«Тұяқ-өлі кісі»

«Тұяқ-өлі кісі»
Түлкібек мырза көшеде келе жатқан Момынбай моллаға жолығып:
– Ие, моллеке, жақсы кез келдің. Салаумаликум! Міне бір дəстебірнеге қол қойып бере қойыңызшы!
Молла:
– О, ненің дəстебірнесі?
Түлкібек:
– Менің Тұяқ дейтін ағам қатты науқас еді, соған киім алуға ауылнайдан алған дəстебірне ғой. Комитетке алып барып ем, указный молда қол қоймаса болмайды деп бермей шығарды. Сонымен сізді іздеп жүр едім.
Молла:
– Ойпырмай, кеше де біреу, бағана да біреу қол қойғызып алып еді, сірə, біздің елде өлейін деп жатқан кісі тым көбейіп кетіп жүрмесе!
Түлкібек:
– Көбеймейді, молдеке, болыңызшы, бірдеңе қып бере қойыңызшы!
Молла:
– Əй, білмейім, менің сыртымнан да қол қойып алған бірсыпыра киім бар-ау деймін.
Түлкібек:
– Тақсыр-ау, сөйтіп айла-шарық қылмасаң болатын емес. Қағазсыз бір шаршы бұл, бір ширек шай беруді қойған жоқ па? Тіпті, бүгін бірден артық дəстебірнесі бар кісіге шай де бермей шығарды.
Молла:
– Оның мəнісі бар. Осында қолы қалам білетін кейбір епті жігіттер елден келген «бейпілді» ауылнайлардың мөріменен арзан шай алып, қымбатқа сатып жүргендерін комитет біліп қойып, сонымен қағазды байқап беретін болып тұр деп естідім.
Түлкібек:
– Бəсе, болса болар, түнеу күні олай емес еді. Енді мынаны бітіре қойыңызшы!
Молла:
– Əй, Түке-ай, сөзіңіздің түрі осы кісінің сырқаты артық қатаң емес-ау.
Түлкібек:
– Ойбай, қатаң болмағанмен өлі кісі деймін. Өзі тіпті үйден шыға алмайтын қарт адам.
Молла:
– Қарт болса да ажал келмесе сіз өлтірем дегенге Тұяқтың өзі риза бола қояр ма екен?
Түлкібек:
– Оны шын өлтірейік деп тұрмыз ба, тəңір, əшейін мына бұлға зəруліктен қылып тұрған далбасалық емес пе.
Молла:
– Жарайды, ендеше, бүгін өлмегенмен түбінде бір өлер. Өзінің де 10ақ кез ақ бəтестен артық несі қалды дейсің, əкел қағазыңды!» деп қол қойып берген соң екеуі амандасып айырылысады.
Байымбет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *