Ірі аудиторлық фирмалардың басқару құрылымы келесідей болу мүмкін:
- директорлар кеңесі;
- директор;
- аудит объектілері бойынша департаменттер (жалпы аудит, банктік, сақтандыру, зейнетақы қорларының және басқа қаржылық институттардың);
- кеңес беру департаменті (салықсалу, бухгалтерлік есеп мәселелері бойынша);
- маркетинг бөлімі, бухгалтерия, ақпараттық, заңгерлік бөлімдер және т.б.
Орташа аудиторлық фирмалардың ұйымдық құрылымында төмендегі лауазымды қызмет түрлері болуы мүмкін:
- фирманың директоры;
- фирманың аудит жөніндегі директоры (аудит бөлімі);
- кеңес беру (консультациялық) бөлімі;
- мүліктерді бағалау, заңгерлік, ақпараттық, шаруашылықжәне т.б. бөлімдер.
Ірі аудиторлық компаниялар, сондай-ақ , халықаралық фирмалар аудитті мынадай құрамда жүзеге асырады: аудитордың көмекшісі, аға аудитор, супервайзер, менеджер және партнер.
Аудитордың көмекшісі аға аудитордың тарапынан тұрақты бақылаусыз өз бетінше жұмыс жасай алмайтын, аз ғана тәжірибесі бар тұлға. Олар тікелей орындаушы персоналмен және клиенттің бастапқы құжаттарымен жұмыс жасайды, тестілеу нәтижелерін аудиторлық жұмыс парақтарында көрсетеді және оларды талдау жасау үшін аға аудиторға береді.
Аға аудитор аудиттің жеке бір субъектісінде топтың жұмысын бақылайды, қызметтің күн сайынғы мониторингін жүзеге асырады, аудиторлық қорытынды есептің алдыңғы нұсқасын дайындайды.
Менеджер немесе супервайзер бір уақытта бірнеше субъектідегі аудитке басшылық жасайды. Жалпы менеджерлер аудиторлық қорытынды есептің алдыңғы нұсқасын қарауға және оны бекітуге жауапты.
Компанияның партнерлары. Халықаралық тәжірибеде аудиторлық фирмалар партнерлықтық заңды нысаны, бизнес иесі болып табылады және оларға толық материалдық жауапкершілік жүктеледі. Халықаралық компанияларда аудиторлық қорытынды есепке қол қоюға тек партнер құқылы. Партнерлар клинтпен байланыстар үшін, бизнестің стратегиялық дамуы үшін жауапты.
Аудиторлық қызметтің сапасына бақылау жасау бірнеше аспектілерде жүзеге асырылады:
- негізгі аудитордың өз ассистенттерінің жұмысына бақылау жасауы;
- аудиторлық фирманың аудиторлардың жұмысына бақылау жасауы;
- сыртқы бақылау.
Негізгі аудитордың өз ассистенттерінің жұмысына бақылау жасауы. Негізгі аудитор аудиттің орындалуына толық жауап береді. Тексеру жүргізу кезінде ол ассистенттердің жұмысына бақылау жасауға, кәсіпорын қызметінің мәселері, есепті және соған сәйкес, аудитті ұйымдастырудың болуы мүмкін мәселелері бойынша нұсқау беруге тиісті. Аға аудиторларға және қатардағы тексеруге қатысушыларға берілген кез-келген тапсырма, жұмысты тапсырған жақ оны орындаушының осы жұмысты орындауға білімі мен тәжірибесінің жеткіліктілігіне саналы түрде сенімді болатындай етіп жүзеге асырылуға тиісті.
Аудиторлық фирманың аудиторлардың жұмысына бақылау жасауы. Орташа және ірі аудиторлық фирмаларда орындалатын жұмыстардың сапасына және аудит бойынша процедуралардың жүзеге асырылуына бақылау жасау біліктілігі жоғары мамандардан құрылған Сарапшылар Кеңесіне жүктеледі. Бұл кеңес жұмыс тобының қатысушылары дайындаған барлық жұмыс файлдарын тексереді. Фирмаішілік сатндарттарға сәйкес аудиттің сапасына бақылау жасауды қамтамасыз ету үшін тұрақты және ағымдағы файлдар енгізілген құжаттар жасалуға тиісті.
Ағымдағы файлдар — жұмыс тобының жетекшісі тексерген құжаттар.
Аудит нәтижелерін тексеру кезінде негізінен төменгі мәселелерге көңіл аудару керек:
- аудиттің жалпы жоспарға және бағдарламаға сәйкес орындалғандығы;
- жасалатын жұмыстардың және олардың нәтижелерінің тиісінше құжатталғандығы;
- айқындалған аудиторлық процедуралардың мақсатына жеткендігі;
- тексеру нәтижелерінің қаржылыққорытынды есептің дұрыстығы жөнінде ой-пікір білдіру үшін негіз болатындығы.
Тұрақты файлдар — Сарапшылар Кеңесі мен аудиторлық фирманың басшысы тексеріп, бекіткен құжаттар. Оларға келесілер жатады:
- қызмет көрсету процесіндегі екі жақтың міндеттері мен шарттары туралы ақпаратттары бар клиентке арналған хат-келісім;
- клиенттің ішкі бақылау жүйесіндегі негізгі кемшіліктер және оларды жою жөніндегі ұсыныстарды хабарлаушы хат;
- Аудиторлық тексеру нәтижелерін қарастыру хаттамалары және т.б.
Аудитор жұмысының сапасына сыртқы бақылауды мемлекеттік органдар жүзеге асырады. Бірақ бұл бақылау жанама болып табылады, себебі оның мақсаты – аудитордың жұмысын тексеру емес, салық төлеудің дұрыстығын, кәсіпорында заңға қайшы іс-әрекеттердің орын алуын және т.б. тексеру.