан төнетін қауып жоқтығына көздері жетісімен-ақ олар ханға өз дегенін істете бастайды. Ол жоғарғы өкіметті бұрынғыдан бетер әлсірететін реформаны жүзеге асырады. 635 ж. дулы мен нушеви тайпалары өздерін өздері басқаруға қолы жетеді, дулының бес тайпасы мен нушевидің бес тайпасы бір бастықтан алады, бірақ Алшын руынан емес, тегі, жергілікті тайпалар тектілерінен алған болуға тиіс. Бұл бастықтардың әрқайсысы шадпен яғни текті ханзада дәрежісімен теңестіріледі. Олардың әрқайсысына өкімет бейнесі ретінде бір-бір жебеден беріледі де, «Он оқ түріктері» деген ат содан шығады. Екі одақтың, дулы мен нушевидің шекарасы болып, Шу өзені белгіленеді.
Әлбетте, сепараттық — оқшаулану ағымына бейімделу онсыз да қақырап жатқан мемлекетті құтқара алмайды.
Наразылар. Жаңа тәртіпті көп адамдар қанағат тұтады, (бірақ бәрі емес. Әрине, одан Батыс қағанатта тұратын түркіттер жәбір шегеді. Олар өздерінің артықшылық жағдайынан айрылады, биліктегі үлесі азаяды. Олардан басқа оқ ала алмаған тайпалар көсемдері де наразылар қатарына қосылады, ал ондайлар біз болмайтын, әсіресе, солтүстік пен жоңғар тайпалары арасында. Таңдаулылар қатарына қарлықтар, яғни, қышпақтар, бас-малдар , сол сияқты хұндардың ұрпақтары шүилер, шумилер мен шатолар кірмей қалады. Әсіресе, мына соңғылары қатты өкпелі болады, өйткені олармен туыс шүмүгіндер мен шубан — қалаулылар қатарына қосылады. 633 ж. ЬІшбара Төлісшад-хан олардың көсемінен өкіметті тартып алмақшы болған кезде, бұл тайпалар шығысқа алысырақ көшіп барып, Баркөл маңындағы шатолар даласынан қоныс теуіп, император Тайцзункен өздерін бодан етіп алу жөнінде өтініш айтқан болатын. Алайда сол кезде шығыс Тянь-шанда қалыптасқан күрделі саяси жағдай осынау тайпалар мен олардың көсемін өзге жолмен жетелеп кетеді.
Тап осы шақта Шығыс Түркістандағы саяси жағдай қиындап, шиеленісіп тұрған. Баяғы 20-шы жылдары құлатылған Суй әулетін жақтайтын қытайлар түркіттер арасына қашып келіп, солардың көмегімен Тан әулетіне қарсы күресті жүргізе бермекші болған. Кат Елхан талқандалғаннан кейін, Тайцзунның талап етуімен, 80 мың қытай эмигрантының Қытайға қайтарылғанын жоғарыда айтқан едік, бірақ тан үкіметінің бітіспес жаулары Гаочанға (Тұрфан) қашып кетеді, оларды кінәздік билеушісі Кюй Вэнь-тай қабылдайды.
Гаочан әулетінің шыққан тегі қытайлық, бірақ олар атам заманнан түріктермен туыстасып кеткенді. Өздерінің кішкентай мемлекетік талаудан сақтап қалу үшін, Гаочан билеушілері Қытайға да, Батыс Қағанатына да жағынып жалбақтап тұруға мәжбүр болады. Олар 630 ж. дейін Суй және Тан әулеттерімен де ойдағыдай қарым-қатынас жасап тұрады, бірақ Тайцзун өз империясын құра бастағаннан-ақ, олардың дәстүрлі достығы бұзылады. Қытайдың жаңа үкіметіне Кюй Вэньтайдың наразы болуына дәйекті негіз бар еді. Гаочанға қарайтын Иву (Хами) кінәздігі 630 ж. бастап Қытайдың одақтасына айналғанды. Кюй Вэньтай Батыс қағанатынан көмек сұраған, сосын 631 ж. Сыжабғы оған көмекке келгенді. Одақтастар бірігіп, Хамидің талқанын шығарғанды, ал император бұған елшілік қызметі жолымен наразылық білдіріп қоя салғанды, оны гаочак кінәзі тіпті көзіне де ілмеген болатын.
Кюй Вэнъ-тай мен Сыжабғының достығы Гаочанның Қарашармен қатынасын шиленістіріп жібереді, жеккөрінішті болып жүрген Нишу мен ЬІшбара Төлісшад Қарашарға сүйенетін. 632 ж. Гаочанның бәсекелестері Қарашарлуны Тукичжи мен Хотан патшасы Уми* Қытаймен одақтасып алады. Гаочан үшін аса маңызды табыс көзінің бірі осы ел арқылы өтетін керуен жолытұғын. Батыстағы Пайкент сияқты, шығыстағы тасымал пункті Гаочан болатын. Гаочанды әлсірету үшін, Түкичжи Тайцзунге жаңа жолды Гаочанды елемей, Қарашар арқылы өткізуге ұсыныс жасайды. Тайцзун оған келісімін береді. Бұл жоспар жүзеге асса, Гаочанға Шығыс Түркістандағы экономикалық және саяси басымдығын жоғалту қаупы төнер еді, сол себепті де Кюй Взн-тай 632 ж. түркіттермен бірлесіп, Қарашар облысын талапайға салады. Түхичжи Қытайға шағым айтады.
Тайцзук мән-жайды түсіндіруі үшін Кюй Вэн-тайды шақыртады, бірақ ол келуден бас тартады. Ол қисапсыз қалың қол, жабдықталуы аса қиын болғандықтан да, Гаочанды Қытайдан бөліп жатқан ұлан шөлден өте алмайды деп ойлайды, ал 30 мыңдай адамы бар шағын армияны өз күшіммен де жәукемдеп тастаймын той деп есеп құрады. Қытайдан көмек келмегесін Қарашардың билеушісі Ышбара Төлісшад ханмен ынтымақтасады. Сол-ақ екен, шүйе мен шуми тайпалары Гаочанмен одақтасып, Қарашар облысының ойран-ботқасын шығарады. (638 ж.). Бұл жеңістен қанаттанған шүйе мен шуми тайпалары нушевилермен қайта соғысу үшін еліне қарай беттейді, ал оларды қомақты тарту-таралғыға бола Вэнъ-Таймен тығыз одақ құрған Үкішад басқарып жүргенді.
Төңкеріс. Ышбара Төлісшад жұрттың бәріне де жақсы көрінгісі келеді, бірақ ешкімге де жақпайды. Бектердің тежеусіздігі түркіттердің қатал билігінен кем түспейді. Халық бар бәле үшін тек ханды ғана айыптайды да, оны мүлде қолдамай қояды. Енді бұл кезде көп нәрседен қағылып қалған түркіттер бас көтереді. 638 ж. қысында қаскүнемдікті басқарған Түн Тудун хан ордасына тосын шабуыл жасауды ұйымдастырады. Ханды қоршаған әскербасылары оны тастап, бытырай қашады. Тегі олар бүлікшілерге іштей тілеулес болған тәрізді. Ышбара Төлісшад өзіне адал жүз қаралы сарбазын бастап, қылыштасып жүріп, құтылып кетеді, бірақ еш жерден қолдайтын жан таппағасын, інісі Кавказдың арғы бетіндегі армияның бұрынғы қолбасшысы Борішадты ертіп, жан досы, Қарашар билеушісіне қашып кетеді.
Түн-түдүн ағамандарды жинап, оларға босаған таққа Үкішадты шақыруды ұсынады. Батыс түркіттері Ашин руынан шыққан жігерлі ханзаданы хан қойып, өз өкіметін орнатпақшы болады, бірақ бұл талап жергілікті көсемдерге мүлде жақпайды. Нушеви одағының басы Ассық Құлсығын, тегі, оппозицияны бастап, ымыраға келуді ұсынады: Үкіні — жоғарғы хан, Ышбараны — кіші хан етіп қоялық дейді. Бірақ осынау талас кезінде Түн-тудун өлтіріледі, ал таққа отыру үшін батысқа қарай беттеген Үкішад жолай әскер күшімен тоқтатылып, кейін тойтарылып тасталады. Бұл үшін ол барып Қарашарды ойрандайды. Ышбара Төлісшад өз еліне қайта оралады, нүшебилер оны қуанышпен қарсы алады, бірақ түркіттердің «батыстағы тайпалары» хандыққа тағы да Үкішадты шақырады. Олар оған «Ірбіс Дулыхан» деген құрметті ат береді, тегі олар дулы тайпаларын өз жағына шығарғысы келген болуға тиіс.
Үміткерлер арасында қырғын соғыс болады, бірақ күштер тепе-тең түседі де, Іле өзенінің бойында бәсекелестер бітімге келеді, оған сәйкес Іле екі иелік арасындағы шекара деп танылады. Алайда бұл бітім баянсыз еді. Тап сол жылы Үкішадтың пайдасына, Ышбараға қарсы қаскүнемдік ұйымдастырылады. Қасыгөйлердің лауазымдары «тудугтдар» мен түркіттердің шенеуніктің ақсүйектерінің лауазымдары. Қастандықтан құты қашқан Ышбара Талісшад Ферғанаға қашып барады да, 639 ж. желтоқсанында сол жақта қайтыс болады. Нушеви көсемдері хан етіп, марқұм Елкүліг-шад ханның баласын қояды, ол бір жылдан кейін дүние салған кезде, оның немере інісі Баһадүр хан тағына отырады, ол Ірбіс Ышбара жабғыхан лауазымына ие болады.
Жаңа хан елді біраз ретке келтіреді. Оған Куча, Шан-шань (Лобнордың түскейінде), Гюймо (Хотанның шығысында), Тохарстан, Қарашар, Шаш (Ташкент), Кеш, Хз (Зеравшан алқабында), Амуль мен Кан (Самарқан) бағынады. Сөйтіп түркіт кертатпаларына қарсы бүкіл отырықшы бектіктер, керуен саудасымен байланысты барша көпестер күреске шығады. Олардың ішінде дулы тайпаларының көптеген адамы, атап айтқанда Шу мен Іле арасында қоныстанатын кісіле Ірбіс Ышбара жабғыхан өзінің көшпелі астанасын солардың жеріне орналасып, оны «оңтүстік орда» деп атайды. Тайцзун оны заңды хан деп танып, онымен бітімге келіп, жер бөлісуі үшін елшілік жолмен қысым жaсaп көреді, бірақ, еш нәтиже шықпайды. Бітімге келу мүмкін еместі, өйткені Үкшің маңына даланың бүкіл Қытайға, империяға қарсы күштері жилалған олар әлі өздерінің жеңіліп қалғанын мойындайтын, олар*енді бірнеше рет жеңіске жетсе, өздері қапарлы түркіт қағанатын қалпына келтіріп, «Көк Перзентімен және басқалармен» иық теңестіріп шыға келетіндей болып көрінетін. Расында да олардың жұлдызы оңынан туады. Оңтүстік ханы тұтқынға түсіп, 641 ж. мамырында жазаланады.
Хандықты қалпына келтіруге тырысу. Бүкіл ел біріктіруші хандардың лайықты ұрпағы болатын. 641 ж. оның билігі Іле өзенінен бастап, Сібір тайпасына дейін жүреді. Оған Жоңғариядағы басмалдар* мен Алтайдағы қыпшақтар, Мину ойпатындағы қырғыздар мен Енисейдегі бомдар \оңтүстік тарбағатайдағы шұмығұндар бағынады. Осынау шеттерінен жауынгер келетін, күшті де қабырғасы қалың халықтарды Жетісудың оңтүстік жағындағы кескілескен соғыстарға байланып шыға алмаған, Үкінің шүйелер мен шумилерден тұратын орта жанды жасағы үш жылда жаулап алады дегенге,*сенудің өзі қиын. Әсілі, біз бұл арадан Тан империясының аңғарларының үшке және оның жаулап алу мақсатына көшуіне байланысты шеген тікелей қауыптен сескенген көшпелі тайпалардың басып, ынтымақтасуға ұмтылған іс-әрекетін көреміз. Осы тайпалардың шұмығұннан басқаларының бәрі он оқ түріктеріне кірмейтін, бірақ олардың бомнан өзгесі бір кезде түркіт хандарының бодандары болғанды. Міне, енді солар, бір жағынан ескі дәстүрді сақтап, екінші жағынан, Соғдиананың бай қалаларын талауға талпынысып, бөрібасты тудың астына тағы да жинала бастайды. Бірақ ана жақтағылар бұларды нендей тағдыр күтіп тұрғанын кәміл біледі. Нушеви тайпалары ханын жоғалтқанымеи, ақылын жоғалтпаған болатын. Олар асқан қасарлықпен күресті жүргізе берген. Үкі өз қолын бастап, бүкіл елін көктей асып өтіп, Тохарстанды бағындырады, батыстағы Соғдиана мен Шығыстағы Ыстық көл қаласындағы таулар оның билігінен тыс қалғанды.
642 ж. Үкі шүйелер мен шумилерден құралған әскерін Ханды шауып қайтуға жұмсайды, бірақ империя тұрақты атты әскерінің екі мың қолдық жасағы оларды талқандап қана қоймай, өз жеріне жеткенше өкшелеп қуады, мұнда, әсіресе, шумилер көп зиян шегеді. Үкінің өзі бұл жорыққа қатыспаған секілді. Ол «біріккен күштерімен» Самарқант пен Маймургке лап қойып, осынау бай қалалардың ойранын шығарады. Бірақ жеңіс салтанатының шырқау биігіне жеткен кезде, бақыт Үкіні тастап кетеді. Зорлық-зомбылық пен қомағайлық оны дулы тайпалары көсемдерімен жанжалдасуға итермелейді, олар Үкінің олжаны өзіне тиісті мөлшерден көп алғанын айтады.
Үкі жөнсіздікті бірден тиып тастамақшы болып жұрттың арынын басу үшін, бүлікті бастаушы Нигаушұрдың басын алады (шүр — дулының бір бөлегі көсемінің лауазымы). Бұған наразылық ретінде дулылар әскери көтеріліске шығады да, оларды басып тастауға Үкінің әлі жетпейді, оның олжаға батқан қарулас серіктері тұс-тұсқа қашып кетеді. Әуелде мұны шақырған батыс бекзаттары істің насырға шапқанын көріп, оның шығыстағы өзінің байырғы иелігіне қайтуын сұрайды, бірақ Үкі оған аттап баса алмайтын, өйткені оның басты тірегі Гаочанды қытай әскері 640 ж. басып алған еді. Үкі батысқа кетуге, таяуда ғана бағынған Тохарстанға баруға бел байлайды, ол оны қауыпсыз баспана болар деп ойлайды. Бірақ оның ең соңғы жақтастары оған ергісі келмейді. Үкі өзінің түркіттің жасағымен ғана қалады. Ол бөлініп қалған сарбаздарды азғырғысы келеді, бірақ өз жауы — нушевилердің кездейсоқ шабуылына ұшырап, жеңіліп қалады да, Байшынқу қаласына (Исхиджаб, Шымкенттің шығысында) барып жасырынады.
Нушевилер Қытайдың қолдауымен, дереу өз ханын, Ышбара Төлісшадтың немересі — Ірбіс Шегуханды сайлайды. Бұрын ұсталып қалған қытайлардың бәрі үйлеріне қайтуға рұқсат алады. Қытайға тиісті алым-салық жіберіліп, некеленуге ханшайым жіберуін сұрайды. Соғдиана мен Қытайдың дәстүрлі одағы үзілмейді. Нушеви әскері Байшынхудағы Үкіні қамап алады, бірақ түркіттердің әскери қаһары әлі бойында екен, Үкінің сауыттылары кернейлетіп, шұғылданып шабуылға шыққан кезде, нушевилер тырағайлап қаша жөнеледі. Олардың көбі қырылады да, тұтқынға түседі.
Үкі өзінің ескі одақтасы дулыларға қайта қосылуын өтініп, кісі салады, бірақ олар: «соғыста мыңымыз өліп, біреуіміз қалсақ та, саған бармаймыз» деп үзілді-кесілді бас тартады. Өзіне қарсылығын анық білдірген елде қалуға болмайтынын білген Үкі жасағының қалғанын ертіп Амударияның арғы бетіне Тохарстанға кетеді. Сол жақтан ол баяғы Түн жабғыхан тұсынан бері Құндызда қоныстанып қалған түркіттер арасынан қолдау табады. Олардың басшысы Ышбара жабғы, шамасы, туысын меймандос пейілмен қарсы алып, баспана берген тәрізді. Үкі 653 ж.39 өз ордасын баласы Чженчуге (Жиеншеме) Ашин руының ең соңғы бегіне қалдырып, қайтыс болады, біз оны соңғы түркіт ханы деп атауға қақымыз бар.
Батыс түріктері түркіт қаупынан құтылысымен-ақ, қолма-қол нушевилер мен дулылар арасындаағы ескі жаулық қайтадан дүр етіп жанады. Нушеви бірінші орынды заңды түрде алады дулы тайпалары өз тағдырын ұдайы қиянатшыл ханмен байланыстырып келіп, тек соңғы сәтте ғана оны тастап кеткен болса, нушевилер үздіксіз соғысып жүріп, он тайпаның тәуелсіздігін сақтап қалады. Бірақ дулылар өз күнәсі үшін жаза аламыз деп ойлаудан аулақ болатын. Император Тайцзун нушеви ханын қуаттап отырған кезде, олар «басқа түссе — баспақшыл», көніп жүре береді, ал бірақ со достық шетіней бастағаннан-ақ, дулылар соны пайдалана қояды.
646 ж. Ірбіс Шегуйхан, арадағы одақты Тан үйінен шыққан ханшайыммен некелесіп бекіту үшін Чанъанға елшілерін аттандырады. Бірақ император ханшайым үшін бес қаланы: Күча мен Хотанды, Қашғар мен Чжубоконы (Жаркенттің түскейінде), Дунлинді (сол арада) сұрайды. Бұл бес қала бұрын империя өкіметі қоластында болып Куча —630 ж, Хотан —632 ж., Қашғар мен Жаркент —635 ж. батыс ханының қарауына қайта оралған еді. Бұл нағыз найсаптық талап еді, хан келіссөзді үзіп, сонымен бірге одақты да бұзады. Тап осы кезде сахнаға дулылар шығады. Бұл қозғалыстың сыпаты дулылар қалап алған көсемнің жеке басының қадыр-қасиетінен анық көрінеді. Бұл батыс Ашиндер руынан шыққан ханзада, Бөрішадтың баласы және Істемиханның ұрпағы болатын. Тақты тартып алған кезде ол Үкіге келіп қосылған, сөйтіп одан жабғы шені мен күллі шығыстағы жерді бақылаушының қызметін алғанды. Оның өз аты сақталмаған; ол тарихта Халлыг» деген лақап атпен қалған. Оның мансабының жоғарылауына немере інілері Мише мен Бучжень көмектеседі. Ол екеуі бір-біріне өш еді, сондықтан да Бучжень әртүрлі айла-амалмен чуйе тайпасының басшысы Мишені Қытайға қашуға мәжбүр етеді. Сосын Үкінің халі мүшкіл деп есептеп, Бучжень оған опасыздық жасап, өзі де Империяға беріледі. Бірақ ол есебінен жаңылады: Үкі дұшпандарын әлі талай рет жеңеді, соның нәтижесінде дулылар көсемінің «бос орнына» ханзада Халлыг шақырылады.
Үкі қашып кеткесін, Ашин Халлыгтың жағдайы қатты нашарлайды. Ірбіс Шегуйхан жасақ жіберіп, оның ордасын таратып жібереді, ал, оның өзі далаға барып жасырынады. Бірақ оған дулылардың үш көсемі ара түсіп, ханнан оның күнәсін кешіруді сұрайды. ЬІзаланған хан көлденеңнен келген арашашыларды өлтірмек болады, оның себебі де бар еді. Шынында да күллі қадыр-қасиеті жағынан наразы дулыларды бастауға лайық кісі Ашин Халлыг еді. Оның Ашиннің жергілікті тармағынан шыққанының өзі — оны көпке танымал етудің кепілітұғын. Сонымен бірге Үкімен байланысам деп, оның біраз беделі де түскен, ендеше ол қарауындағы кісілерді сонымен жақын болдың деп кінәлай алмайды. Ал ол жеке басының — ерлік, қайрат-жігер, алғыр пысықтық сияқты қасиеттерімен ханға қауыптен бақталас болса, дулы тайпалары үшін нағыз қалау көсем болар еді. Өздерінің өтініштері өтпей қалғанын көрген көсем, ханның қырына алынғасын, бүлік шығаруды жөн көреді, қудалауға ұшыраған ханзадамен бірге шығысқа көшіп кетеді, сөйтіп 648 ж. Тан империясына тайып тұрады. Бұл біз тыс қағанатын құртқан жаңа бұлғақтың ұрығы болатын. Бірақ түркіт трагедиясының бесінші көршісін айтпас бұрын, біз әуелі өткен жиырма жыл ішіңде Азияның саяси картасын жүз жылға өзгерткен оқиғалар болған өлке — шығысқа назар аударайық.