НАМАЗДЫҢ УАҚЫТТАРЫ ҺӘМ НАМАЗ ОҚЫМАЙТҰҒЫН УАҚЫТТАР

НАМАЗДЫҢ УАҚЫТТАРЫ ҺӘМ НАМАЗ ОҚЫМАЙТҰҒЫН УАҚЫТТАР
Ерте намаздың уақыты — таң білінгеннен бастап күн шықпай тұрып, бесін намазының уақыты — түс ауысыменен күн еңкейгенше, яғни күннің төрттен үш есесі өткенше, онан соң екіндінің алғашқы уақыты кіреді, екіндінің уақыты — күн батудан екі сағат бұрыннан бастап күн батпай тұрып, намазшамның уақыты — күн батқаннан бастап шапақ батқанша, ясаг намазының уақыты — шапақ батқаннан таң білінбей тұрып, уәтір намазының уақыты — ясаг намазы менен таңның арасында.
Енді намаз оқылмайтұғын үш уақыт бар: бірі — таң намазынан күн әбден шыққанша, бірі — тал түсте, сағат он екіде. Егер сағат жоқ болса, көлеңке тура тесір қазық астына түскен кезде. Енді бірі екіндіден күн атып болғанша, яғни екінді менен ақшам намаз арасында. Бүл үш уақытта еш намаз оқылмайды. Кітапта бүл уақыттарды зауал дейді.

Ш.Құдайбердіұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *