. ҚАРАТАЕВ
ЕСТЕЛІК
…Менің ҚазПИ-ге түскен жылым еді. Қазақ республика- сыныңонжылдығынаарналғанконцерттікөруүшінстуденттер театрға бара қалдық. Театр атаулы онда біреу-ақ. Қарасам, алдыңғы қатарда Бейімбет пен өзіміздің оқытушымыз Сәкен Сейфуллин отыр. Көзімді екеуінен алмай отыр едім, бір кезде сахнаға атақты Әміре Қашаубаев шықты. Шашын ұстарамен алдырған, жазық маңдай, кең иық, тапалтақ келген ақсары жігіт ұршықша үйіріліп шықты да, сахнаға малдасын құрып отырды. Жасы 35 шамасында Тұғырдағы бүркітше тас түйін боп оқталып алған. Оның Парижге барып, дүниежүзілік концертте бәйге алып қайтқанын естігенмін. Әміренің салған үш әні – «Ағашаяқ», «Қорлан», «Ардақ» әлі есімде. Бұл әндерді мұндай салған әншіні қайтып көргенім жоқ. Ол қай ән болса да мөлшерсіз даусын мейлінше шырқап, аспанға асырып алады да, сосын барып сорғалатып, тамылжытып, төмен түсіретін сияқты. Оның дауысы жер үшін емес, бейнебір ғарыш үшін жаралған іспетті. Жұрт дуылдатып, ұзақ қол соққан тұста жазушыларға қарасам, олар да ғажап әншіге тамаша ризалық көрсетіп отыр екен.
(«Би аға» кітабынан. А. «Жазушы», 1991.)