Мәліметтер жиынтығы

Мәліметтер жиынтығы – тиісті қорытынды пікірлерді құрау мақсатында іріктеу жасау үшін аудитор негізге алатын мәліметтер кешені.

Мәліметтер жиынтығы  бір жылдағы еңбек ақы  бойынша барлық сметалардан тұрадыделік, бірақ аудитор жылдың ортасында еңбек ақыны есептеуге жауапты адамның ауысқанын біледі.  Аудитор қатенің болу мүмкіндігі жауапты тұлға ауысқаннан кейін оған дейінгіге қарағанда жоғарырақ екендігі жөнінде қорытынды жасай алады. Сондықтан, шынмәнәнде мәліметтердің жиынтығы екеу болады. Әрбір іріктеудің жоспары басқалардан өзгеше болуы керек.

Мәліметтер жиынтығын іріктеу жасау оның толықтығын көрсете алмайтындығын ескеру  керек. Мәліметтердің азайғандығын (немесе толықтығын) тексеру бастапқы құжаттардан басталып қаржылық  қорытынды есеппен аяқталғанға дейін жүзеге асырылуға тиісті.

Жиынтық   страталарға немесе  кіші жиынтықтарға бөлінуі мүмкін. Мұндай кезде әрбір страта жеке-жеке тексеріледі. Яғни, «жиынтық»  терминінің ішіне «страта» термині кіреді.

Стратификация — жиынтықты әрқайсысы ұқсас сипаттарымен  (жиі кездесетін ақшалай құн) іріктеу бөліктерінің тобы болып есептелінетін  кіші жиынтықтарға бөлу процесі.

Стратификация  мәліметтер жиынтығының шегінде баптардың өзгеру дәрежесін төмендету үшін қолданылады және аудиторға өзінің назарын қаржылық  қателердің  болу ықтималдығы   жоғары салаға  аударуға мүмкіндік береді. Ол іріктеу көлемін азайтуға жағдай жасайды.

Іріктеу көлемі.  Іріктеу көлемін анықтау кезінде аудитор іріктеу тәуекелдігін, жіберілген қателердің санын және қатені табу дәрежесін ескеруге тиісті.

Жіберілген қате – аудитор қабылдайтын және сол кезде  өзінің  мақсатына қол жеткізгендігі туралы қорытынды жасайтын  мәліметтер  жиынтығындағы ең көп қателер. Бұл аудитордың бақылау процедураларының орындалмау жағдайларының белгілі бір санын қабылдайтындығын және ол процедураларды тиісінше ішкі бақылаудың орындайтындығы туралы қорытынды жасайтындығынбілдіреді. Демек, аудитор іріктеу кезінде маңызды қателердің белгілі бір санын қабылдайды және солкездле іріктеу жасалған   мәліметтер  жиынтығында елеулі бұрмалаушылық  жоқ деген қорытынды жасайды.

Болжамды қателер. Егер аудитор мәліметтер  жиынтығында қате бар деп болжайтынболса, онда үлкен көлемдегі іріктеуді зерттеу қажет. Егер аудитор мәліметтер  жиынтығында қате жоқ деп есептейтін болса, онда іріктеудің кішкене көлемі анықталған болып табылады.

Мәліметтер  жиынтығында болжамды қателерді анықтау кезінде аудитор өткен тексерулердің барысында анықталған қателердің саны, субъект қызметіндегі өзгерістер сияқты факторларды есепке алады. Басқа процедураларды жүзеге асыру арқылы алынған дәлелдеулер есепке алынады.

Аномальдық (ауытқушы) қате – кейбір нақты жағдайлардан басқа жасғдайларда қайталанбайтын, және сондықтан да қатені көрсетпейтін, бөлек оқиғалардың салдарынан туындаған қате.

Іріктеудің негізінде дұрыс қорытынды жасау үшін мәліметтер  жиынтығына тән болып табылатын үлгілерді таңдап алу қажет. Мәліметтер  жиынтығының барлық баптары үшін олардың таңдалып  алынғандығына  белгілі бір ықтималдық бар болуға тиісті.

Еркін таңдап алу. Қарапайым еркін іріктеу- бұл, мәліметтер  жиынтығының барлық баптарының іріктеліп алынуға бірдей мүмкіншіліктері болатынтаңдап алу әдісі. Сондықтан үлгі мәліметтердің барлық жиынтығын жалпы түрде көрсетеді.

Кездейсоқ таңдап алу — бұл,  жүргізілу барысында мәліметтер  жиынтығын құраушы барлық баптардың  таңдалып алуына бірдей мүмкіншілік беруге аудитор ынталанатын таңдап алу процесі.

Құны бойынша таңдап алу. Мұндай жағдайда мәліметтер  жиынтығын іріктеу ретінде баптар емес, ақша бірлігінің құны пайдаланылады. Құн бойынша таңдап алудың артықшылығы жоғары көрсеткіш құны бар баптардың таңдалынып алуы мүмкіншіліктерінің үлкен болуында.

Жүйелі таңдап алу. Үлгілерді жүйелі түрде таңдап алу кезінде аудитор мәліметтер  жиынтығының көлемін іріктеудің көлемінебөлу арқылы іріктеудің біріңғай интервалын анықтайды. Еркін басталған нүктені  анықтағаннан кейін іріктеу интервалына сәйкес келетін әрбір бап іріктеледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *