Депозиттерді тарту және қайтару есебі.

Депозиттерді тарту және қайтару есебі.

 

 Депозиттерді тарту банк  үшін маңызды міндет, сондай- ақ депозиттік

операциялардың бухгалтерлік  есебін дұрыс ұйымдастыру керек. Салым операцияларының есебін ұйымдастырудың міндеті — әр салым бойынша ақша қаржыларының дәл есебін қамтамасыз ету және банк мекемесінің қызметін басқару үшін қажетті ақпаратты алу. Бұл міндетті орындауға депозиттік операциялардың тиісті синтетикалық және аналитикалық есебін ұйымдастыру арқылы қол жеткізіледі.  Аналитикалық есептің мәні нақты салымшы депозиттері, ал синтетикалық есептің мәні – депозиттердің анықталған түріне жататын депозиттер. Депозиттік салымдар есебі үшін қолданылатын шоттар:

2211 – Клиенттердің талап ету бойынша салымдары;

2215 – Клиенттердің қысқа мерзімді салымдары;

2217 —  Клиенттердің ұзақ мерзімді салымдары;

2219 – Клиенттердің шартты салымдары;

2221 – Клиенттердің арнайы салымдары;

2222 – Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың кепілдік –салымдары;

2223 – Клиенттердің кепілдік –салымдары.

Барлық шоттар пассивті: кредиттік сальдо банктің клиент алдындағы берешегін білдіреді: айналым дебет бойынша бұрын қабылданған депозит сомасында берешекті өтеу және пайыздарды қосу; кредит бойынша айналым бұрын қабылданған салымдар бойынша пайыздарды есептеу және жаңадан қабылданған салымдар.

Депозиттерді кіріс құжаттары негізінде, қолма-қол ақша негізінде тарту кезінде келесі шоттар корреспонденциясы қолданылады:

Дебет 1001 “Кассадағы ақша”

Кредит 2211-2229 “Тартылған салымдар”.

Депозитор – заңды тұлғалардан депозит қабылдау кезінде:

Дебет 2203 “Клиенттердің есеп айырысу шоты”

Кредит 2211-2229  “Тартылған салымдар”.

Басқа банктер қызмет көрсететін клиенттерден депозиттер тарту кезінде, тиісті ақша қаржылары корреспонденттік шоттар арқылы түседі. Бұл кезде келесі жазба жасалады:

Дебет 1051-1052 “Корреспонденттік шоттар”

Кредит  2211-2229  “Тартылған салымдар”.

Депозиттер бойынша тартылған қаржыларды қайтару кезінде кері бухгалтерлік жазба жасалады:

Дебет 2211-2229  “Тартылған салымдар”

Кредит 1001 “Кассадағы нақта ақша”

            2203 “Клиенттің ағымды шоттары”

            1051-1052 “Корреспонденттік шоттар”.

Банк тартылған депозиттерді қайтармаған жағдайда мерзімі өткен депозиттер қатарына жатқызады және оған келесі жазба жасалады:

Дебет 2211-2229  “Тартылған салымдар”

Кредит 2224-2226 “Клиенттердің салымдары бойынша мерзімі өткен қарыз”.

Мерзімі өткен салымдар сомасын қайтарған кезде келесі шоттар корреспонденциясы жасалады:

Дебет 2224-2226 “Клиенттердің салымдары бойынша мерзімі өткен қарыз”

Кредит 1001 “Кассадағы нақта ақша”

            2203 “Клиенттің ағымды шоттары”

            1051-1052 “Корреспонденттік шоттар”.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *