АНТЕЦЕДЕНТТІ АҢҒАР

АНТЕЦЕДЕНТТІ АҢҒАР (лат. anteedntis — алдыңғы) — таудың қыраттары мен жоталарын айналмай, кесе-көлденең қиып өтетін, пішіні тар, терең әрі жарқабақты аңғарлар. Су ағысының жылдамдығы әсерінен пайда болады. Әдетте, таулардың алдыңғы қырқалары мен кертпештерінде байқалады. Осындай аңғарларға еліміздегі Ертіс өз-нің Қалба жотасын, Іле өз- нің Қараой үстіртін кесіп өткен аңғарлары жатады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *