Бірнеше ұйымдар қызметі есебін жүргізу
«Қазақстан үшін 1С:Бухгалтерия 8.0» көмегімен бірнеше ұйымдардың шаруашылық қызметінің бухгалтерлік және салықтық есебін жүргізуге болады. Сонымен қатар «Қазақстан үшін 1С:Бухгалтерия 8.0» бірнеше ұйымдардың бухгалтерлік және салықтық есебін жалпы ақпараттық базада да жүргізуге мүмкіндік береді (мұнда жеке ұйымдар атынан жеке кәсіпкерлер де шыға алады). Бұл қолайлы, егер бұл ұйымдардың шаруашылық қызметі өзара тығыз байланысты болса: тауарлардың жалпы тізімін, контрагентерді (іскер серіктестерді), жұмыскерлерді, қоймалар (сақтау орындары) және т.с.с. қолдануға болады, ал міндетті есеп беруді жеке қалыптастыру қолайлы.
Тауарлы-материалдық қорлардың есебі
ТМҚ есебі үшін материалды-өндірістік қорлардың шығарылуын бағалауда келесі әдістер қолданылады:
- орташа өзіндік құн бойынша;
- уақыты бойынша алғашқы материалдық-өндірістік қорлардың өзіндік құны бойынша (ФИФО әдісі);
- уақыты бойынша соңғы материалдық-өндірістік қорлардың өзіндік құны бойынша (ЛИФО әдісі).
Материалдық-өндірістік қорлар есеп шотындағы ФИФО және ЛИФО бағалау әдістерін қолдау үшін партиялық есеп жүргізіледі. ТМҚ-ның әртүрлі есеп шотына өзіндік құнды бағалаудың әртүрлә әдістері қолданылуы мүмкін (БЕХС 2 сәйкес).
Қоймалық есеп
Қойма бойынша сандық немесе сандық-сомалық есеп жүргізіледі. Бірінші жағдайда тауарлар мен материалдарды бағалау олардыңқай қоймадан алынғанына байланысты болмайды. Қоймалық есеп жабылуы мүмкін, егер оған қажеттілік болмаса.
«Қазақстан үшін 1С:Бухгалтерия 8.0»-да түгендеу мәліметтері тіркеледі, олар автоматты түрде берілген есеппен сәйкестендіріледі. Түгендеу негізінде артықшылықтар мен кемшіліктердің шығарылып тастауы көрсетіледі.
Сауда операцияларының есебі
Тауарлардың келіп түсуі мен қолдану және қызметтер операцияларының есебі автоматтандырылған. Тауар сатылған жағдайда төлем шоты жазылады, шот-фактуралар мен үстеме қағазы рәсімделеді. Көтерме саудадағы барлық операциялар сатушы мен сатып алушы келісім шартында есептелінеді. Сатып алушыдан жабдықтаушыға тауарлардың қайтарылуын көрсету автоматтандырылған. «Қазақстан үшін 1С:Бухгалтерия 8.0»-да бағалардың бірнеше типтерін пайдалану жүзеге асырылады, мысалы: «көтерме», «ұсақ көтерме», «бөлшек», «сатып алынған» және т.б. бұл келіп түсу мен қолдану жұмыстарын бейнеленуді жеңілдетеді.
Банктік және кассалық операциялар есебі
Валюталық операциялар мен қолда бар және қолда жоқ ақша қаражаттарының қозғалысының есебі қолданысқа берілген. Төлем тапсырыстарын, кіріс және шығыс кассалық ордерлерді енгізу мен басу қолданады. Жабдықтаушылармен, сатып алушылармен және есеп беруші тұлғалармен есеп айырысу операциялары, есеп айырысу шотына қолда бар ақшаны енгізу және ақша чегі бойынша ақша алу, шетел валютасын алу мен сату автоматтандырылған. Операцияларды көрсетуде төлем сомалары автоматты түрде аванс және төлемге бөлінеді.
Кассалық құжаттар негізінде берілген үлгіде кассалық кітап нысандалады.
Контрагенттермен есеп айырысу есебі
Жабдықтаушылар және сатып алушылармен есеп айырысу есебін теңгемен, шартты бірлікпен және шетел валютасымен жүргізуге болады. Әр операция бойынша бағамдық және сомалық айырмашылықтар автоматты түрде есептелінеді. Контрагенттермен есеп айырысуды жалпы келісім-шарт бойынша немесе есеп айырысудың нақты құжатын көрсетумен жүргізуге болады. Есеп айырысу әдісін жүргізу әр келісім-шарт үшін жеке анықталады. Келіп түсу және қолданысқа беру құжаттарын рәсімдеу кезінде барлық контрагенттер үшін жалпы бағамен қоса нақты келісім-шарт үшін жеке бағаларды пайдалануға болады.