АНТАРКТИКА — (грек. anti — қарсы, arktikos — солтүстік)

АНТАРКТИКА — (грек. anti — қарсы, arktikos — солтүстік) Жер шарының оңтүстік поляр аймағы. А-ның табиғи шекарасы өте айқын байқалады. Ол дүние жүз. мұхиттың беткі суларының біршама жылы және керісінше мейлінше салқын бөліктерінің араласатын аймағы — антарктикалық конвергендену белдемі арқылы өтеді. Бұл шекара, негізінен, 48 — 60° оңт. ендік аралығында орналасқан. Поляр аймағын алып жатқан А-ның аум. шамамен 52 млн. км2. Оның құрамына бетін қалың мұз жамылғысы жауып жатқан Антарктида құрлығы мен оған жалғас жатқан Александр I жері, Оңт. Шетланд, Оңт. Оркней, Оңт. Сандвичтер, Оңт. Георгия, Баллени аралдары мен арал топтары және құрлық жағалауын шайыпжатқан, шартты түрде Оңт. мүхит деп аталатын — Тынық, Атлант, Үнді мұхиттарының А-лық бөлігі енеді. Құрлық жағалауындағы қайраңдарда Росс, Уэделл, Беллинсгаузен, Ынтымақ, Ғарышкерлер т- дері бар. Уэделл және Росс т-дерінің елеулі бөлігін қайраңды мұздықтар басқан. Қыс кезінде мұхиттағы қалқыма мұздықтар шекарасы солтүстікте ашық мұхит айдынында 50° оңт. ендіктерге дейін жетіп, аумағы 20 млн. км2 болады. Бір жылдық мұздың қалыңдығы 1,5 — 2 м жетеді, көп жылдық мұздар мұзтау түрінде кездеседі. А. Арктикамен салыстырғанда табиғатының қаталдығымен ерекшеленеді. Онда жер шарының ең суық полюсі орналасқан (- 89,2°С).         

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *