АНСАМБЛЬ

АНСАМБЛЬ (фр. ensemble  — тұтастық, бірлестік), м у з ы к а д а — музыкалық шығарманы екі, яки одан да көп әншінің не аспапта орындаушылар тобының қосылып орындауы. Сондай-ақ ұжымдық топқа арналған шығарма және оның толық үндестікпен орындалуы да А. деп аталады. Орындаушылардың санына қарай дуэт, трио, квартет, квинтет, т.б. аталады. 16 — 18 ғ-да әр түрлі полифониялық А-дердің пайда болғаны мәлім. Классик. өнер заманында ішекті аспаптар квартеті, скрипка мен фортепьяно дуэті, т.б. А-дік жанрлар қалыптасты. Бұл дәстүрлі муз. жанрлар өз мәнін қазір де сақтауда. Муз. романтизм дәуірі ішекті аспаптар А-нің басымдылығымен ерекшеленеді. 20 ғ-да әр түрлі үндестік құрамдағы А-дер пайда болды. Құрамына қарай вокалды-аспаптық ансамбль, ән-би ансамблі, хор ансамблі, домбырашылар ансамблі, т.б. кездеседі. Қазақстанда “Дос Мұқасан”, “Айгүл”, “Адырна”, “Сазген”, “Ұлар”, “Мұрагер”,т.б. А-дер кең танымал. Олардың ұлттық, жастар, балалар, студенттік, әскери, отбасылық, т.б. түрлері бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *