Оқыту хақында Шариғат не айтады?
Біз шын көңілімізбен ойластырып, ақ шариғатымызда ешбір кемшілік һəм қалдырардай бір нəрседе таба алмаймыз. Діні бізден басқа жұрттан ілгері болып, мағырфатлы болуға шақырады. Пайғамбарымыз ғалайссалам келтірген дін де қандай қанүн бас деп ойларға еш орын жоқ. Сол себепті басқа халықтан əр ісімізде төмен болуымызды шариғаттан көрмей, өзіміз шариғат қосақан жөнменен жүруіміз керек. Алланың һəм Расұлының көрсеткен жолыменен жүрген адам кем, қор болмай, тозбайтындығы күн сықылды əшкере болып тұр. Дініміздің түп негізі болған «хадиске» қарай жармасып, іске кіріскенмен-ақ, Иншалла аяқ астында қалмай адамдардан саналар едік. Шариғатымызда неменен бұйырған екен? Осыны білелік. Шариғат барлығымыздың ынтымақта болып, əрбір істе бірлікте болуымызға, барлық мұсылман бір-біріне өз туғаны секілді қарындас болуға, мынау қазақ, мынау татар, мынау башқұрт деп бөлінбеске бұйырған. Бір кісінің баласындай бір-біріңе жəрдемдес болуға, зорлық-зомбылық қылудан сақтануға бұйырған. Біріне пайда келсе, екіншісі өзіне пайда келгендей қуануға, залал келсе, қайғыруға, күнə, қастық қылмасқа, өзім ғана болсам екен, басқалар менен төмен болса екен демеске бұйырған! Миллəтке пайдалы істер болса, оған жəрдем қылуға, пайдасыз іске кіріспей алыс тұруға, пақыр, мүскін, нашарларға көз қырын сала жүруге бұйырған. Дүние, ақирет істеріміз ғылым, білімге барып тірелгендігін білімді болуға, надан қалмасқа бұйырған.
Білген адам менен білмеген адам арасында қандай айырма бар? Соларды көрсетіп, білген кісі менен білмеген кісі бола ала ма? Əлбетте, білген артық, – деп көтермелеп мақтап қойған. Бұл ғылым дегенгепайдалы ғалымдарымыздың барлығы да кіріссін деп. Бір ғана ғылымға қам қылып қойған, соның үшін пайдалы ғылымдардың қайсысы болса да біліп кетуге тиіс екендігі шығады. Бұлай болған соң балаларын орысша оқытуға қорқып жүрген крйбір адамдарымыз ешбір хəуіп қылмай, балаларын орысша оқыту жағын қарастырсын. Орысша оқудан адам бұзылып кетеді деп үркуге еш орын жоқ. Ғылым дегенің жақсы етіп тəрбиелеуден басқа залалы бар деп ойлауға болмайды. Ең əуел балаларға жақсы етіп өз дінін танытарға керек. Сонан соң орысша оқуға беруден қайшасқа керек. Ғылым хақында қызықтырып пайғамбарымыз да көп сөздер сөйлеп кеткен. Жүмілəдəн бері ғылым үйреніңіз, үйрену əр адамға парыз дұр. Мүмкін қадар білмегеніңіз болса, үйреніп, біліп қалуға тырысыңыз һəм білгендеріңіз білмегендерге білдіру жағын қарастырсын қандай жағдайда болса, ізденуге ойлаңыз, қартайдым деп қарап тұрмаңыз. Білмеген болсаңыз, жамбасыңыз жерге тигенше іздеңіз. һəм балаларыңызды келешек күнге ылайықты қылып үйретіңіз, оқыттырыңыз, ол балалар алдағы заманға қарсы туған балалар, өз заманына лайықты оқулар оқып, əзірленіп барсын, Жəне тағы басқа жұрттың тілін, оқуын білу тиіс екендігін аңғартып өзінің сахабаларының біреуіне еврей (жəйіт) тілін үйренуге бұйырған. Мынау бір сөзді айтқан: бір адам басқа бір жұрттың тілін, оқуын білсе, сол жұрттың хайла, залымдығынан сақтанар деген. Осындай хикметті сөздер қалдырып кеткен пайғамбарымыздың сөзін ағытбарға (керекке – С. Д.) алу керекті мəселенің бірі болса керек.
А. Жүсіпұғылы