АНКИНОВИЧ Екатерина Александровна (7.12.1911, қазіргі Ресей Федерациясы, Чуваш Республикасы, Малые Яльчики с. — 10.7.1991, Алматы) — ғалым, геол.-минера- логия ғыл. докт. (1964), проф. (1967), Қазақстанның еңб. сің. ғыл. қайраткері (1974). Санкт- Петербург (бұрынғы Ленинград) тау-кен ин-тын бітірген (1937). 1937 — 53 ж. Қазақстанның геол. қызметі жүйесінде геолог, геол. партия бастығы, геол. партиялар тобының тех. жетекшісі, минерал.-петрограф. кабинет меңгерушісі қызметтерін атқарған әрі Сарыарқада, Алтайда, Қаратау да полиметалл, ванадий кендерін зерттеген. 1953 — 91 ж. Қазақполитех. ин-тының (қазіргі Қазақ ұлттық тех. ун-ті) доценті, кафедра меңгерушісі, проф. болды. А-тің негізгі ғыл. еңбектері Кенді Алтайдың полиметалл кендерінің минералогиясын, Үлкен Қаратаудың ванадийлі горизонтының (ванадийлі бассейнінін) сипаттамаларын анықтауға арналған. А. 12 жаңа минералды (олардың ішінде 8-і бұрын ғылымға белгісіз) ашқан. Олар Халықар. минералогия ассоциациясында (Вашингтон қ.) бекітіліп, Қазақстан геологтары Қ Сәтбаевтың, И. Боктың, В. Гуцевичтің, т.б. құрметіне аталған. КСРО Мемл. сыйл. лауреаты (1948).