Банкте есеп-операционды жұмыстың мәні.

Банкте есеп-операционды жұмыстың мәні.

 

Банктегі   бухгалтерлік  есептің   негізі   операциондық   жұмыc болып табылады. Оған келесілер жатады:

-банк клиенттерінің ақшалай құжаттарын қабылдау және дұрыстығын тексеру;

-бухгалтерлік есепте бейнелеу үшін құжаттарды дайындау;

-ақшалай қаржылардың және төлемдердің түсуінің жедел есебі;

-төлемдердің мерзімділігін бақылау;

-банк ссудалары бойынша қарыздарды реттеу үшін мәліметтер есебі;

-ақшалай қаржылардың аударылуын бақылау.

Банктердегі операциялық жұмыс әртүрлі және күрделі, ол ақшалай есеп айырысу формаларының көп болуынан, ссудаларды беру және жою тәсілдері мен ережелерінен, төлемдерді жүзеге асырудың көптүрлігінен көрінеді. Операциялық жұмыс процесінде  кассалық, есеп айырысу және басқадай ақшалай қаржылар мен төлемдердің жүзеге асырылуына бақылау жасалады.

Күнделікті операциялық жұмысты орындау және оған байланысты бухгалтерлік есепті жүргізу есеп-операциондық жұмыс деп аталады, сәйкес функцияларды орындайтын жұмысшылар – банктің есеп-операционды аппараты болып есептеледі.

Есеп-операциондық жұмысты дұрыс  ұйымдастыру банкке міндеттелген барлық қызметтің сәтті орындалуын қамтамасыз етеді. Бухгалтерлік есепте көрсетілген банктік операциялардың барлығы аяқталған болып саналады.

Банкте есеп-операциондық жұмысты ұйымдастыруға келесілер жатады:

есепті-операциондық аппаратты құру;
жұмыс күнін және құжаттар айналымын ұйымдастыру;
ішкібанктік бақылау.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *