ПІКІРЛЕР МЕН КҮДІКТЕР
VIII тарау
Кітаптың қажеттігі. Оқырман түркіт қағанатының туу тарихымен, оның тіршілік құруы үшін күресуге мәжбүр болған жай-жағдаятымен, қағанаттың қолында бар мүмкіндіктерімен танысқаннан кейін, әртүрлі ғалымдардың осы тақырыбымыздың жалпы және жеке мәселелері жөнінен айтқан көзқарастары мен зерттеу методикасын талдауға кіріскеніміз мақұл.
Ең алдымен, автор ол кітабын не үшін және кім үшін жазды?— деген сұраққа жауап беруге міндетті. Енді соған жауап берейін.
Бастаухаттар мен арнаулы әдебиеттің молдығына қарамастан, кіндік Азия көшпелілердің тарихын, мәселенки, Грецияның, Рим мен Византияның, Франция мен Англияның, Россияның, немесе Таяу Шығыс мемлекеттерінің тарихын оқуға болатыны сияқты, оқи алмайсыз, өйткені ол әлі жазылмаған. Мұның соққысы әуелі қалың оқырман бұқарасына, сосын сабақтас саланың маман-тарихшыларына, ең соңынан барып, өлшеусіз өсіп кеткен библиографияға малтығып шыға алмайтын көшпеліні тану мамандарына тиеді.
Бастаухаттарды, оған тарихтық сын әдісін қолданбай оқудан ешбір мәннағат табылмайды, ал жеке мәселелер бойынша жазылған сансыз мақалаларда қайшылықтан көз аша алмайсыз. Алға ұдайы жылжып отыру үшін әлсін-әлсін мәселені қорытындылап тұру керек. Кітап авторының ғылымның даму барысына қарап, алдына қойған бірінші міндеті, міне осындай.
Енді аспект жөнінде. Сібір мен Орталық Азияның ежелгі халықтарын, тек Қытай мен Иранның көршілері ретінде ғана қарауды тоқтату керек. Олардың тарихы мен мәдениеті өз бетімен дербес дамыды деген даусыз қағидадан практикалық қортынды жасайтын уақыт жетті. Олардың қалай өмір сүргенін, сезініп-түйсінгенін, салтанат құрып барып, жойылып кеткенін тек сонда ғана түсінуге болады. Бүгінгі күннің, тіпті болашақтың да қайнар көзі өткен заман қатпарларында жасырынып жатыр, ал байырғы түріктер ТМД елдерінің көптеген халықтарының арғы тегі емес пе?!
Тағы да, ең соңында айтарым, адамзат тарихының жалпы заңдылығын оның варианттарын ескермей тұрып, оқып-зерттеу мүмкін емес.
Дамудың спиральмен жүретінін біз жақсы білеміз, бірақ оның айналымы мен бұрылыстары да болады. Эволюциялық жолмен баппен баяулап дамуға қоса, оның секіру, дәстүрлерді үзіп тастау сияқты түрлері де байқалады. Негізгі бағыты жалпыға бірдей тарихи процесс әралуан елде өзінше өзгеше болып келеді, міне осы өзгешелікті ескермей, тек ұқсастыққа ғана сүйенсек, онда біз өзімізді бақылап отырған құбылысты түсінбейтін мүшкіл халге түсіреміз.
Тарихи процесті кезеңдеу, яғни кезең-кезеңге болу оны тек өзімізге мейлінше жақындатқанда ғана мүмкін болады, әйтпесе дәуірлер арасындағы үзіліс елеусізденіп, көрінбей қалады да, тарихи оқиғалар калейдоскофы көшкін секілденіп кетеді. Азияның тоқыраушылығы жөніндегі европакіндіктік қағида тап осындай дәлдіктің жетіспеуі (немесе жалпақ шешейлік көңілшектік) негізінде құрылған, ал оны «Бүкіл әлем тарихының» біздің тақырыбымызға арналған шолақ, сол себепті де түсініксіздеу болып шыққан тарауы жоққа шығара алмаған.
Осынау кітап фактілерді жай ғана жинау мен олардың философиялық мән-мағнасын ашып, қорытудың арасындағы қажетті буын болып табылады. Бұл шын мәніндегі тарих яғни оқиғаларды, олардың өзара байланысы мен бірізді жүйелілігін зерттеу.
Материалды жинау техникасы. Жазуы жоқ немесе жазуы болса да бізге жетпеген халықтардың тарихын құрастырудың, меншікті шежіресі бар халықтар тарихшысына мүлде бейтаныс, өзгеше бір қиындықтары болады. Түріктердің бұрын болған тарихи жазбалары сақталмаған, ал құлпытастардағы жазулар олардың орнын баса алмайды. Сол себепті де шеттілдердегі нарративті бастаухаттардың ғылыми қажетке қосылған аудармаларына сүйенуге тура келеді.
Алайда әрқилы бастаухаттардан алынған мәліметтердің бәрі бірдей бағалы емес және оларға көбіне-көп сене беруге де болмайды. Оның себептері әр алуан: ол — кейде ертедегі автордың білімінін аздығы немесе материалды жазу мәнерінің ақауы, ал кейде оның сыңаржақтығы, өйткені замандас әрқашанда мүдделі жақтың өкілі, енді бірде VII ғ. ғылым деңгейіндегі гипотезаға болжамға бейімдігі себеп болады. Сондықтан да тарихи сын мен XIX—XX ғғ. ғалымдарының талдауы арқылы тексерілген мәліметтер дәйектірек те сенімдірек келеді де, жақын-жуықтығы себепті жаңылысу, адасу кеселіне ұшырамайды. Тарихи синтез негізінде тек осы мәліметтер ғана жарайды.
Оқиғалар тарихы мәдениет тарихынан мүлде өзгеше болады. Егер екінші жәйтте бізге қолтума құжаттардың стиліндегі емеуріндердің өзі қымбат болса, бірінші жәйттегі ең қызықтысы — құннамалық кестелер мен тарихи қарталардағы жазуды оқу болады.
Европа елдері тарихының қаңқасы болып табылатын, әбден тексеріліп, даталары, қойылған оқиғалар жинағы, өкінішке орай, Азия елдері үшін әлі күнге дейін құрылып жасалмаған.
Бастаухаттарды зерттеу әдісі. Тақырыптың күрделілігі және көпқырлылығы бізді тарихтық сын мен талдауға мейлінше мұқият қарауға мәжбүр етеді. Ең толық бастаухат қытайдың әулеттік шежіресі болғандықтан да, Н. Я. Бичурин, Ст. Жюльен, Э. Шаванн мен Лю Мао-Цзай, анда-санда грек және арап-парсы мәліметтерін қосын, тек соларға ганл суетен. Мұндай ыңғайлану тұп-тура бір ғана нәтижеге апарып соғады — осынау зерттеушілердің еңбектеріне арқау болып, өздерінің еркінен тыс, орта ғасырдағы қытайлық тарихи дәстүр бағыты тартылып жатады. Алайда тарихтық сын-сынаққа салынғаннан кейін бұл бағыт мүлде жалған болып шығады, ендеше жалпы алғанда, бір халықтың тарихын тек қана оның дұшпанының көзқарасы тұрғысынан зерттеуге болмайды.
Көне түріктердің тарихын жазу үшін оқиғалардың іс жүзіндегі нақты жүрісіне сүйене отырып, қытай шежірелерінде келтірілген фактілерді сын көзімен салмақтап қарау қажет болды. Бұған қоса қытай шежірешілері қолданған жазу мәнері істі қиындата түседі: егер шежіреде: «Табысқа жетпеді» деп айтылса, онда бұл — қытай әскерінің толық күйреген, «шекараны тонады» деген сөз жаудың атты әскермен ұзақ жортуыл жасағанын немесе белгісіз бір бүлікшіні қолдау үшін жүргізілген зиянды әрекеттерді білдіреді, сонда әлгі бүлікші жөнінде бірде-бір сөз айтылмайды да, ол кісі жөніндегі мәліметті басқа текстерден іздеуге, (бір жақсы жері қытай тарихының оқиғаларына әманда дәл датасы қойылады) сөйтіп оқиғалар барысын салыстыру арқылы анықтауға тура келеді. Осы бір шатыстыру, кейде әдейі бұрмалау кездейсоқ нәрсе емес, ол сыңаржақтықтан туады, сөйтіп жеңілісті жазғанда шежірешіні қытайдың билеуші әлеуметтік топтарының намысына тимейтін сыпайы сөздерді сұрыптап алуға мәжбүр етеді.
Бірақ қытай шежірешілерінің бұдан да қауыпты тарихи әдісі кәдуілгі волюятаризм-тежеусіз еркіндік. Олардың көзқарасынша, түріктерді жеңуді түсіндіріп жатудың ешбір қажеті жоқ: қытайлардың әрқашанда, әр жерде жеңіске жете беретіні табиғи нәрсе. Ал, сонда жеңілістерді қайтеді? Ондай кездері кейде суық аяз, жауын-шашын кінәлі болып шығады, ал көбінесе қолбасылары мен императорлар айыпты болады, әрине олардың әрқайсысын құстаналайтын бір себепті әрқашанда табуға болады ғой. Басшының дарынсыз-қабылетсіз болғанының іске пайда келтірмейтінінде сөз жоқ, бірақ қытай қоғамындағы таптық қайшылық ортағасырлық бастаухаттарда әрқашан да сыртқы оқиғалармен байланыссыз беріледі, осыдан келіп оқиғалар сақтастығы бұзылады. Әсілі, осы бір ең қиын мәселені ойдағыдай игеру тек қытай тарихын біздің тақырыбымызға тікелей қажет болатын мөлшерден гөрі, әлдеқайда тереңірек оқып, зерттеу арқылы ғана жүзеге асырылады. Тарихи география проблемасы тіпті өткел бермес қиындықтай болып көрінген, өйткені қытайлар тіпті уездік қалаларға дейін, көптеген қалалардың аттарын жиі-жиі өзгертіп отырған. Бірақ, сәті түскенде, Да Цин, й Тун-Чжидің, Бичурин аударған Қытай географиясындағы өзгертілген аттар ақпарын тауып алдық. Осынау іргелі бастаухат көне түріктер мен басқа да көшпелілердің, сол сияқты Қытайдың өзінде тарихының алдын алатын еңбек ретінде басылған151.
Бастаухаттардың мәнділігі тұрғысынан алғандағы екінші тобы — түрік құлпытастарындағы жазулар — өзіне мүлде басқаша қарауды талап етеді. Олардың басым көпшілігі бір ғана дәуірге — VIII ғ. екінші ширегіне жатады және саяси, тарихи ойдың екі ағымының — Иоллық-тегін мен Тоныкөк айтыс-тартысының көрінісі болып табылады. Ол жазулар композициялық жағынан бір-бірінің көшірмесі сияқты, бірақ оқиғаларды қарама-қарсы бағытта түсіндіреді. Бұл арада тарихтық сын үшін кең өріс бар және оның бір жеңілдей түсетін жері — екі автор да бізге көптен белгілі. Міне осының арқасында әрбір шүбәлі жәйтке түзету енгізіп, ақиқат шындықты айтыстағы қаңқу-шаншу сөздерден аршып алуға болады.
Әлі күнге дейін түсіндірілмеген Кіші жазу ішінен Хойто-Тамирдің бір жазуы аса маңызды: бұл түрік тілінде мәлім болған өлеңдердің ішіндегі ең ерте кезде шыққаны.
Бұл жазулар тарихшылар назарын талай рет аударса да, осынау еңбекте сөз болатын қырынан әлі де қаралып көрген емес. Дегенмен де мәселенің осы қыры ғана ежелгі түрік қоғамында саяси ағымдардың болғанын, олардың сыр-сипатын анықтауға мүмкіндік береді. Басқа сөзбен айтсақ, біз монологтарды диалогтерге айналдыруға тырыстық та, оқырманға көне түріктердің сөзі ғана емес, олардың айтыс-тартысының үн-ырғағына дейін жету жағын ойладық.
Византия, армян, арап-парсы тарихшыларының түріктер жөніндегі мәліметтері үзік-үзік болып келеді де криптограммаға ұқсап кетеді. Олардың айтуындағы түрік аттарын танымай қаласыз және жиі-жиі кісінің лауазымы оның аты, аты лауазымы ретінде беріледі. Алайда грек-армян және арап-парсы бастап қалуға мүмкіндік болмады. Түптеп келгенде кітапта пиғылданған жүйе ғылымның лингвистикалық жағын емес, тарихын білдіреді.
Қытай есімдерін оқу орыс авторлары: Н. Я. Бичуриннің, В. II. Григорьевтің, В. В. Бартольд пен Г. Е. Грумм-Гржимайлоның классикалық еңбектеріндегі жалпы жұрт қабылдаған өнеріне сәйкес келеді. Э. Шаванн мен П. Пелльоның, Ф. Груссенің французша оқуы, Лю Мао-Цзайдың аудармасындағы немісше оқу да орысша оқу мәнеріне жақын. Осынау авторлар китай иероглифін әріптік жазуға көшірген кезде VI—VIII ғғ. инжетикасы қайта тірілтеді, ал кәзіргі кеңестік өлкетану әдебиетінде негіз етіліп, XX ғ. фонетикасы алынады, соның салдарынан түрік есімдерінің айтылуы қиялға сыймайтын болдулікке айналып кетеді де, тіпті оны түсіндіру мүмкін болмай қалады; мәселен, тупотүріктің орнына ту-цзю делінеді.
Құлпытастар жазуындағы түрік аттарын жазуда үлгі ретінде С. Е. Маловтың оқу өнегесі алынған. Әсіресе тибет аттары қиын, оны әрбір аудармашы өзінше береді. Ал бұл есімдер жазылуын Б. И. Кузнецов мұқият қарап, тексеріп шықты, оған мен алғыс айтамын. Иран есімдері тәжікше айту үлгісімен беріледі, өйткені ол осы еңбекте пайдаланылған бастаухаттар —өзгелерден гөрі жақын. Осынау шешімін түпкілікті деп есептеп шығыстанушыға ғана емес, оқырман тарихшының бағытталған тарихи мазмұнды еңбектер таухаттары жалпы арнаға келіп құйылғаннан кейін, кейбір ықшамдалып, үзілген беттерді толықтырып, қытай бастаухаттарының шүбәлі жерлерін түсіндіріп береді.
Осыған байланысты ежелгі түрік ономастикасы мәселесін алға тартқан орынды, бұдан сәл ертерек кезде оның қиындығы мен мүмкіндіктері жеткілікті бағаланбаған еді. Европалықтар сияқты, түріктер туғаннан өлгеніне дейін бір атпен аталып жүре бермеген. Түріктің аты оның қоғамдағы орнын мегзеп тұрған.
Бала күнінде оның жалған аты, бозымдық шағында — шені, ересек-сақа кезінде — лауазымы, ал егер хан болса, онда оның лауазымы емшілік-таспиқтық жүйеге байланысты өзгеріп отырған.
Мұның үстіне оның атын қытайлар өзінше, грек, парсы немесе арап өздерінше айтатын болған. Біз кімнің, неліктен әр уақытта әртүрлі аталатынын анықтап шығу жолын таптық. Бірақ тап осы арадан мәселенің ең қызық жері басталады: қытайлар иероглифтерді кездейсоқ таңдап алмайды екен, олардың тек бір бөлігі ғана түрік дыбысын бейнелейтін болып шықты. Көптеген нероглифтер нақты бір түрікке — сол аттың иесіне деген жақсы не жаман қатынасты білдіру үшін әдейі іріктеліп алынатын болған, кейде тіпті қытай саясатының кейбір қыр-сырларын тек осыдан ғана сезіп қалуға болады.
Кісі есімдерін оқып қалпына келтіру ісін мен қытай зерттеуші М. Ф. Хванмен бірге жүргіздім, ол иероглифтердің VI—VII ғғ. үшін шын мәнінде қалай айтылатынын және оның маңызын анықтап, дәйектеп берді. Осынау мәліметтерді түрік сөздерімен, әлгі есімдер нелері өмірбаянының кейбір жәйттарымен салыстыру арқылы кейбір түрік есімдерін, онша жаңылыспай-ақ, қалпына келтіруге жол таптық. Мысалы, бұрын «Иби Шаболо Шеху кэхань» деп айтылып жүрген ат енді «Ірбіс Ышбара Жабғы-қаған» деп оқылады, бұл —»Барыс Қуатты-қатыгез хандардың ханы»— дегенді білдіреді. Бұрын теріс оқылып жүрген аттан жөнделді, мәселен, «Бугя-кэхань атын Е. Шаванн «Білге» яғни «дана» деп аударған, оны «Бөке»—»қуатты»— деп оқыған жөн.
Біз қалпына түсірген аттардың көбі болжам ғана, бірақ мен әдепкіден қытайша дұрыс аударылмаған аттарды қалдырғанша, солардың өзін текске қосқанды жөн көрдім, ал оқырман жөн-жосықты білуі үшін қытайшасын ескертпеде сақтадық. Сол ескертпелерде түрік есімдерінің арапша, парсыша және грекше жазылуы берілді, өйткені әріппен жазу нероглифтік жазуды әдемі түзейді.
Бірақ мен жеңіл көрінетін бір істі — есімдердің транскрипциясын бір ізге түсіре алмадым. Түрік, қытай және тибет аттарына арналған халықаралық транскрипция жоқ. Әртүрлі европалық тілдер орфографиясы әрқилы, өйткені өткен 1200 жылда фонетика өзгерген, ал бұған қоса ол диалектілерге тәуелді болған. Сілтемелерде кісі есімін силата алған автор қалай жазса, солай алуға тура келді, сол себепті де бір жүйені диалектісіне өзгелерден гөрі жақын.
Мәселенің осынау шешімін түпкілікті деп есептеуге болмайды, бірақ тек шығыстанушыға ғана емес, оқырман тарихшының берекелі мол қауымына бағышталған тарихи мазмұнды еңбектер үшін бұл шешім, әсілі, қабылдауға тұрарлық бірегей шешім, өйткені ол оқырманға сілтемелер мен ситаттарды европалық тілдердегі оқу құралдарымен тексеруге мүмкіндік жасайды, әртүрлі орфографияға байланысты (олардың әрқайсысы жалпы жұрт қабылдаған нәрсе емес) шатысудан құтқарады.
Әдебиетті пайдалану тәсілі. Түріктер тарихы көптеген ғалымдардың назарын аударған және соңғы 200 жыл бойына оған деген ықылас әлденеше рет жанып сөнген. XVIII ғғ. орта кезінде Француз миссионерлері қытайдың көптеген тарихи туындыларын аударған, солардың ішінен біздің тақырыбымыз үшін ең мәндісі — Майя мен Гобильдің аудармаларын жариялау. Бұл еңбектер біз үшін аса маңызды роль атқарады, өйткені онда Қытайдың VI—VIII ғғ. тарихы мейлінше толық, егжей-тегжейіне дейін баяндалған; онда келтіріліп, бірақ кейінгі оқымыстылар қалдырып кеткен әртүрлі оқиғалардың уақ-түйек көріністері алдымызда қойған мәселелердің анық-қанығын айыру ісінде көп-көп себін тигізеді. Осынау аудармалар негізінде Сорбонна университетінің профессоры Дегинь XVIII ғ. орта кезінде көп томды «Хұндардың, түріктер мен моңғолдардың тарихын» жазды.
XIX ғ. бас кезінде Вивьен де Сен-Мартен, аббат Лебоның «Византия тарихын» өз түсініктерімен қайта басып шығарды, оның түсініктері осы күнге дейін әлгі текстің өзінен гөрі бағалырақ болып табылады.
Түрік қағанатының тек алыс аймақтарына ғана қатысы бар осынау зерттеулерден бір өзгешілігі Станислав Жюльеннің аудармалары түріктердің тікелей өздеріне арналған. XX ғ. бас кезінде оған Е. Шаванның тек Батыс қағанатқа арналған сом еңбегі келіп қосылды. Бұдан кейін П. Пелльоның мұқияттығы жағынан зергерлікпен бірдей еңбегі және Анри Кордье мен Ренет Груссенің кереметтей мәлімдемелері шықты.
Жұмысының стилі мен әдісі жағынан француз мектебіне кәзіргі кезде ФРГ-де еңбек етіп жүрген Лю Мао Цзай қосылады. Оның Шығыс қағанатқа арналып, аса тартымды түсініктермен тиянақталған екі томдық еңбегі Жюльеннің осыған ұқсас жұмысынан асып түседі де, Шаванның кітабын толықтырады.
Француз мектебінің мынадай бір ерекшелігін ескермей кетуге болмайды, бәлкім, оның үлкен кемшілігі де сонда шығар. Француздар үшін түріктердің біртүрлі ғажайып құбылыс екені сондай, қағанат тарихына ортағасырлық қытай көзімен қарау яғни сырттан қарау оларға ыңғайлы сияқты. Сол себепті де олар кейде оқиғалар байланысынан айрылып қалады, ал кейде оқиғалар қытай көзқарасы тұрғысынан түсіндіріледі. Міне осы жәйт француз мектебінің фактографиялық мүмкіндіктерін шектейді, бірақ олар осынау салада бірінші орын алады.
Неміс мектебі француз мектебінен едәуір кем түседі. И. Маркварт пен Ф. Хирттің шығармалары, біздің уақытта X. В. Хаустың монографиясы ғылыми кемелдік пен адасудың, көбіне дәлелдене бермейтін филологиялық жорамалдың, қарапайым қателердің қиыр-шиыр үйлесімі болып табылады. Асқан ұқыптылық мәселенің жеке бөлшектерінен көрінеді де: сеяньтоны аңыздағы «ейртардуштармен, Ашиде Юань-Чженді Тоныкөкпен (Хирт) яки Абруйды «эфталит патшасымен» (Маркварт) тең қою сияқты үзілді-кесілді болжамдармен кезектесіп отырады. Мұндай болжаулар «ауыспалы қатерлер» есебінде ғылымға еніп, оған көп зиян келтіреді.
Осындай себептермен, мен Рихард Хеннигтің «Terrae incognilae» кітабын пайдаланудан саналы түрде бастарттым. Мен оның номандар мен маврлардың саяхаттары жөніндегі түсініктемелерінің қаншалықты дұрыс не бұрыс екендігі туралы билік айта алмаймын, ал оның VI—VIII ғғ. Орталық Азия жөніндегі түсінігі, ашып айтсам, қиялилау. Мәселен, ол түрік қағанатының шығыстағы шекарасын «кәзіргі Владивосток маңынан көреді, ал солтүстіктегі шекарасын «Байқалдың терістік шетінен әрі Витимге дейін» (88-6.) жеткізеді. Ол ханның бас уәзірінің лауазымы «жабғының» грекше бұрмаланған түрі «дизавул» сөзін мемлекет негізін салушының аты деп есептейді (сонда). Бір сәт ойланып алмай жатып, Р. Хенниг әуелі аварларды Орталық Азияға, содан кейін «Еділ мен Дон арасына» орналастырады (сонда), ал сонда ол Феофилакт Симокаттаның жалған аварлар туралы түсіндірме сөзін, сол сияқты жергілікті халық: аландар мен болгарлар қоныс еткен жерге аварларды сыналап енгізуге болмайтынын да қаперіне алмайды. Ештеңеге сүйенбестен-ақ ол император Вэньдидің тұсында (581—604) Қытай шекарасы «Каспий теңізіне дейін созылып жататын» (92-6.)— деп жар салады, ал шынында оның шеті Ұлы қамал және Ордоспен шектелетін. Ол кісіні қайран қалдыратын тасырлықпен, әскери көмек көрсеткені үшін, қытайлықтар түркіттерге жібекпен ақы төлеп тұрғаны жөніндегі анық фактіні «нағыз бос сөз» деп көзіне де ілмейді, себебі ол түркіттерді қытай әскеріне алынатын жалдамалы қол деп қана біледі (90-6.). Осынау дәлелсіз де дәйексіз долбарының негізінде ол Соғдианадағы жібектің молдығын «Тек өздерінің жеке өндірісі» деп жариялайды (89-6.). Кіріспе сөзінде (18-6.) автор соғыс кезінде қолы жетпеген маңызды еңбектердің өз назарынан тыс қалғанын мойындайды, бірақ осы көрсетілген кемшіліктер жалпы тарих пен географияның міндетті фактілік негіздеріне көңіл бөлмегендіктен, ең бастысы өз мойнына жүктеулі міндетіне немғұрайлы қарағандықтан кеткен. Дөрекі қателердің жалпы саны осы кітапта мысал ретінде келтірілгеннен әлдеқайда көп.
Көпке мәлім және әбден анықталған фактілерді көзге ілмейтін автормен айтысудың ешбір мәні жоқ, сол себепті де мен оның кітабын назарымнан тыс қалдырдым.
Көшпелітану ( мәселелерін шешу ісіне бәрінен де жақын барған ғылыми дәстүрді — орыс мектебі деп атауға болады. Оның өкілдері — Н. Я. Бичурин, В. В. Григорьев, Н. А. Аристов, Г. Е. Грумм-Гржимайло, К. А. Иностранцев, С. И. Руденко, М. И. Артамонов және басқа бірқатар оқымыстылар. Орыс мектебі оқымыстыларының Орта Азияға бауыр басып кеткені сондай, оның тарихына тұз тұрғындарының «қиғаш та жіті» көзімен қарауға дағдыланып кеткен. Соның арқасында біздің ғалымдарымыз, бытыс европалықтар көзінен қалыс қалған көптеген нюанстарды —»сыр-жырларды» байқап, қағып алып, көшпелілер әлемін зерттеудің өзгеше бір аспектін — қырын жасаған.
Орталау Азия тарихы мен палеоэтнографиясын зерттеудің негізін салушы Н. Я. Бичурин (Иакинф) болды. Қытай шежіресінің ол жасаған аудармасы осы уақытқа дейін күллі зерттеулердің тиянақты іргетасы болып келеді. Аудармада қателіктер мен жаңсақтықтар өте сирек кездеседі және олары елеусіз дейді Н. В. Кюнердің текстологиялық жұмысы көрсеткеніндей-ақ, олар хикая желісін мүлде бұрмаламайды екен, бұл автор Бичурин еңбегін текстердің нағыз өзімен әдейі салыстырып, тексеріп шыққан.
Бичуриннің еңбегіне сүйене отырып, В. В. Григорьев Шығыс Түркстанның тарихи географиясы жөнінде сом жұмысты бітірді. Грек-рим және арап-парсы мәліметтерін қытай мәліметтерімен салыстыру арқылы, ол мәдениеттер мен халықтардың осы саладағы, сабақтастығын дәлелдеп, тиянақтап шықты.
Шағын да болса, әбден сығымдалған фактілер мен ойларға толы кітабында Н. А. Аристов кәзір тірлік кешіп жатқан күллі түрік тайпалары туралы мәлімет беріп, құрып кеткен тайпаларды зерттеу ісіне таяп келді. Бұл тақырып К. А. Иностранцевтің еңбегінде одан әрі дамытыла түсті, ол шығыстағы «Хундар» мен европалық «ғұндардың» ара қатынасы мәселесін зерттеді. Осы мәселе жөніндегі ол ұсынған шешім кейін ашылған жаңалықтармен бекітілді.
Орыс ғылыми көшпелі мәдениеттің түп-тамыры жөніндегі мәселені бірінші болып көтерді. Оның әлеуметтік институттерінің ерекшелігі, көркем өнер туындыларының стилі мен әскери ісінің айрықша белгілері — бәр-бәрі жеткілікті мөлшерде терең зерттеліп, көшпелі мәдениеттің артта қалған, кембағал, тағылық мәдениет емес, өзінің дербес даму, қалыптасу жолы бар мәдениет екендігі көрсетілді. Шынында да С. И. Руденконың Алтайдағы , С. В. Киселевтің Минусин шұңқырындағы, А. П. Окладниковтың Қиыр Шығыстағы археологиялық жұмыстарының жемісті нәтиже бергені сондай, енді кәзір мәселе тек көшпелілердің мәдениетті қытайлардан, соғдылар мен гректерден алып пайдаланғаны жөнінде емес, отырықшы және көшпелі халықтар мәдениетінің бір-біріне өзара жасаған әсері жөнінде ғана қойылуға тиіс.
М. И. Артамоновтың «Хазарлар тарихы» кітабы әдіс мағынасынан қарасақ, аса сәтті туынды болып табылады. Осынау еңбекте Каспий мен Қаратеңіз маңы халықтарының тарихы ішінен көрсетілген, хазарлар, оңтүстік орыс даласының және басқа мекендеушілері Византия империясының жаулары немесе Киев Орысының бәсекешілері ретінде емес, дербес этномәдениеті тұтас ел ретінде зерттеледі, ал оның тағдыр-талайы хазарияның ұлылығы мен опат болуын белгілеп берген тарихи заңдылықпен байланысты болған.
Бұл тізімге көптеген кісілер, оның ішінде мұсылман Шығысының аса ірі маманы В. В. Бартольд та кірмей қалды. В. В. Бартольдтің түріктер тарихы туралы жұмыстары осы мәселенің тарихы жөнінде оңды роль атқарса да, зерттеулерге келешек өріс болатындай айқындық енгізе алмады. VI—VIII ғғ. көшпелі түріктер, В. В. Бартольд тарихына етене араласып кеткен парсылардан тым өзгеше болған.
Фактілер мен даталарға өз еркінше бейберекет қарағандықтан да, А. Н. Бернштамның мақалалары мен кітаптары ғылымға онша пайда келтірген жоқ.
Жалпы жұмыстар әдісі. XX ғ. бас кезінде орхон жазуларын ашып, оны оқу ісі ғылымының түркологияға деген ынта-ықыласын кәдімгідей күшейткен шақта жұмыс істеген Г. Е. Грумм-Гржимайло көшпелілер тарихынан айрықша орын алады. Ал XIX ғ. аяғын орай, төрт тілде тұмса зерттеушінің тісі бата бермейтін, қайшылығы мол қыруар әдебиет пайда болған еді. Шешілмеген проблемалар лақтырып тасталына салатын, өйткені жаңа материалдардың ағындап келуінен жаңа мәселелер туындап жататындығы, кең көлемді библиография ғылым орнын басып қалу қаупін тудырады, ол сонда ғылымды толқытатын сауалдарға жауап беру орнына, көптеген авторлардың әрқилы пікірлеріне сілтеме жасап қоя салатын. Тұмса тарихшылар, әлбетте, түріктер туралы жазылған барша кітапты оқып шыға алмайтын болғандықтан да, оған тек жалғыз жат — тақырыпты тарылту жолы қалатын, ал, жалпыға бірдей болашақ істің болмауы жақсы нәтиже беріп көрген емес.
Өзінің жақсы көретін пәні тез арада кітаптар мен журналдар нөмерлері, сілтемелер мен мегземелер үйіндісі астында көміліп қалатынын анық сезген Г. Е. Грумм-Гржимайло кіндік Азияның ежелгі заманнан XX ғ. дейінгі этнологиясы мен хронологиясының, тарихи географиясы мен тарихының сол кезде бар бүкіл көзқарастарын жинастырып, жеке мөлтек проблемаларын анықтаудың «инемен құдық қазғандай» қиын, алғыс-рақаты жоқ еңбегін атқаруға кіріседі. «Сабақты ине — сәтімен» дегендей, әйтеуір уақыт әлі өтіп кетпеген еді, кереметтей жанқиярлық еңбегі мен талантының арқасында, ол 25 жыл ішінде «Батыс Моңғолия және Урянхай өлкесі» (яғни осынау елдердің Орта азия тарихымен байланысты очеркі) жинақтама еңбегін бітіреді. Бұл туынды Азияның күллі тарихшыларының қолдан тастамайтын кітабына айналады және бұл арада автордың материалға өзіне ғана тән ыңғай-ынтамен келгенін атап өту керек. Сол уақытқа дейін Шығыс тарихымен шығыс авторларын аударатын филолог-ориенталистер ғана шұғылданады. Олардың ғылымға сіңірген енбегі ұшан-теңіз, бірақ ол тек оқып-білудің тек бір қыры ғана, бақыланатын құбылыстың көптүрлілігі сонымен бітпейді. Г. Е. Грумм-Гржимайло тарихқа географтың көзімен қарады. Саяхат-сапарларда жинақталған тәжірибесін пайдалана отырып, ол шежірелерден алған мәліметтері мен Тянь-Шаньның, Ханғай мен Гоби табиғатының арасындағы сәйкестікті табады.
Грумм-Гржимайлоның таулар мен шөлдегі өз басынан өткерген қиыншылықтары, тарихи оқиғалардың ландшафта-жер бедері бейнесімен қалай ұштасып, ұласып, кететінін көз алдына елестетуге мүмкіндік береді. Сол себепті де ол, мәселен, Бесбалық бекінісінің тұрған жерін анықтау сияқты, толып жатқан тарихи-географиялық жарқын жаңалықтар ашады. Г. Е. Грумм-Гржимайлоның өзі осынау ашқан жаңалығы туралы былай деп жазады: Бесбалықтың қоныс тепкен жерін дәл табу, мәселен, Парижді күллі әлемнің ғалымдары, бірсыпыра жылдар бойы Марселге апарып қоныстандырған жерінен, Сенаның жағасына қайта әкеліумен бірдей. Тарих пен географиядағы қаншама көмескі жер анықталды десеңізші».
Оның осынау аса зор және жанқұрбан болып жүріп бітірген еңбегіне замандастары қуанып, құттықтаулары керек сияқты еді, бірақ іс жүзінде ол өз еңбегіне теріс ниетпен қасақана түсінбестік танытушылықпен кезігіп қалады. 1898 ж. Грумм-Гржимайло ілкілік зерттеу ретінде, «Орта Азияның тарихына байланысты Бэйшанның тарихи еткен күндері» деген шағын кітабын жариялайды. Осынау жұмысында ол, кейін жемісті нәтижелерге жеткізген өзгеше әдісін қолданады. Алайда бұған жауап ретінде В, В. Бартольдтің қатал рецензиясы шығады, онда рецензияшы кітап авторының «нағыз тарихтық және филологиялық дайындығы» жоқ екенін атап, «біз ең әуелі саяхатшыдан егжей-тегжейлі географиялық және этнографиялық, мүмкін болса, сол сияқты археологиялық мәліметтерді күтеміз тағы біз осынау авторымыздың Азияның тарихи әдебиетін оқып үйренуі оның назарын бұдан әлде қайда құндырақ міндеттен (яғни экспедиция жөніндегі қарапайым есептен) аз уақытқа аударып әкеткеніне қынжылмай тұра алмаймыз»,— деп жазады.
Осы бір әділетсіз қатал пікір-сынын В. В. Бартольд Г. Е. Грумм-Гржимайлоның жауап мақаласынан кейін біраз жұмсартады, дегенмен де ол автор кітабының тек «біраз пайдасы» ғана болады деп мойындайды. Сонымен бірге ол сын жебесін ономастика проблемасын тарихшы ретінде Г. Е. Грумм-Гржимайлоның филологиялық әзірлігіне қарай аударады. Егес Орхон жазуларында кездесетін екі есім жөнінен туады, оларды П. М. Мелиоранский, В. В. Радлов пен В. В. Бартольдтің өзі түріктердің аңызға айналған түп атасының есімі деп қарайды, ал Н. А. Аристов пен Г.Е. Грумм-Гржимайло Бірінші қағанат хандары — ағалы-інілі екі кісінің есімдері деп болжау айтады.
Ақырында егес соңғы болжамның пайдасына шешіледі, сөйтіп В. В. Бартольд қарсы дау айтып жүрген, бастаухаттарды түсіндіру әдісі қалпына түсіріледі, ал Бартольд грамматикалық жағынан дұрыс оқылған текст зерттеушіні қате жіберуден сақтайды деп есептейтін. Оған сөз бар ма, тексті дәл оқу керек, алайда, бір ғана осынау айтыс тарихынан, грамматика мен фонетиканың тарихтық сынды алмастыра алмайтыны байқалады.
В. В. Бартольдтің жеке мәселелерді зерттеп, мамандардың кейбір кемшіліктерін көрсетіп отырумен ғана шектелу жөніндегі рекомендациясы бұрынғы пікірінен де қауыптырақ болатын. Бір жақсы жері Г. Е. Грумм-Гржимайло оны тіптен көзіне де ілмеді. Егер ол жұмысты басқаша істеген болса, сол кезде көл-көсір жатқан библиографияға тағы да алуан түрлі басылымдар беттерінде мүлде жүйесіз түрде жарияланған 200-300 айтыс-тартыс мақаласы қосылған болар еді.Онда бірде бір ғалымның бірде бір мәселені талдап, анықтап шығуына уақыты жетпес еді, мәселені ойластыру үшін емес, белгілі бір мақаланы іздеп табуға жұмсар еді. Мұның үстіне әлгі айтыс-тартыс болғалы бері еткен жарты ғасыр ішінде кең тақырыпта айтылған ой-пікірлерді жинап, топтастыру еңбегін өз мойнына алған бірде-бір маман табылмады.
Г. Е. Грумм-Гржимайлоның кітабы Орталық Азия тариқ-хатында жаңа кезең ашты, со кітап арқасында ғана бұл кезең аса құнарлы болды. Кейінірек Г. Е. Грумм-Гржимайлоға жазған хатында В. В. Бартольд мұны мойындауға мәжбүр болды және өзінің бұрынғы үстірт пікірлерінен бас тартады.
Алайда Г. Е. Грумм-Гржимайлоның еңбегіне деген теріс көзқарастың қоламтасы әлі күнге дейін оқта-текте бықсып қалады. А. Ю. Якубовский, В. В. Бартольдтің ертедегі пікірлерін қайталап, Г. Е. Грумм-Гржимайлоны «Шығыс тілдерін білмейді», оның «арнаулы тарихтық білімі жоқ»— деп кінәлайды.25
Жеке мәселелер мен бағалаулар жөніндегі айтыс-тартысқа тоқталмай-ақ, мен кәсіби шығыстанушы Лю Мао-Цзайдың «Түріктер мен Қытай»26 еңбегін Г. Е. Грумм-Гржимайлоның кітабымен салыстырып көрмекпін, ол еңбек ғалымның жоғарыда айтылған, қытай бастаухаттарының қомақты аудармасына қосымша ретінде берілген. Бұған қоса тағы да Лю Мао-Цзай жұмысының филологиялық жағы мінсіз екенін, оның фактілік түсініктері автордың жан-жақты білімі мен инабаттылығын көрсететінін атап өтуім керек. Ал, бірақ талдау-анализдің, оны қойшы, синтездің кезегі келді дегенше, тарихтың айрықша қабілетті, құбылыстарды кең қамтитын өзгеше жітілік пен интуицияны сезім-түйсікті қажет ететіні бұрынғыдан бетер айқындала түседі, алайда тілдерді білудің оған тікелей қатынасы жоқ. Оқиғалар арасындағы байланысты орнықтыратын тарихшының жұмысы, сол оқиғалардың болған-болмағанын анықтап беретін шығыстанушы-филологтың жұмысы біткен жерден басталады. Осы екеуінің міндетін қоса атқару ғылымның төменгі басқыштары кезінде орынды болған, бірақ енді кәзір ол бір қадам кері кеткендік. Бірақ бұл Лю Мао-Цзайдың ғылым алдындағы еңбегін әсте төмендетпейді. Ол фактілерді жинап, жақсылап түсініктеме жасаған, ал оны саралап сұрыптау ісі ғылыми анализ бен синтез негізінде жүргізілуге тиіс, сонда көшпелі халықтар дамуының әр-әр жерге тән белгілерін, сол сияқты VI—VIII ғғ. барша елдеріне тән ерекшеліктерін яғни сол ғасырды сипаттайтын өзіндік қимыл-қозғалыстар ырғағының айырмашылығын анықтау керек.
Ұғынуға тырысу. Осы мәселе жөнінде де тарихшылар арасында бірауыздылық болмады. Орхон жазулары құпиясын ашқаннан кейін, олардың мазмұн-мағынасы әлеуметтік пайымдауларға бай материал береді.
1896 ж. Л. Каэн мен Н. А. Аристов өз көзқарастарын айтады. Каэан, түріктер әсілі «саны этникалық тегіне қарай шектелмейтін жеке жайсаңдар мен рулар қоғамы болған»27— деген түйін жасайды.
Оның ойынша, түріктер өзара тек саяси бірлестіктер мен әскери тәртіп арқылы ғана байланысты болған. Қағанаттың мемлекет жүйесін ол «бюрократтық» жүйе деп атап, оны ақсүйектерге де, демократияға да қарсы қояды. Л. Каэннің көзқарасын В. В. Бартольд оның кітабына жазған рецензиясында толық талдап шыққаннан кейін, енді оған тоқтаудың қажеті бола қоймас.
Н. А. Аристов оған керегар пікір ұсынады, оның ойынша, көшпелілер арасында мемлекетті құру ісі «өз ықпалына тумалас тайпасының руларын ғана емес, басқа да тайпаларды бағындырып, бас идіріп үлгірген, батырлығына ақылы сай, әрнәрсенің көзін тапқыш ақжолды рубасылары билеген бір тайпаның күшейіп, айбаттанып шығуына байланысты» жүзеге асады. Оның құлауын автор: «рулар мен тайпалардың дербестікке ұмтылуының пәрмені әсерінен…» туатын өзара талас-тартыс есебіне жатқызады. Н. А. Аристовтың көзқарасы тұтас алғанда ақиқат шындыққа сай келеді, бірақ әлі де дәлел-дәйекті келтіріп, біраз түзетуді, дамыта түсуді қажет етеді.
В. В. Радлов кәдуелгі волюнтаризм көзқарасын құптайды. Ол: тым қысқа уақыт ішінде құдыретті тайпалар торабының құрылуына тек тайпалар көсемдерінің ықпалы ғана себепші болған — деп жорамал жасайды. Көсемдер хан өкіметін тартып алған, көшпелі мемлекетті құрып кетуден сақтап қалатын да тек ханның қуатты да қатал қолы болған. Осынау қол әлсіресе болғаны — мемлекет қақырап құлай берген. Бұл пікір туралы ханның жеке-басының қадыр-қасиетінен гөрі, халықтың көңіл күйі мен жасауылдарының берілгендігі едәуір көп дәрежеде ханның қолын қайратты, не әлсіз етіп отырған — деп айтуға болады.
«Бектер «қара халыққа» қарсы қойылған, бірақ жоғарғы өкімет әрдайым біріншілер жағында тұра бермеген»— дегенді айтып, В. В. Бартольд өзінің қолтума көзқарасын білдіреді. Ол өзінің бұл пікірін, «хан төңірегіндегі адамдар — түрік халқының шырқай көтерілуіне себепші болған, оның туған-туысқандары мен ақсүйектер»— деп оны бір қағытып өткен В. Бантімен айтысында дамыта түсті. В. В. Бартольд, «жазуларда кейбір демократиялық пікірлер де айтылады» деп өз ойын түсіндіре келіп, түрік хандарын екі Наполеонмен салыстырады, ол тәж-тағының айналасын әскери ақсүйектермен қоршаса да, демократиялық империя идеясына жүгінген. Көп уақыт өткеннен кейін, Бартольд көшпелілер өмірін олардың арасында әлеуметтік бөліну жіктелу анық көрінбей тұрған кезде бақылап, зерттеген Радлов та, қауымдық күрес фактісін дәл айтпағанын бай-бағландар мен қарапайым халық арасындағы күресті мойындаған Томсен де бұл фактінің мәнін атап өтпегенін ашып жазады. Біздің пікірімізше, В. В. Бартольдтің көзқарасы, шындыққа ұқсас сияқты болып көрінгенімен, түркіттер мен көк түріктер тарихына тұтас жасалған талдау ісімен дәлелденбеді.
Бұл тақырыпқа А. Н. Бернштам арнайы еңбегін бағыштаған. (оның көзқарасын біз әлі сынаймыз. Осы мәселені жаңа қырынан зерттеу талабы Е. Прицактің жұмысынан көрінеді, ол мұнда «көшпелі империяларды» құру суретін жалпылай салып шықпақшы болады. Қисапсыз көп фактілердің келтірілгеніне, бастаухаттардың мұқият қолданылғанына қарамастан автордың қорытындылары қарсы дау айтуға шақырады, сол себепті де оны толық қабылдай алмайсыз. Оның екі себебі бар: Е. Прицактің кейбір ой толғамдарынан, зерттеуші толық игере алмаған, үстірт пікірлер кездеседі, жеке ескертпелерінде «ауыспалы қателер» яғни кейін жоққа шығарылса да, сақталып қалған шүбәлі болжамдар бар, оның сақталып қалатын себебі, әлгі жоққа шығару библиография мұқитына құятын уақ мақалалар теңізіне батып жоғалып кеткен еді. Сәті түскенде, біз енді Прицак еңбегін түзеп отыратын А. Н. Кононовтың еңбегіндегі одан гөрі әлдеқайда дәл, әлдеқайда сенімді түріктану мәліметтерінің жинағын оқи аламыз. Сөйтіп Е. Прицактің «Дала империясы қалай пайда болған?» атты мақаласының бас жағында айтылған жалпы қағидаларына ғана көңіл бөлеміз. «Құба түзде талантты ұйымдастырушы пайда болғаннан кейін, ол төңірегіне өзіне шын берілген қайратты, жігерлі кісілер тобын жинаған, мақсаты — солардың көмегімен әуелі өз руын, сосын тайпаны, ақырында өзіміз соз еткен тайпалар одағын бағындыру. Сосын ол өз адамдарымен қарақшылық жорықтарға шығады. Егер ол жорықтары табыспен аяқталса, нәтижесінде көрші тайпаларды өздеріне қосып алады. Олардың кезекті мақсаты — бірінші жағынан, тайпалық бірлестіктердегі билеуші руларды құрту, екінші жағынан, әскер күштерін дала бекіністеріне, әуелі Орхон-Ононға, сосын Шуға орналастыру болатын.
Даладағы қасиетті мекендерді басып алуы жаңа бірлестіктің негізін салушыны, оның өкіметіне заңдылық күшін беретін құт-береке көзіне апарып қосады. Билеуші руға жататын кісілер ғана билеуші бекзаттар болып табылатындықтан да, осынау бірлестік құрамындағы тайпалар басшылары қатысатын және бекініске жақын, қасиетті орынға шақырылатын құрылтай, ескі салт бойынша, дала ханы етіп ұсынылған кісіні сайлайтын. Әдетте, бақсының ұсынысы бойынша, сайланған кісі хан атағын алатын. Бұл, лауазым әлемді билеуге талпыну ұғымын білдіретін. Билеуші лауазымымен бірге жаңа мемлекетке не бірлестікке ат берілетін».
Біздің Е. Прицакпен негізгі келіспейтініміз — принципті мәселе. Біздің ойымызша, дала бірлестіктері бір ғана әдіспен емес, бірнеше жолмен құрылған. Ханның сайланатыны жөніндегі Е. Прицак атап өтетін жәйт, өкіметті мұрагерлік жолмен алудан гөрі, сирек кездеседі. Билеуші бай-бағландар руын құртып жіберуді тек Шыңғыс хан ғана жүзеге асырған, бірақ ол түріктерге, ұйғырлар мен хұндарға тән нәрсе емес. Дін мен «бақсылар» рөлі тым күшейтіліп жіберілген (Е. Прицактің күллі дуақанттар мен жадыларды «бақсы» деп атайтыны анық, сол себепті де термин мағынасы тым кеңейіп кетеді де, пайдалануға жарамай қалады). «Құт-береке» деген ұғым генотейстік құдыретке табынумен сиыспайды, өйткені тайпалық құдырет тек сол тайпаның мүшелерін ғана демеп-жебейтін болған, ал ерте түріктер заманында тек осы құдырет қана өктемдігін жүргізген. Анығын айтсақ, Е. Прицак әскери демократияның құрылу процесін сипаттаған, ал ол айтқан, рулық құрылыста тірлік ететін жасауылдар мен тайпалардың бірлесуі Европаның отырықшы тайпаларына тән қасиет, ал осынау процесс көшпелілер арасында басқаша түрде өтетін болған.
Ел туралы егес. Ежелгі түріктер тарихын оның жеке мәселелерін анықтамай тұрып, түсінуге болмайды, сондай жеке мәселенің бірі — түріктердің өз мемлекетін атаған сөздің яғни «ел-иль» терминінің аудармасы екенін атап өту керек.
Бұл терминнің мағынасы жөнінен бірыңғай пікір жоқ. С. Е. Малов ел сөзін «Тайпалар одағы» деп аударады, бірақ оған тағы да: «мемлекет, халық» мәнін береді. Радлов, Мелиоранский, Бартольд, Томсен мен Хирт та осы түсінікті ұстанған.
Терминнің басқа түсінігін Бернштам ұсынған. Ол елді — «әртүрлі тайпалар ақсүйектерінің ұйымдық жағынан берік топтасқан, сонау» рулық қауымнан қалған дәстүрлері бар, ақсүйектік құрылыс». «Ал»— мемлекеттік ұйымды білдіреді. Түріктік «ай»— бізге тарихтан өздерін «turk» деп атаған халықтың бейнесі» деп есептейді. Осынау екі көзқарас та тексеруден кейін тұрлаусыз болып шықты. Соларды талдап көрейік.
Түріктің бірінші ханы Бумын Елхан лауазымын алған. Ол мұны жужандарды бағындырғаннан кейін барып жасаған яғни бұл өз тайпасына өзге тайпаларды қосты деген сөз. Алайда жаулап алынған тайпалар тобын одақ — деп атауды дәлсіздік деген аз, оны мүлде дұрыс емес деген жөн. Елхан лауазымының дәлме-дәл мәні —»халықтарды билеуші». Бұл түсінік Рашид-ад-Диннің парсы тілінде жаңа етістік: иль кардан — жаулап алу, бағындыру — сөзінің пайда болуымен дәлелденеді. Бұл етістік — әрине кірме сөз, бірақ ол терминнің мағнасын дәл береді. Басқа түсінікке — тайпалар келісіміне «күр-күр» деген басқа термин бар, ол түрік, моңғол тілдерінде бір мағынаны білдіреді. Бұған лайық «түрхан» термині яғни тайпалар бірлестігінің ханы деген сөз бар. Мұндай лауазым қидандардың ханында болған, өйткені олардың мемлекеті тең құқықты сегіз тайпаның одағынан тұратын. Бұған керісінше, ел — басқа тайпаларды күшпен бағындыруды білдіреді. Сондықтан да «il» терминінің дәлме-дәл аудармасы латынның «империум» немесе орыстың «держава» деген сөзі. Өзін-өзі басқаратын тайпа «ел-иль» бола алмайды.
Екінші көзқарас соның өзі табан тірейтін текстермен жоққа шығарылады, мәселен: «turk budunalin toriisin» яғни түрік халқы мен эль (елі) заңдастыра… бұл арада эль өзіне будун сөзін де қосып алады яғни билеуші тайпамен152 шектеліп қалмайды.
Екінші текс те осындай: Kamka alig kas yаn urman — мен елді кім үшін аламын. Бірақ «мемлекеттік ұйымдар көрінісін» немесе «билеуші таптарды» тартып алуға болмайды, сол себепті де Бернштам ұсынған аударма тексті мағнасыз етіп жібереді.
С. П. Толстов «эль» терминінің басқа мағнасын ұсынды: «ежелгі мағынасындағы территориялық мәніндегі емес, саяси мәніндегі мемлекет деген сөз»153. Бірақ осылай түсінген күннің өзінде, эль — елде бағындырылған тайпалардың болатынын ескеру керек. Осыған тоқтасақ, біз бастаухаттардың мәліметтері мен ешбір қайшылыққа келмейміз.
Сонымен ел — орда мен тайпалардың қатар өмір сүруінің бір түрі болған. Түптеп келгенде осынау өзара байланыс бейбіт жолмен жүзеге асуға тиіс сияқты көрінсе де іс жүзінде оның екі жаққа да ауыр соққаны сондай, ел бірден-ақ тіршіліктің баянсыз түріне айналады. Бағындырылған халықтың жәбір-жапа шеккені, олардың кез келген қолайлы уақытта бөлініп шығуға тырысқаны — әбден түсінікті, бірақ орданың өзінің жағдайы жетісіп тұрған жоқтұғын. Мемлекетті сақтап қалу қажеттігі бектер мен будунды (халық) тыныштықтан айырады, өйткені соғысқа ұдайы сақадай сай тұру ғана ел тіршілігінің кепілі еді. Соғыста жеңілу, елшінің жаңылысуы, опасыз сатқындықтың бірді-екілі жәйттері, тіпті қарапайым салақтықтың өзі елдің амандығына қауып төндіретін. Міне, тек осы себептен де орта ғасырдың бас кезіндегі Кіндік Азияның саяси құрылымдарының өміржасы ұзақ болмаған.