НАМАЗДЫҢ ПАРЫЗ — УӘЖІПТЕРІ ҺӘМ НАМАЗДЫ БҰЗАТҰҒЫН НӘРСЕЛЕР
Намаздың парызы он төрт — жетеуі намазға кіріспей тұрғанда, жетеуі намазға кіріскен соң. Кіріспей тұрғандағылар — дененің таза һәм дәретті болмақ киім таза болмақ, оқитұғын орын таза болмақ, әбүйір жабулы, киімді болмақ. Бұл еркекке кіндіктен тізеге шейін, ұрғашыға бет, қол, аяқтан басқасы жабулы болмақ және құбылаға қарап оқымақ, әр намазды өз уақытында оқымақ сол намазды оқуға ниет қылмақ. Енді намазға кіріскендегі жеті парыз — алғашқы құлақ қаққанда Аллаһу акбару демек тура келер орында тура келіп оқымақ рүкуғда еңкейіп рүкуғ қылмақ, сәжде қылғанда екі алақанын, маңдай, мұрнын, екі аяғының басын, екі тізесін жерге қойып сәжде қылмақ. Әр рекетте тура келіп тұрғанда Құраннан бір аят оқымақ, ақырғы ат-тахиятқа отырмақ һәм ретін ауыстырмай оқымақ. Осы айтылған он тура парыздың бірде-бірі қалса — намаз болмайды, қайта оқу керек. Бұларға намаздан оз еркіменен шықпақты қосып, он бес парыз дегендер де болған.
Намаздың он алты уәжібі бар: алғаш құлақ қаққанда — Аллаху акбарудың өзін ғана айтпақ, өзге тәкаппар қоспай тұра, яки үш мәрте отырмақ ат-тахиятқа отырған сайын ат-тахият (қымақ рүкуғ пенен сәждеде бір тәсбих айтқандай мезгіл кідірмек әр уәжіпті ауыстырмай қылмақ, аятты тура, яки үш рекетті намаздың алғашқы екі рекетінде оқымақ һәм алғашқы екі рекеті әлхамның өзін оқымақ және әлхамға бір ұзын, яки үш қысқа аят қоспақ, әлхамды сүреден бұрын оқымақ жария қылар орында жария оқымақ, құпия қылар орында құпия оқымақ жеңіліп бір парызды кешіктірмей, яки бір уәжіпті қалдырса, сәжде сәһу қылмақ имам аят оқығанда қоюшылары тік тұрмақ, уәтірде құныт дұғасын оқымақ екі жағына сәлем беріп, намаздан босамақ, ұйығандар имамның қылғанын қылмақ. Осы айтылған уәжіптердің бірде-бірі қалса, яки бір парызды кешіктірсе, сәжде сәһу қылады. Жалғыз-ақ рукуғ менен сәжде бір тәсбих айтқанша тоқтамағанға сәжде сәһу жоқ. Үюшылар иманнан бөлек сәжде саһу қылмайды. Сәжде сәһу деген ақырғы ат-тахиятты «уа расулуху», — деген жеріне шейін оқып, имам болса бір жағына сәлем беріп, жалғыз болса екі жағына да сәлем берген соң бетін сипамай сәждеге барып, екі мәртебе сәжде қылады да, ат-тахиятты түгел оқып сәлем береді. Жоғарғы айтылған парыз бенен уәжіптерден басқа намаздағы әрбір істердің бәрі сүннет. Олардың қалғанына сәжде сәһу қылынбайды. Бірақ әдейі қалдырса күнәкар болады және мустахибтері де бар. Оны қылса — сауап, қылмаса — обалы жоқ.
Намазда істемек арам нәрселер коп. Олай да болса «Фикиһ кедені», — деген кітапта он төртін айтқан. Олар мынау: ауыз бенен бисмиллахині жария қылмақ әлхамның аяғында аутиин дегенді жария қылмақ намазда тұрғанда бетін бұрмақ, көкке қарамақ парыз, уәжіп намаздарды бір нәрсеге таянып оқымақ, құлақ қаққаннан басқа да қол көтермек бір нәрсеге ишарат қылып ымдамақ рукұғ пенен сәждеде аяқ саусағын жерден көтермек ат-тахиятта екі аяғын да тік шаншып отырмақ, киімі не денесі, яки бір нәрсемен ойнамақ, әдейі бір уәжібін қалдырмақ, бұйырылғаннан артық тәсбих тәкбір айтпақ, сәлем бермей тұрып намаздан шыққан кісінің қылығын қылмақ уәтірден басқа намазда құныт дұғасын оқымақ.
Бұлардан басқа елу тоғыз нәрсені мәкрук деп жазған. Оны «Мұңіт» деген кітапта арам деген. Түкірмек сіңбірмек деген сықылдылар — бәрі де намаздағы кісі қылмайтұғын нәрселер.
Намазды біржолата бұзатұғын нәрсе бесеу: сөйлемек аз болса да сөзге келмесе де күлмек. Мұны өзі істесе, намазы бұзылады, қасындағы кісі істесе, намаз, дәреті бірдей бұзылады. Көп іс қылмақ — бұл екі қолыменен бірдей істеген, яки бір қолыменен үш мәртебе намаздан басқа іс қылған. Намазда әдейі дәретін сындырмақ — егер де қапыда дәреті сынса, үндемей барып дәрет алып, сол қалған жерінен оқыса болады. Намаздың бір парызын әдейі, яки жеңіліп қалдырмақ яки ұмытса да бір парызы қалған соң қайта оқымаса болмайды.
Ш.Құдайбердіұлы