Кіріктірілген мәтіндік редактор жүйемен кіріктірілген тілдегі програмдық модульдерді құру және мәтіндік түрдегі құжаттады түзету үшін пайдаланылады. Редактордың ерекшеліктерінің бірі болып кіріктірілген тілдің синтаксистік конструкцияларды контекстті түспен ерекшелеу мүмкіндігі табылады. Жүйенің кіріктірілген тілінің мәтіндерді басқарудың (манипуляциялау) күшті құралына ие болғандықтан, мәтіндік пішім басқа әр түрлі ақпараттар жүйелерімен алмастыруға үздік қолданылуы мүмкін.Диалогтардың кірістірілген редакторы. Күйге келтірілетін құрылымдағы мәліметтермен жұмыс және МS Windows операциалық жүйесі интерфейсінде жұмыс істеу ақпаратты өңдеу мен енгізу нысандары өз бетімен күйге келтіру қажеттілігін тудырады. Бұл үшін «1С Кәсіпорын» жүйесінде кіріктірілген экрандық диалогтар редакторы бар. Жүйеде пәндік ақпараттарды (құжаттарнысаны, сұраунама, есеп берулерді күйге келтірулер) қарауға және енгізуге қолданылатын көптеген терезелерді рәсімдеуге көмектеседі.Кестелік құжаттардың кіріктірілген редакторы. Барлық шығыс құжаттары (алғашқы құжаттар, есеп берулер) үшін жүйеде кестелік құжаттардың бірыңғай пішімдері қарастырылған. Бұл құрамында кестелік құрылымы мен веторлық графиканың рәсімдеушілік мүмкіндіктерін енгізетін күшті құрал. Сондықтан да ол өте қиын құрылымдық сызығы бар кішкентай құжаттар (төлем тапсырыстары сияқты), сонымен қатар көлемді ведомостер, журналдар және сол сияқты басқа да құжаттарды құруға қолданылуы мүмкін. Кестелік құжаттар қолданылушыларға рәсімдеу мүмкіндіктерінің (қаріп, түс, сызық, оюлар) үлкен жиынын береді. Графикалық түрдегі (диаграммалар) ақпаратты шығару мүмкіндігі бар. Кестелік редактордың негізгі ерекшеліктерінің бірі болып, «1С:Кәсіпорын» жүйесінің кіріктірілген тілі көмегімен есеп берулердің құрылуына бағытталуы есептілінеді. Есеп берулердің құрылуының иілгіштігі оның көмегімен секцияларды (құжат аумақтары) басқару механизмінің бар болуының көмегімен мүмкін болады. Кестелік редактор тек тік секцияларды ғана емес сонымен қатар көлденең секцияларында басқаруға мүмкіндік береді, бұл есеп берулердің құрылуын тек ұзындығына ғана емес, сонымен қатар ені бойынша да масштабтауға мүмкіндік береді. Және де сонымен қатар басқа жағынан, мәлуіметтерді енгізудің құралы және оларды өңдеу мен бейнелеудің интерактивті кесте түріндегі есеп беруді құру мүмкіндігі де өндірілген.
- Конструкторлар – «1С: Кәсіпорын» жүйесіндегі стандартты элементтерін өндіруді жеңілдететін көмекші құралдар. Жүйеде анықтама, құжат, құжаттар журналы, есеп беру және субконто түрі конструкторлары бар. Тағы бес конструкторлар стандарты жағдайлардағы модульдік бағдарламаларды құрастыруды жеңілдетеді.