Смағұл СӘДУАҚАСОВ ҰЛТ ТЕАТРЫ ТУРАЛЫ


Смаryл СӘДУАҚАСОВ
ҰЛТ ТЕАТРЫ ТУРАЛЫ

– Бізде ойнаушылар (артист) бар ма?
– Әрине бар. Бірақ біздің ойнаушыларымыз әлі төселмеген. Жалпы көптің ішінен әлі бөлініп шыққан жоқ. Біздің артистеріміз әлі өздерінің жолын да анықтаған жоқ. Біздің артистеріміз әрі өлеңші, әнші, әрі ақын, әрі палуан, орысшалап айтқанда, біздің артист операда қандай ойнаса, циркте де сондай ойнауға шамасы келеді. Кейде артистеріміз пьеса жазушы да болып шығады.
Биыл Семей губерниясында болған Қоянды жәрмеңкесінде олар талай ойындар көрсеткен. Ұсталары үстіне қоян болып секіріп шығып, үстінде тұрған қымыз, самауыр, шыны- аяқ соның бәрін қимылдатпай қайта жерге түсіп, қайтадан үстелге шығып, сол сықылды басқа ойындар көрсеткен. Көрген кісілердің айтысына қарағанда, осы жігіт театрда ойнауға да жарайтын болса керек. Биыл жаз Парижге көрініске барып келген Әміре Қашаубайұлын алайық. Бұл өте жақсы ән салатын жігіт. Әміренің әні туралы орыстың журналдарында, газеттерінде көп сөз жазылды. Бәрі де Әміренің әншілігімен қабат оның артистігін де мақтайды. Әміре «Ағашаяқ» деген өлеңді айтқанда шын артист болып кетеді. Қандай салмақты отырған адам «Ағашаяқты» естігенде еріксіз күліп жібереді. Күлдіретін сонда «Ағашаяқтың» өлеңі емес, Әміренің өнері, оның жыламсыраған дауысы, қыржиған беті, жұмылған көздері, қысқасын айтқанда, Әміренің артистігі.
(«Еңбекші қазақ», 1925 жыл, 29 yазан.)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *