Кәсіпорын» программасының режимдері.

Кәсіпорын» программасының режимдері.

1С төрт режимде іске қосылуы мүмкін:

Кәсіпорын – ақпараттық базаны қолдану режимі. Бұл режимде жай қолданушылар жұмыс жасайды, мәліметтер енгізеді, есеп берулерді басады және т.б. Бұл режимде конфигурациялар режимін өңдеуге болмайды.

Конфигуратор – конфигурациялау (программалау) режимі. Бұл режимде программистер жұмыс істейді, жаңа анықтамалар, есеп берулер құрайды, программалық модульдер жазады. Бұл режимде ақпараттық базаға мәліметтер енгізуге болмайды.

  • Монитор – берілген уақытта ақпараттық базамен жұмыс істеп отырған қолданушыларды бақылау режимі. Ақпараттық базамен жасалатын барлық операциялар тіркеу журналында тіркеледі. Монитор режимінде нақты қолданушының нақты объектіге қатысты жасалған барлық операциялыр жиынтығын алуға болады, және де сүзгілеудің басқа да шарттарын енгізуге болады.

 

Дұрыстаушы – программамен қиындықтар болған жағдайға негізделген программистерге арналған бағдарлама. Мұнда программаның нақты жүрістеріне қарай бөліп қарастыруға болады. Бұл кезде программа Кәсіпорын режимінде орындалады. 1С:Кәсіпорын жүйесінің конфигураторы 1С-тің іске қосылуының арнайы режимі болып табылады, және ол құрастырушы программистерге арналған. Бұл режимде өндеуші  мәліметтер базасында, программалық модульдерді, құрылымын түзетеді немесе құрастырады, әкімшілік жұмыстарды жүргізеді. Конфигурация режимінде ақпараттық базаға, мұрағаттардан мәліметтерді енгізуден басқа, мәліметтерді енгізуге болмайды. Жай қолданушылар басқа «Кәсіпорын» режимінде жұмыс жасайды. Бұл режимде мәліметтерді енгізуге, анықтамаларды толтыруға, құжаттарды енгізуге, еесп берулерді құрастыруға және түзетулерді енгізуге  болады. Кәсіпорын режимінде конфигурациялар құрылымын түзетуге болмайды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *