АНТИКЛИНАЛЬ

АНТИКЛИНАЛЬ (грек.  — қарсы, klino — ию) — бір- бірімен қат-қабаттала жапсарласқан шөгінді, жанартаутекті немесе метаморфтық тау жыныстары қабаттарының құрылымдық пішіні. А. қат-қабаттардың дөңестеле иілуінің нәтижесінде қалыптасады. Иілімнің бүгілу нүктесі — иілім құлпы (о), қабаттардың төмен қарай еңістене құлаған жақтары — иілім қанаттары (б), иілімнің ішкі өңірі — иілім ядросы (а), иілім қанаттарын бір-біріне шамалас екі бөлікке бөлетін жазықтық (оа түзуі бойындағы жазықтық)  осьтік жазықтық деп аталады (суретті қ.). А-дің өзіне тән ерекшелігі — оның ядросында (а нүктесі өңірінде) тау жыныстарының көнелеу қабаттарының, ал қанаттарында (б) жастау қабаттардың орналасатындығы. А-дің өстік жазықтығы мен қанаттарының кеңістіктегі орындарына қарай антиклинальді иілімдер түзу, қисайған, көлбеу, төңкерілген, т.б. болып бөлінеді. Қанаттардың пішініне қарай А. симметриялы, асимметриялы, изоклиналь, желпуіш, сандық тәрізді болады. Егер алдынан қарағанда А-дің ұз. көлденеңінен бірнеше есе артық болса, созыңқы А., ұз. көлденеңінен аздау артық болса брахиантиклиналь, екі өлшемі тең болса күмбез А., ал жан-жағы тұйықталып көрінсе, периклиналъ деп аталады.  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *