Екінші деңгейлі банктердің корреспонденттік қатынастарын ұйымдастыру негізі.

Екінші деңгейлі банктердің корреспонденттік қатынастарын ұйымдастыру негізі.

Банкаралық есеп айырысуларды басқарудың екідеңгейлі жүйесіне көшумен байланысты бас банктің деңгейінде біріңғай корреспонденттік шот бойынша жүргізіледі.
Біріңғай корреспонденттік шот жұмысы Ұлттық Банк филиалы және бас банк арасындағы корреспонденттік қатынас туралы келісіммен регламенттеледі. Біріңғай корреспонденттік шот бойынша төлемдерді жүргізуді коммерциялық банктің есеп айырысу орталығы қамтамасыз етеді.
Біріңғай корреспонденттік шотқа көшуге байланысты коммерциялық банктің барлық филиалдары Алматы қаласындағы клирингтік палатаның ассоцирленген қатысушылары болып табылады, ол банкаралық есеп айырысулардың Қазақстандық орталығының құрамына кіреді.
Алғашқы төлем құжаттарды толтыру “Қазақстан Республикасы банктер анықтамасына” сәйкес екінші деңгейлі банктер кодын көрсетумен Қазақстан Республикасы банктер жүйесінің әрекет ететін ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Төлем құжаттары негізінде филиалдарда бекітілген форматқа сәйкес құжаттардың электронды файлы қалыптасады және төлем белгісі бойынша келесі жөнелтулермен жазбаларды жасау үшін есеп айырысу орталығында байланыс каналдары бойынша рейстермен шифрланған түрде жіберілдеі.
Филиал ішінде жүргізілетін төлемдер филиалдың ішкі және сыртқы корреспонденттік шотында бейнеленеді. Солнымен келесідей жазбалар жасалады:
Филиалдан шығатын төлемдер бойынша;
Дебет – клиенттің есеп айырысу немесе басқа шоты, ішкі корреспонденттік шот
Кредит – 1352 (885) субкорреспонденттік шот.
Келесі күні филиал есеп айырысу орталығынан субкорреспонденттік шот бойынша көшірмені, бастапқы және жауап төлемдер ведомостын, электронды құжаттар бойынша қосымшаны қосатын соңғы формалар жиынын алады, оның негізінде келесі күнге баланс мәліметтері жүргізіледі. Бұған келесідей жазба жасалады:
Дебет 1352 (885) — субкорреспонденттік шот
Кредит – түскен төлемдердің белгіленуі бойынша сәйкес шот
Жауапты электронды құжаттар қосымшаларын алмаған жағдайда сыртқы корреспонденттік шотқа 2152 (886) жазылған қаржылар келесі жазбамен бейнеленеді:
Дебет 1352 (885) жергілікті филиалмен есеп айырысулар
Кредит 2870 (902) тұрақты транзиттік шот.
Қосымшаларды алғаннан кейін:
Дебет 2870 (902) мықты транзиттік шот
Кредит – қосымшаға сәйкес шот.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *