Бухгалтерлік ақпараттың классификациясы.
Бухгелтерлік ақпарат әр түрлі классификацияларына қарамастан келесі түрлерге бөліне алады:
- ол ақпараттық жүйе қатынасына байланысты кіретін (ішкі, сыртқы), шығатын (ішкі, сыртқы) болып бөлінеді;
- өңдеу үрдісіне байланысты өңделмейтін және өңделетін (аралық, қорытынды);
- қалыптасу және өңделу сатыларына байланысты біріншілік және екіншілік;
- объективтілік дәрежесіне байланысты сенімділік және сенімділік емес;
- қаныққан дәрежесіне байланысты жеткілікті және жеткілікті емес;
- мәнділігіне байланысты пайдалы және пайдалы емес;
- тұрақтылық дәрежесіне байланысты ауыспалы және тұрақты (абсолютті тұрақты, шартты тұрақты);
- қалыптасу көзінің әсер етуіне байланысты активті және пассивті;
- идентификация қалыпына байланысты сандық, алфавитті және символдық;
- егер бухгалтерлік ақпарат сенімді және мәнді болса ғана ол пайдалы болады;
- қандай да бір нақты тұлғаның қызығушылығын тудырмайтын және жеңіл тексерілетін кәсіпорындағы шаруашылық процестердің толықтығын сенімділік көрсетеді;
- бухгалтерлік ақпараттың мәнділігі кері байланысқа сүйенетін қажеттілігі мен уақыттылығынан тұрады.
Бухгалтерлік ақпаратқа қабылдаудың біртектілігімен байланысты талаптар, төмендегідей:
Құжат – мәнділігі бойынша әртүрлі, бірақ құрылымы бойынша бірдей көрсеткіштерден тұратын ақпараттар жиынтығы. Хабарлама – белгілер-реквизиттерден ғана тұратын ақпараттар жиынтығы.
Файл (массив) – мәнділігі әртүрлі анық құрылымды хабарламалар немесе реквизиттердің бірнеше көрсеткіштерін қосатын ақпараттар жиынтығы.
Ақпараттық ағын – бухгалтерлік есептің қандайда нақты бөлігіне байланысты массивтер жиынтығы.
Ақпаратық жүйе – тікелей және кері байланыстары бар ақпараттық ағындардан тұратын ақпараттың ең биік бірлік дәрежесі болып табылады.