АНОВ

АНОВ (бүркеншік аты; шын фамилиясы — И в а н о в) Николай Иванович (30.12. 1891, Петербург — 18.7.1980, Алматы) — жазушы-драматург. 1-дүн. жүз. соғысқажәне Азамат соғысына қатысқан. Еңбек жолын 1908 ж. баспахана жұмысшысы болып бастаған. 1917 — 50 ж. Омбы, Өскемен, Семей, Новосибирск, Мәскеу қ-ларында баспа, газет-журнал редакцияларында қызмет етті. 1951 ж. Алматыға қоныс аударып, өмірінің соңына дейін бірыңғай шығармашылық жұмыспен шұғылданды. Алғашқы әңгімелері 1914 жылдан жариялана бастады. Қазақстан тақырыбына арналған “Азия” романы (1979), Днепр СЭС-ы құрылысшылары туралы “Днепр- құрылысы” очерктер жинағы (1931) басылды. Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан өмірін кең қамтыған “Жоғалған інім” (1941; толықтырылған нұсқасы — 1960), 19 ғ-даҚазақстанға жер аударылған орыс ақыны А.Н. Плещеев туралы “Ақмешіт” (1948), қазақ өнерінің жаңаша қалыптасу кезеңін суреттейтін “Ән қанаты” (1956) кітаптары жарық көрді. Өмірбаяндық сарындағы “Менің жастық шағым” (1964; трилогияның 1- кіт.), “Выборгжағы” (1970; 2- кіт.), “Кашира аңызы”, “Омбыдағы интервенция” (1978, 3-кіт.) романдарын, “Мәртебелінің өлімі” (1961), “Қазына түбегі” (1965), “Кашира аңызы” (1968) атты повестерін, “Сауығу” (1925), “Серкенің елге оралуы” (1934), “Жүрек әмірімен” (1955; Я.С.Штейнмен бірге), “Орынбор өткендерінен” (1956), “Мұрагерлер” (1961), “Қаһармандарды іздеу” (1974) пьесаларын жазды. “Ширек ғасыр” (1945), “Қазақстан даласында” (1953), “Ән қанаты” (1956; А.И. Витензонмен бірге) киносценарийлерінің және “Әдеби қиылыстарда” (1974) атты естеліктер жинағының авторы. М. Әуезовтің “Абай жолы” романының 2-кітабын орыс тіліне аударуға қатысқан. Қазақстан Мемл. сыйл. лауреаты (“Кашира аңызы” кітабы үшін, 1970).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *