Мұсылман фракциясының хаты
Біз мұсылман депутаттары ретті орында шамамыз келгенше үшінші Думада да қазақ қарындастарымыздың халдерін һəм қажеттерін баян қылып, құқықтарын қорғап сөз сөйлеп келдік. Біздің қолымыздан келгені сол ғана болды. Қазақтар өздері бізге жəрдем етерге керек еді, бірақ олар елдеріне зарланып жатса да араларынан тура бізге халдерін түсіндіріп жеткізгендері жоқ дерлік. Бірлі-жарымды бізбен хабарласқандары болса да, олар да тұрмыстарына, шаруаларына келген кемшіліктерін дəлелмен көрсете алмайды. Мысалы, айталық жер хақында. Түгел көрсетерге керек: алынған жер қай облыста, қай орында, кімнің жері, қанша жер, ол жерді қай ретпен һəм кім алды. Міне осылардың толық дəлелін айтпаса, Дума мінберіне шығып: «Қазақтардың қысып жатыр, жерлерін тартып алып жатыр…» деген бос сөзден пайда шықпайды. Қазақ халқының керегіне лайық біздің қолымызда мағлұмат жоқ. Ондай керекті нəрсені қазақтың басшылары өздері жиып жіберуге тиіс еді. Білмейміз не себептен екенін, мұндай іске артық мойын қоймайды, біз өзіміз қазақтың бағзы бір оқығандарынан қазақ хақында керекгі мағлұматтар сұрап қарадық, сонда да жөні келмеді. Енді бұл кезде қазақ жері хақында һəм қазақты билеу тəртібін өзгертіп крестъянский положениеге ауыстыру хақында министерство жағынан тəртіп қылып, даярланған екі закон проект бар. Тез арада бұл проектыларды Думаға тапсырар, сонда біз мұсылман депутаттары зор қиындыққа қалатын түріміз бар. Бағзы низамдар қазақтың зарарына болып шықпасын деп ыждаһат ету өзіміздің борышымыз деп білген халде, соған қарсы тұрып дəлелдер келтіру үшін қолымызда қазақ жайынан аз да болса материал жоқ. Қазақтардың жер мəселелері, қазіргі оларды қалай билеп тұрғандығы, тұрмыстары һəм басқа қажеттері неден ғибрат екенін анық білмей тұрып біздің қолымыздан не келмекші. Жоғарыдағы жазылған жөнше ретті һəм дəлелді материал жіберушілер үшін біздің адресіміз мынау: С.Петербург, Товарическая ул. Д. 7. Кв. Мусульманская фракция гос. Думы.
Мұсылман фракциясының райысы Мұхамед Тевкелев