ҚР Ұлттық Банкінде корреспонденттік шотты ашу тәртібі және осы шот бойынша есеп айырысуларын жүргізу.

ҚР Ұлттық Банкінде корреспонденттік шотты ашу тәртібі және осы шот бойынша есеп айырысуларын жүргізу.

 

Корреспонденттік шот ашу үшін банктер Ұлттық Банктің филиалына шотты ашуға өтініш, екі данада қолдар мен мөрдің бейнелері бар карточка көрсетеді.

Ұлттық Банк филиалы және коммерциялық банк арасындағы корреспонденттік қатынас корреспонденттік келісіммен рәсімделеді. Коммерциялық банктердің есеп айырысу қызметтеріне төлем салынбайды.

Ұлттық Банк филиалында  корреспонденттік шоттағы қаржы қалдығына пайыз есептелмейді.

Ұлттық Банк филиалында коммерциялық банктердің корреспонденттік шоты 1051 “Ұлттық Банктің корреспонденттік банк шоты ” баланстық шотында ашылады.

Әрбір коммерциялық банкке және филиалға шартты номер берілді, ол сегіз разрядтан тұрады.

1-5 разрядтар – банкке немесе оның филиалы қызмет ететін Ұлттық Банк филиалының 1-5 разряд номеріне сәйкес келеді;

6-8 разрядтар – банктің немесе оның филиалының шартты номері, мұндағы 6-разряд банк белгісі.

Коммерциялық банктер бір-бірінен корреспонденттік шотын аша алады. Басқа коммерциялық банкке шот ашу үшін құрылтайшылық келісім, жарғы көшірмесін, тіркеу туралы куәлік көшірмесі, банктік лицензия көшірмесі, қолдар мен мөрлер бейнесі бар карточка, салық инспекциясынан анықтама көрсетеді және корреспонденттік шарт жасайды, сонымен қатар тарифтік келісім жасайды. Банктер арасында тура корреспонденттік қатынастар бойынша операциялар есебі 1052 “Басқа банктегі корреспонденттік шот” – “ностро” (активті) баланстағы шотта жүзеге асырылады.

“Ностро” шоты — өзара төлемдер бейнеленетін банк- корреспонденте несиелік мекемелер шоты. “Ностро” шотын жүргізу шарты корреспонденттік қатынастар белгілеуде қолданылады, көбіне шот қандай валютамен жүргізілуі керек, төлемдер шоттағы сомалар шегінде жүргізілуі керек пе немесе овердрафт тәртібінде жүргізілетіндігін қарастырады.

Овердрафт – қысқа мерзімді несие формасы, нәтижесіндедебеттік сальдо пайда болатын банк клиентінің шоты бойынша қаражаттарды есептен шығару (шоттағы қалдықтан артық мөлшерде) арқылы беріледі. Овердрафт кезінде клиенттің ағымдағы шотына түскен барлық сомалар қарызды қайтаруға жіберіледі, сондықтан несие көлемі қаражаттың түсуіне байланысты өзгеріп отырады.

“Лоро” 2013 “Басқа банктегі банктің корреспонденттік шоты” баланстық шотында ашылуы мүмкін, банк тапсырмасы бойынша алынған немесе берілген барлық сомалар енгізіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *