Жарқын ШӘКӘРІМ

Жарқын ШӘКӘРІМ
Ұлы әнші Әміре Қашаубаевтың дауысын 1974 жылы Мәскеуден тауып әкеліп, халқымызды зор қуанышқа бөлеген, әншінің күйтабағын шығарысып, Әміре туралы қыруар зерттеу мақалалар, деректі шығармаларды дyниеге әкелген әміретанушы, белгілі кyйші, өнер зерттеушісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жарқын Жақияyлы Шәкәрім — Әміре жөнінде әр жылдары орыс және қазақ тілдерінде шыққан бірнеше кітаптың авторы.
2007 жылы «Арда» баспасынан Ж. Шәкәрімнің «Әміре Қашаубайyлы» деген тарихи-ғyмырнамалық эссесі жарық көрген болатын. Төменде осы кітаптан ықшамдап алынған yзінділерді жариялап отырмыз.

ЕРТЕ YЗІЛГЕН АСҚАҚ YН

… Сонымен Әміре атамыз жайлы жазған тұңғыш зерттеу кітабым 1977 жылы Әлкей Марғұлан, Сапарғали Бегалин, Серәлі Қожамқұлов, Жүсіпбек Елебековтардың ақ батасымен жарықа шығып, жұртшылық назарына ұсынылды.
«Жарқынның бұл еңбегі жастықтың астына тығып ұстайтын, сүйіп оқитын кітап болады», – деп Сапарғали Бегалин айтқандай, шын мәнінде қалың оқырманның қолынан түспейтін кітап болғанын жасырмаймын. «Күні кеше ғана Әміренің дауысын тауып әкеліп еді. Енді, міне, кітабын шығарыпты. Алматыдағы көнекөз қариялардың басын қосып, Әміре жерленген жерді іздеуге кірісіп, зыр жүгіріп жүр. Жарқының жарады», – десті жұрт.
Бұған дейін Әміре жайлы жазылған Қайнекей Жармағамбетовтың «Әнші азамат» повесі мен замандас, дос, сырластарының естелік мақалалары болмаса, оның әншілік қырын музыкалық тілмен, ноталық үлгімен талдаған, актерлік ерекшеліктерін айшықтаған, шығармашылығын қоғами сипаттаған зерттеу еңбек жазылмаған болатын. Сондықтан да Әміре жайлы атқарған еңбектерім ел құлағына шалынып, ерекше еленді.

* * *
Мен әуелі Әміре жайлы ой бөлуіме ұйытқы болып, жол көрсеткен Қазақ ССР-нің халық әртістері Серке Қожамқұлов,

Жүсіпбек Елебеков, академиктер Әлкей Марғұлан, Рымғали Нұрғалиев, революционер апамыз, қоғам қайраткері Сара Есова, жазушы Сапарғали Бегалин, Сұлтан Оразалин ағаларымызға рахмет айтуды парыз санаймын.
Баспасөз беттерінде жарияланған мақалалар тәрізді, мені жігерлендіре түсіп, Әміре жайлы хат жазып, ой-пікірлерін айтып, тілек білдірген адамдар қаншама.
Ол кезде Әмірені көзі көрген замандастары баршылық еді. Солардың бірі Әміреге аталас туыс Өміртай Мустиннің жазған хаттарының кейбірін қысқаша да болса келтіре кетуді орынды санадық.
– Жарқын, өміріңнің ұзақ болуына тілектес шалдан дұғай сәлем, – деп бастапты Өміртай қария. – Хатыңды 24 қаңтар күні алдым. Сұрағыңа айтарым… Қашаубай кедейліктен күй құра алмай кәсіп іздеп барып, Қарқаралы маңында бір байға жалшы боп жүргенде, Әміре сол байдың ауылында туғанын, сол байдың қойшысы болғанын, әкемнің шөбере інісі Ысқақ Оразалыұлынан естідім. Ол кісі 1967 жылы қайтыс болды. Қашаубайдың туған еліне қайта оралуы жайлы бұрынғылардан естігендерімді Абай ауданының газетіне жібергемін. Оным «Совхоз туы» газетінің 1966 жылғы 13 мамырдағы 5 санына «Серік ақын жайында» деген мақалам да басылған. Сондағы айтылғандарым ақиқат. Ол қолыңда болмаса көшіртіп ал…
Әміреніңәкесі Қашаубайтуыпөскен «Матайадыры» дейтін жер «Ақбұлақ» совхозына қарайды. Совхоздың жұмысшы қызметкерлері Тарақты руынан. Қашаубайдың Әміресі Тарақты руының «Атан» дейтін бөлімінен. Қашаубай со тұқымның «Алакөз-Шәку» дейтін 10-15 үйлі кедей ауылдан.
«Тарақты» руы арғын, найман, қоңырат, қыпшақ дейтін елдерге қосылмайтын ескі тайпаның бірі – 12 рулы ел… Қытай жеріндегі «Қызай» дейтін елде де бар.
Қашаубайдың қай жылы өлгенін анық білмеймін.
«Заречная слободкада», қазіргі Жаңа Семейде өлген… Қазір де Қашаубайдың қай жылы қайтыс болғанын, қай
зиратқа жерленгенін білетін тірі кісі қалған жоқ… Георгиевкада тұратын шал, Сыдық Мұхаммеджанов:
«1934 жылы Алматыда оқуда едім, Октябрь мерекесі болатын күнге қарсы Әміренің үйіне барып едім, өліп жатқанының үстінен түстім. Әмірені жерлеуді Елубай Өмірзақов дейтін әртіс басқарды… Әміренің әйелі мен үш қызын, мені табыт басына отырғызып, драмтеатрда суретке түсірген. Екі қызы өлген. Бір қызы Күләш Қашаубаева – Қостанайда әртіс.
Абай ауданындағы «Ақбұлақ» совхозы Әміреге ескерткіш орнатты десіп жүр. Ол совхоз Алагөз — Шәку атанған ауылдың жеріне қоныстас. Совхоз жұмысшыларының көбі Тарақты. Сау бол.
Сәлем жолдаушы Өміртай — Өлмейтін тай.
3 тамыз, 1974 жыл.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *