Л. Гумилев
Жужандағы жанжалдар. Жужанды аман сақтап қалу үшін Чеуни қолынан келгеннің бәрін жасады. Телеуіттерді талқандаған соң, ол батыстағы соғысты соза бермей, эфталиттермен бітім шартын жасады, Бұл одақ жужан ханшалары мен эфталитет бекзаттарының некелесуімен бекітіледі». Шығыс жақта жужандар бірлесе отырып, Маньчжурия тайпаларының бірі дидэуганді талқандап, Вэй үйінің Маньчжуриядағы позициясын әлсірету үшін Кореямен (Гао-Гюйли) байланыс жасайды.24 Сол сияқты Тұрфан мәселесі де ойдағыдай шешіледі. 518 ж. Қытай үкіметі Тұрфан көгалжайының халқын Ішкі Қытайға көшіру жөніндегі ниетінен ресми түрде бастартады да, Гаочан кінәздігін таниды.25 Сонда тегі тұрфандықтардың жужандармен арадағы сауда-саттығы үзіліп қалмағанға ұқсайды, жужандар астықпен, маталармен үздіксіз, қамтамасыз етіліп отырылады. Темір бұйымдарын жужандарға олардың алтайлық бағыныштылары түркіттер (түрік-тоқюлар) жеткізіп тұрады.
Бірақ ордадағы бірлік бұзылады. Жужанға будда діні енеді. Әдеттегіше, будда миссионерлері ең әуелі дінге ханды кіргізеді. Хан қосынында, «шамандар»— будда молдалары мен «нийер»— сопы әйелдер пайда болады. Жана жағдайда будда діні ғажайып түрге енеді: мәселен, сопы әйелдердің заңды ерлері болады, бірақ хан бұған, тегі, күдіктенбесе керек. Алайда, мәліметтердің тым аздығына қарамастан, будда діні жұрттың бәріне бірдей ұнады деп кесіп айтуға болмайды. Оған қарсылар ханның өз үйі ішінде де, әскер арасында да пайда болады. Жужан енді бұрынғыдан да зәру болып отырған бірліктен айрылды. 513 ж. Қытайдағы жужан елшілігінің басында бақсы-шаман Хунсан тұрады, ол «інжумен көмкерілген идолды»26 әкеледі. Бұл діни кісінің пенделік қызмет атқаруының көшпелілер тарихындағы тұңғыш мысалы болса керек.
Бұдан да өткен өрескел тағы бір жайт бар. Жужан қосынында Дэу-Хунь дуана атты жас сопы әйел тұрады. Мұнда көзге ұратын бір нәрсе — оның «дуана» аты парсыша «құшнаш» деген сөз. Ол балгерлік, бақсылықпен жұртты емдеген және Чеуну оған әрдайым көзсіз сенген.27 Қытай шежіресі оны алдамшы-сұрқия деп атап, оның мекерлігін сөз етеді, бірақ бізге керегі бұл емес. «Чеуну оны қатты құрметтеп, жанындай жақсы көрген, соның ақылымен іс-әрекет жасап мемлекеттік басқару ісін шағыстырып жіберген»28. Ордада ханның нақсүйеріне қарсылық күшейеді, сөйтіп, 520 ж. хан жорықта жүрген кезде құшнаш қатынды, ханым ананың әмірімен, буындырып өлтіреді, Чеуну қайтып келгеннен кейін, бекзадалармен ауыз жаласқан анасы оның да көзін құртады, ал тәж-тақты басқа баласы — Анахуанға береді.
Арада он күн өтпей жатып, Чеунудың кегі қайтарылады. Ханның туысқаны Шифа деген кісі ордаға шабуыл жасап, оны күл-талқан етеді. Анахуан Қытайға қашып кетеді де, оның шешесі мен аға-інілері жусатып салынады. Анахуан Қытайда әркімге бір жаутаңдап, қайсысы жарылқайды деп жүргенде, оның Поломын деген ағасы жақтастарын жинап алып, Шифаның аяғын аспаннан келтіреді. Шифа Маньчжуриядағы дидэуган29 тайпасына қашып барып, сонда қаза табады. Поломын хан атына не болады. 521 ж. оны көтеріліске шыққан телеуіттер жеңеді де, өзі қалған бодандарын ертіп, Қытайға көшіп кетеді. Жужан тағы ажал аузына жақындайды.
Ақарында Қытай көздеген мақсатына жетеді: жужанның қос ханы да оның қолына өздері келіп беріледі. Теріскей жақтан қатынаған кісілер: «Мемлекет аласапыран болып жатыр30. Әрбір тайпа өз бетімен бөлек тұрып, бір-бірін алма-кезек тонап жатыр» — деп айтып келеді.
Алауыздықты телеуіттер өз мүддесіне пайдаланады: азаптан өлген Мивотудың інісі Ифу Гаогюй мемлекетін қалпына түсіріп, 521 ж. Поломынның жужандарын ойсырата жеңіп, оларды Қытайға қуып тығады31. Со жылдың күзінде гаогийлардан Анахуанның орнын басып қалған інісі Синиф Қытайға қашып барады. Қытай үкіметі осынау табысын тиянақтай түспекші болады. Жақтастарымен бірге Полымынды Қытайдың ішіне, Көкінор көлінің жағасына қоныстандырады да, сенімге ие болған Анахуанды шекара сыртына — Дуньхуанның теріскейіне орналастырады. Поломын ә дегеннен эфталиттерге қашып кетпекші болады, өйткені оның үш қарындасы эфталит ханына тұрмысқа шыққан еді. Бірақ оны ұстап алады да, түрмеде көз жұмады. Анахуан одан ұстамды екен. 552 ж. ол тұқым себеміз деп он мың қап тары сұрап алады, жужандар оны жеп қойғанға ұқсайды, соның салдарынан келесі жылы олар ашаршылыққа ұшырайды да, қытай жұртын талап-тонай бастайды. Істің мән-жайын тексеруге келген Қытай шенеунігін Анахуан ұстап қалады да, жақын жерде қолға іліккен нәрсенің бәрін талапайлап алып, бүкіл халқымен солтүстікке көшіп кетеді. Онда барғасын қытай шенеунігін босатып жібереді. Оның соңынан қуалауға жіберілген қол жер сипап, қайтып келеді32. Осынау басты өлімге байлаған көзжұмбайлық әрекет жужандарды зор бәледен құтқарады.
Вэй империясы кісі кез алдында таң қаларлық жылдамдықпен азып-тозып бара жатты, онда жыл сайын жаңа саяси ақуал туа береді. 496 ж. хилар (татаптар) бұрқ етіп көтеріледі де, Қытай Батыс Маньчжуриядан айрылып қалады33. Оңтүстік Қытайда Лян империясы белсеніп шығады, ақырында 524 ж. елдің теріскей түкпіріндегі Войе бекінісінде гу етіп көтеріліс оты тұтанады да, тез жанып, жайылып кетеді. Анахуан со көтерілісті басамын деп бас көтеріп, 525 ж. көктемінде бүлікшілерді жаныштайды. Бұл еңбегі үшін ол «әралуан заттан» тарту-таралғы алып, күнәсі кешіріледі. Енді Гаогюйдің кезегі келеді. Телеуіттермен жеке қалған жужандар олардың тас-талқанын шығарады. Ифу інісі Юегюйдің қолынан қаза табады, ол соғысты жалғастыра бергісі келгенімен, 534—537 жж. ағасы сияқты жеңіліп қалады. Ифудің баласы Биди өз ағасын өлтіріп, жауға қарсы күресті бастайды. 540 ж. жужандар Бидиді біржолата жеңеді де, Гаогюй мемлекеті өмір сүруден қалады. Бұл кезде Қытайдағы Вэй империясы шығыс және батыс болып, екіге бөлініп өзара қырқыса бастайды. Осы арада Анахуан басты күш ретінде алға шығады да, екі жақ та мұның алдында мөлтеңдеп тұрады. Бұл қандыбалақ Жужан даңқының соңғы сәулесі еді.