АДАМНЫҢ ҚҰН БАҒАСЫ ҺӘМ ӘРБІР МҮШЕНІҢ ҚҰНЫ

АДАМНЫҢ ҚҰН БАҒАСЫ ҺӘМ ӘРБІР МҮШЕНІҢ ҚҰНЫ
Адам өлтірмек бес түрлі болады. Әдейі өлтірген, әдейіге ұқсаған, қате өлтірген, қатеге ұқсаған һәм бір себеппен өлген. Әдейі өлтірген — өлерлік қаруменен өлтірген. Мәселен, мылтық, тас, пышақ сықылды қаруменен әдейі өлтіргеннің жазасына шариғатта қысас қылып өлтірушінің өзін өлтіреді. Оған құн алмайды. Әдейіге ұқсаған өлтіру — көбінесе кісі өлмей қалатұғын қаруменен әдейілеп ұрса. Бүйтіп өлтірген кісі бір қол азат қылады, оған күші жетпесе, екі ай тұтас ораза тұтады және ауыр құн тартады. Ауыр құн деген жүз түйе, жиырма бес тайлақша, жиырма бес құнан інген, жиырма бес дөнежін, жиырма бес бесті інген түйе болады. Егерде қате өлтірсе, жеңіл құн тартады. Жеңіл құн деген — жүз түйені бес есе қылып, төртеуі жоғарғы айтылғандай түйелерден жиырмадан беріп, қалған жиырмасы еркек тайлақ болады. Қате өлтірген кісі де бір қол азат қылады. Оған халі келмесе, екі ай тұтас ораза тұтады. Бұл қате өлтірген деген екі түрлі.
Бірі — мақсұты өзге бір нәрсені өлтірмек болып қатеден адамды өлтіріп алады. Мәселен, аң екен деп адамды атып алған сықылдылар және бірі — нысанаға атқанда адамға тиіп өлген сықылдылар болады. Енді қатеге ұқсаған өлтіру дегеннің мысалы — біреу ұйықтап кетіп, бір кісінің, үстіне жығылып, сол кісі содан өлсе, бұған да қатенің құнын тартады һәм қол азат, яки екі ай ораза тұтады. Енді бір себеппенен өлтірілген дегеннің мысалы — біреу өзінікі емес бір жерден бір құдық қазып, соған бір кісі жығылып өлсе, яки бір үлкен тас тұрғызып, яки бір нәрсе қалап қойып, сол біреудің үстіне құлап, содан өлсе, бұған да қатенің құнын тартады. Бірақ бұған қол азат, яки ораза түту жоқ. Ұрғашыға еркектің құнының жартысы беріледі. Егер бір кісіні біреу әдейі өлтіруге жаралап, ол арада өлмей, төсекте жатып көптен coң өлсе де, қысас қылып жаралаушының өзін өлтіреді. Әдейі өлтірілген кісінің иесі қысас қылмай құн алса, өлтіруші қысастан құтылады. Түгел құн бере алатұғын нәрселер: адамды өлтірсе, мұрнын кесіп алса, тілін кессе, қамшысын кессе, ұрғанынан ақылы кетсе, сақалы, яки шашын қайта шықпайтұғын қылып жоғалтса, екі қас бірдей жоғалса, денеде екі-екіден біткен нәрсенің қайсысы болса да екеуі бірдей жоғалса, түгел күн береді. Олардың біреуінің пайдасын кетірсе, жарты құн төлейді. Екі кірпінің біреуі жоғалса да, түгел күн береді. Бірақ бір жаң кірпігі жоғалса, құнның төрттен бірін төлейді. Қол-аяқтың әрбір саусағының құны құнның оннан бірі, үш буынды саусақтың бір буынының құны түгел бір саусақтың күнінің үштен бірі, екі буынды бас бармақтың бір буынының құны бір саусақтың жарты құны болады. Қай тіс болса да бес түйе. Бір мүшені ұрғандықтан үзіліп қалмаса да, пайдасы кетсе, сол мүшенің түгел құнын тартады. Мәселен, бір қолды ұстап тұтып, пайдаланудан біржола кем қылса, жарты құн тартады. Бастың жарылғаны ми қапқа жетсе, яки қарынға жеткен жара болса, бүтін құнның үштен бірі, бастың сүйегі сынып орнынан кетсе, бүгін құнның оннан бірі және оннан бірдің жартысы, яғни үлкенді-кішілі он бес түйе. Егер сүйек сынса да, қозғалмаса, бүгін құнның оннан бірі. Егерде сүйек сынбай, сүйек көрініп тұрса, бүтін құнның жиырмадан бірі. Бұлардан басқа бастың алты түрлі жарығы — тері жыртылған, қан көрінсе де ақпаған, қан аққан, құйқаны тілсе, етін де кессе, сүйекке жабысқан шелге шейін барса, бұларға өкімет әділ деген сол жаралы кісіні қол есепті қылып баға қойып, одан coң жарасыменен және баға қойып, сол екі бағаның бірінің артығын есеп қылады. Мәселен, жарасыз күнінде жүзге баға қойса, жаралы күніндегі бағасы тоқсан болса, артығы он болды. Бұл бүтін құнның оннан бірі болды.
Жас бала, жынды кісі, яки ақылынан адасқан, яки мас — бұлардың өлтіргеніне де туысқаны құн тартады. Егер буаз қатынды ұрған coң, өлі бала тастаса, бес жүз дирхем береді. Дирхемнің оны — жеті мысқал күміс. Егер тірі бала тастап, артынан бала өлсе, түгел күн береді. Егерде өлі бала тастап, қатынның өзі де өлсе, түгел қатын құны һәм бес жүз дирхем тартады. Егер қатын өлген соң өлі бала туса, онда жалғыз-ақ қатын құнын тартады. Егер қатын өлген соң тірі бала туып, о да өлсе, екеуіне де құн тартады. Түскен баланың шаш, тырнақ сықылды сырттары білінсе болғаны. Жоғарғы бес жүз дирхем деген бүтін құнның жиырмадан бірі болады. Мініп келе жатқан көліктің басын бүлдірген нәрсесін мінген кісі төлейді. Және тістеген һәм алдыңғы аяғымен бүлдірген нәрсені төлейді, құйрығының бүлдіргенін төлемейді. Ол көлік сиіп, яки тезек тастағаннан бір нәрсе бүлінсе, төлемейді. Көлікті айдап қуалаған кісі алды, артқы аяқтарының бүлдірген нәрселерін төлейді. Жетектеген кісі артқы аяғыныкін төлемейді, алдыныкін төлейді.
Екі атты кісі біріне-бірі қақтығып, екеуі де өлсе, екеуіне де туысқандары құн тартады. Біреудің қорасының бір жері құлағалы тұрса, маңындағылар, яки мынаны түзет, әйтпесе құлат, бір нәрсені бүлдірер десе, соған куә бар болса, ол қора иесі қолынан келе тұрып түзетпесе, сол қабырғаның құлап бүлдірген нәрсесін төлейді. Егерде бір мәхаллада бір адам өлтірілген белгіменен табылса, кім өлтіргені білінбесе, сол мәхалладан елу кісі күмән ұстайды да тартады. Егерде өлтірілген белгі жоқ болса, онда ант та алынбайды, құн да жоқ. Мұрны, аузы, көтінен қан аққан өлтірілгенге есеп емес. Көзі менен құлағынан қан ақса — өлтірілгенге есеп.

Ш.Құдайбердіұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *