СЕМЕЙ СИЕЗІНІҢ ҚАУЛЫСЫ
Тексеру комиссиясы
Болысной распорядительный комитет өз арасынан үш кісі тексеру комиссиясын сайлады. Бұл комиссия болысной, ауылнай комитеттердің істеген істерін тексеріп, есеп алып, болысной распорядительный комитетке мəлімдеп тұрады.
Үйезный комитеттер
1. Болыстық распорядительный комитет он кісіден бір кісі сайламақ. Бұлар (онбасылар) үйезной распорядительный комитеттерді сайлайды.
2. Үйезной распорядительный комитеттің өз арасынан үйезной Исполнительный Комитетке сайланатындар: председатель, екі серігі, хатшы, оның помощнигі, қазынашы, үш ағза һəм оларға төрт кандидат.
Қосымша: барша распорядительный комитеттерге бөгде кісіден сайлауға болады. Бөгде кісілер мынадай: распорядительный комитеттің ағзасы емес кісілер, тегі басқа, діні басқа адамдар, қолы басқа жерлік адамдар, тек 20 жасқа толып, тергеуде болмаса жарай береді.
1. Комитеттер ашу тəртібі үшін тəптештеп жоба жасау обласной қазақ комитетінің еркінде.
Оқу туралы
Бүгінге шейін халықтың қараңғылық, надандықта тұншығып келгені оқуға жол ашық болмағандықтан. Қараңғыдан жарыққа, надандықтан ғылымға сүйреп, халықтың көзін ашып, ілгері бастыратын оқу екені даусыз. Теңдік, бостандық алған жұртқа жалпы өнерлі болып ағару керек. Соның үшін оқу мəселесі ең бұрын қолға алынып, қаралатын мəселе деп сиез мынадай қаулы жасады:
1. Оқу жалпыға бірдей, міндетті һəм тегін болсын.
2. Халық мектебінің қай түрлісі болса да оқу жұрттың өз тілінде оқылсын.
3. Мектеп-медіресе халықтың өз ішінде ашылсын.
4. Мектеп-медіресе земский ақшалар мен мемлекет ақшаларына ашылып, салынып жүргізілсін һəм жергілікті жұрт мекемелерінің қамқорлығында болсын.
5. 1917 жылдың күзінен бастап, Семейде екі жылдық мұғалімдер даярлайтын медіресе ашылсын.
6. Бұл ашылатын медіресеге ақшаны хүкімет берсін, хүкімет бермесе Қазақ Комитетіне елден жиып берілетін ақшадан берсін.
Дін туралы
1. Дін жұмысына хүкімет қатынаспасын.
2. Қазақтың өз алдына ерекше мүфтилігі болсын.
3. Бір болыстың һəм бір махалланың имам, мəзімдерін бір болыс елдің, я махалланың адамдары төте сайлау жолымен үш жылға бір сайласын.
4. Əр облыста 5 молладан сайланған бір ұйым болсын. Ұйым ағзаларын болыс һəм махалла моллалары 5 жылда бір сайлап отырсын.
5. Мирас жұмысын шариғаттың бұйрығы бойынша моллалар басқарсын.
6. Зекет, һұсыр, пітір, федия, уақыф, құрбан сияқты садақалар уақытша комитеттер қолына жиылсын.
Баспасөз һəм пошта
1. Қазіргі зор өзгеріспен таныстырып, халықтың мұң-мұқтажын, тілегін бір жағадан шығаруға осы күні халыққа баспасөз өте керек. Əсіресе, алдымыздағы мемлекет негізін құратын кеңеске халықты даярлауға үндейтін Семейде шықпақ «Сарыарқа» газетін тез шығару қамына кірісіп, кітапшалар бастырылсын.
2. Газет, кітап бастыратын серіктік ашылсын, серіктік жарнасы 25 сом болсын.
3. Халыққа хат-хабар, газеттер тез тарап, жетіп тұру үшін болысной комитеттер жұмысына бір қабат қаладан пошта тасып тұрсын. Ауылауылға таратып беру ауылнай комитеттердің мойнында болсын.
Қазақ ақшалары
1. Қазақтан жиылатын земский һəм частный ақшалар қай орынға ұсталатындығын; əр уақытта əр түрлі орынға деп жазылған көп ақшалар тиісті орнына ұсталып-ұсталмағандығын, осы ақшалардың бəрін іздеп, анығын тауып, өз қолына алу обласной қазақ комитетіне тапсырылсын. Егерде бұл ақшалардың ұсталмай қалғаны болса, бұдан былай халықтың рұқсатынсыз еш орынға ұсталмасын.
2. Қазақ ақшасына салынған үйлер, ссудный кассадағы ақшалар қазақ комитетінің билігіне берілсін.
3. Бұдан былай земский ақшалар жиылып, обласной қазақ комитетінің пайдасына берілсін.
4. Бастауыш мектептерде оқу қазақтың өз тілінде оқылатын болғандықтан бастауыш школдарға хүкімет тарапынан берілетін ақша қазақ комитетінің билігінде болу тиіс.
5. Обласной қазақ комитетінің халықты ұйымдастыру жұмыстары үшін ұстауына болыс басы елдің байларынан, ауқаттыларынан алып, 1000 сомнан жиылып тез берілсін.
6. Бұл жиылатын ақшаның 10 мың сомы бостандық, теңдік əперу жолында құрбан болған саяси ерлердің жетім-жесір қатын-балаларының пайдасына берілсін.
(ақыры бар)