Саяси-ағарту жұмысы

Саяси-ағарту жұмысы
Саяси-ағарту жұмысы ауыл жастары арасындағы жұмыста үлкен орын алады. Коммунист жастардың саяси хат білмейтіндігі былай тұрсын, көпшілігі хат танымайды. Сондықтан бірінші ретте қолға алатын жұмыс хат танымаушылықты жою болсын. Хат танымаушылықты жою үшін əрбір ұялардың жанынан үйірмелер ашып, ол үйірмелердің жұмысына мұғалімдерді пайдалану керек. Ағарту жұмысының алға басуына мұғалімдер мен жастардың байланысы өте қажет.
Саяси сауатсыздықты жою жолында əрбір ұя белгілі жоба бойынша кітап, газет-журналдар оқу əдісіне түсінуі тиіс. Сонымен алған білімдерін байланыстыра білу жастардың міндеті, саяси оқудың негізі, интернационалдық тəрбиесінің жолы болу керек.
Ағарту жұмысының кіндігі ауылдағы оқу үйлері (қирағатхана) болады. Өздерінің жұмысын жүргізумен бірге əрбір ұялар оқу үйіне үлкендерді де, ұйымнан тыс жастарды да тартып, оқу үйінің жұмысы ілгерлеуіне себепші болсын. Ұялар ағарту жұмысын жергілікті ағарту орындарымен келісе отырып істейді. Егерде ауылдарда оқу үйлері жоқ болса, комсомол ұясы басшылық етіп, оқу үйін ел ортасына ашудың қамына кіріседі. Тіпті, оқу үйін ашуға мүмкіндігі болмаса ұялардың ағарту жұмысы мектеп іші болу тиіс.
Дінге қарсы үгіт-насихат тарату жұмысы аса сақтықпен болу керек. Тиісті əдіспен істемесе халықты шошытып алуға мүмкін. Сондықтан жастар ұясының бұл туралы қолданатын жолы жаратылыс пəн ғылымдарын халыққа түсіндірумен ғана болады. Одан басқа ешбір жол болмасқа керек.
Комсомол ұясының партияның бірінші көмекшісі екенін ақтау жолында істейтін күнбе-күнгі ісінде партияға болысу болады. Мəселен, жалпы саясат жұмысы, мұғалімдер жұмысы, денсаулық жұмысы, тағы басқалар. Міне, солардың қайсысы болса да партияның қойып отырған міндеттерін өтеу жолында комсомол ұясы қолынан келген ісін аямайды. Жоғарыда айтылып кеткен жұмыстарды күшейту ретінде партия ұясы жоқ болса, комсомол ұясы өз міндетіне алады.
Жаңа тұрмыс орнатуға ауыл ұялары осы бастан тиісті шарасына кіріседі. Ескілікті жаман əдеттердің (боқтау, қыздарға, жалпы, əйелге еркектің көзқарасы, ішкілікпен əурелену, тағы сол сияқты жұмыстар) бітуіне тырысып, ел ішіне аз да болса жаңа тұрмыстың негізін орнату мақсатында болады. Міне, жоғарыда айтылған істердің қайсысы болса да ұйымның жұмысының күшеюіне байланысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *