ЖАСЫ ТОЛМАҒАН БАЛАЛАРҒА ҚҰДА БОЛҒАН ТУРАЛЫ

ЖАСЫ ТОЛМАҒАН БАЛАЛАРҒА ҚҰДА БОЛҒАН ТУРАЛЫ
Жас баланың қыз әкелері, яки үлкен әкелері екі жас баланы біріне-бірін айттырып, құда болса, сол неке болып бекітіледі. Ер жеткен соң қыз тимеймін дегені болмайды. Егерде ол алмаймын десе, алмайды. Бірақ оңашада күйеу қызбен жолыққан соң, яки қол ұстаған соң алмаймын десе, атасқан қалың малды түгел береді. Егерде өйтіп оңаша жолықпаса яки қол ұстамаса, қалың малдың жартысын береді. Егерде құдалықтан айырылмай тұрғанда сол екі баланың бірі өлсе, қалғаны малына мирасқор болады. Және мұндай атастырып құда болған соң қызды шариғат жолыменен айырып алмаса, яки ер жеткен соң күйеу алмаймын дегенін анықтамаса, баладан рұқсатсыз бөтен біреуге бере алмайды. Берсе де алған кісі біреудің қатынын зорлықпенен алған ойнас қисабында болады. Шариғатта балағаттыққа толған деп он екі жасар еркек пенен тоғыз жасар ұрғашыны айтса да оның енегі ақтам болғанменен қыз көрген болады. Және шариғатта тоғыз жасқа толған қызды маштаһат дейді. Бір сақтанарлық іс тоғыз жасқа келген соң адам өз қызын да аузынан сүйген жарамайды. Онда қатыны талақ болады деп Сопы аллаяр қазірет «Мыслықалмтқиын» деген кітабында айтқан болатын. Фатауи Зэфир Алдиннан қарасын деген. Әкесінің балаға мейірімі түсіп сүйдім дегені қабыл алынбайды деген.
Және кім өз қатынын менің шешем дейсің, шешемше жүресің деп ұқсатпасын. Онда бір құл азат қылмақ, оған халі келмесе, екі ай тұтас ораза ұстауға керек. Оған да халі келмесе, алпыс кедейді тамақтандырады. Бұл қафараттың қайсысын қылса да қатынына жақындық қылмай тұрып өтейді. Және бала тапқан қаны тоқтамайынша һәм етек кірінен тазарғанша байы қатынына жақындық қылу дұрыс емес.

Ш.Құдайбердіұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *