АНТАРКТИДА ТҮБЕГІ, Антарктида құрлығының 55 — 80° батыс бойлық аралығанда, Беллинсгаузен мен Уэдделл т-дерінің жағалауында орналасқан. Ол Оңт. Америкадағы Анд тауларының жалғасы болып саналады, оны Америка құрлығынан Дрейк бұғазы бөліп жатыр. Түбектің солтүстігінде Оңт. Шетланд, Оңт. Оркней аралдары орналасқан және олардың біраз бөлігін қайраңдық мұздықтар жапқан. А. т. солтүстігінде Палмер, оңтүстігінде Грейам жері бар. Палмердегі жер бедері биік таулы болып келеді. Ең биік жері — Джэксон тауы (4191 м). А. т-нің басқа бөліктерімен салыстырғанда Палмер жері жылы әрі ылғалды, ауаның жылдық орташа темп- расы -6,9°С, жылдық жауын- шашын мөлшері 800 мм. Түбектегі барлық аңғарлық мұздықтар шығысқа қарай бағытталып, Ларсен атты өте үлкен қайраңдық мұздығын құрайды. Оның климаты біршама жылы, ең жылы айдың орташа темп-расы 0° шамасында, ал қыста -16°С, жауын-шашынның жылдық мөлш. 1000 мм-ге дейін жетеді. Климаттың жұмсақтығы түбектің осы жағалық бөлігінде жан-жануарлардың көбірек мекендеуіне мүмкіндік жасаған. Мұздан бос жағалаулары мен аралдарында итбалық, теңіз мысығы, пингвин, кейбір су құстары көптеп тіршілік етеді. Түбектің қиыр солтүстігіндегі гүлді өсімдіктердің үш түрі, яғни папоротник, мүк пен қына кездеседі. А. т-нде 10-нан астам ғыл-зерт. стансасы жұмыс істейді.