Қазақтардың діні, хұқық һəм жер хақындағы өзара кеңестерінің қорытындысы

Қазақтардың діні, хұқық һəм жер хақындағы өзара кеңестерінің қорытындысы
(Вывод частного сообщения киргизов по религиозноправовому и земельному вопросам)
Петрбордағы мұсылман сиязына барған қазақ мырзалары өзара бас қосып, кеңес мəжілісіне сөзді бір жерге қойып бару үшін кеңесілді. Əрліберлі сөйлесіп келгенде барлығының сөзді қорытып істеген қаулылары мынау болды:
Біз Орал, Торғай, Семипалат һəм Сырдария облысының қазақтары осы 1914 жыл, июньде Петрборда бас қосып өзара сөйлескен кеңесімізде мұң-мұқтажымызды һəм қазақ тұрмысының керекті жұмыстары хақында сөйлестік. Ынтымақтасып, бірыңғайласып Петрбордағы мұсылман сиязында қаралатұғын мəселелерге қатынаспақ үшін (15-25 июнь, 1914 ж.) біздің бұл өзара кеңесіміз 14 йюньнен 25 июньге дейін созылды. Сондағы анықталған іс мынау болды. Бірінші, дала облыстарының (Орал, Торғай, Ақмола, Семипалат һəм Түркістанский край, Сырдария, Семиреченск, Самарқанск һəм Ферғана) қазақтар Орынбор, Закавказия һəм Таурчиск мүфтиліктерге қараған басқа мұсылмандар секілді бір ислам дінін ұстайтұғын халық тіршіліктің ыңғайына қарай һəм қазақтардың пайдасы үшін дала облыстарындағы қазақтарды Орынборск духовный собрание қарамағына, Түркістан крайындағы қазақтарды Түркістанск мұсылмандар духовный собраниясының қарамағына тапсыру керек деп табылды.
Бұлайша тапсырылудың Керекудегі қазақ халқын діни хұқық турасындағы былықпашылықтан құтқарудың керек мезгілі əлде қашан болғандықтан қазақ ішінде халық əдеті деп жүргізілген сот-закондарының əлдеқашан мезгілі өтіп кеткендіктен.
Бұл турадағы Əлихан Бөкейхановтың қазақ үшін қазақтың əдетғұрпын сақтау керек деген пікірін кеңес мəжілісі мынау себептер бойынша теріс деп тапты.
Əуелі Бөкейхановтың бұл пікірі Бөкейханов предоставить һəм олардың есімінен духовный управление керек деп арыз еткен қазақтардың тілегінен, пікірінен мүлдем басқа, өйткені шариғат бойынша діни хұқықтарды атқаратұғын тізгіні жоқ. Управлениені қазаққа жүргізу құрғақ лақап шығару һəм халық ішіне бұрынғысынан да түсінбеушілік, былықпашылық кіргізу болып табылады.
Екінші, бүкіл қазақ халқы əлдеқашаннан бермен қарай осы күнгі народный сотты ауырлап жүр. Ол сотта осы күнде нақ шынайы əдет жоқ. Əдет орны əлдеқашан зорлық һəм кейбір ықпалы жүрген адамдардың қалағанын істейді.
Үшінші, қазақ халқына осы қалыптан құтылу үшін жалғыз-ақ шариғат жолын ұстау керек болып түр һəм тіршілік ағыны сол жолды ұстатып та тұр.
Халықтың бұл табиғи тілегі низам болып жолға қойылу керек. Неге десеңіз, қазақ халқы общий гражданский закон бойынша жұрт түсінбейтұғын тілменен тіркелетұғын сот ісін онша сүйкімді көрмейді.
Төртінші, Əлихан Бөкейхановтың соттардан əлдеқашан жоғалған əдетті, қорғаштауы, ақырында барып қазақтарды басқа мұсылмандардан ажыратып, діндерінен айырып, орыстандыру политикасына муафық болып шығады. Хүкіметтің бұл политикасы 1886 жылғы Түркістанск, 1891 жылғы степной положениясында да жүргізіліп түр һəм мына соттар да əдетті қуаттау политикасы ішкі істер министрінің степной положения орнына ипородчиский волостной соттар турасындағы министрлер кəдесіне кіргізген закон жобасында биігіректе жарқырап жүргізілген. Бұған қарағанда, Əлихан Бөкейханов бəлки байқамай, миссионерлер политикасына муафық болып табылған законды қорғаштап отыр. Яки біле, тұрса да басқа бір түрлі ойменен бұл модный пікірді бетіне шымылдық қылып тұр. Əр екі түрлі қалыпта да кеңес оның пікірін қазақ халқының тіршілік істеріне зарарлы деп табады.
Екінші, 1908 жылы Қостанай уезінің қазақтарының өтінулері бойынша сұлтан Бақытжан Қаратаев, Елжан Оразаев һəм Серəлі Лапин қазақтарды жерге орналастыру турасында закон жобасын жасап шығарып еді. Бұл закон жобасы бойынша əуелі қазақтарды мал һəм егін шаруашылығына қолайлы жерге орналастырып, содан соң артып қалатұғын жер болса, переселенді орналастыруға тиіс болмақ еді. Переселендер тоқтайтын болмаған соң, бұл жоба бойынша қазақтарды жылдамырақ жерге орналастыру үшін əр жерлерде уездный һəм областной земля устроиственный комиссия жасамақ, оған қазақтан да уполномоченный кіргізбек һəм землядела-земляустройствоның бас мекемесінің жанында қазақ жерін орналастыру үшін бір комитет ашпақ. Оған да қазақтан уполномоченный кіргізуге тиіс еді.
Бұл закон жобасына Ғ. думаның мұсылман, Октябрист, кадет һəм трудовик фракцияларының члендерінен алпыс адам қол қойып, үшінші Ғ. думаға кіргізіп еді.
Біз анық білеміз, бұл закон жобасына землядела һəм земля устройстваның бас мекемесі теріс қарады. һəм оған қарсы министрлер советінің 1909 жыл, 9 июньде бекітіп шығарған инструкциясын жүргізуге асықты. Бұл инструкция бойынша отырықшы боламын деген қазақтарды переселен нормасы бойынша орналастырады. Сондадағы переселен учаскесі саналатұғын болса, Ғ. дума жоғарыда көрсетілген қазақ закон жобасын қорғаштауды мұсылман фракциясына тапсырды. Мұсылман фракциясы Əлихан Бөкейхановтан бұл турада заключение сұрады. Ол бұл закон жобасын қорғаштауды қалап заключение берді. Яки бұл закон қазақтың жерін пайдалану интересіне қарсы болады деп. Бұл закон жобасыменен бірге Серəлі Лапин менен Елжан Оразаев мұсылман фракциясына материал хүкімінде толық етіп жазылған түсініктеме қағазына кіргізіп еді. Ол записканың бұл күнде фракция істерінің арасынан жоғалғандығы білінді.
Бөкейхановтың осы отзывы бойынша мұсылман фракциясы қазақ закон жобасын жақтаудан тартынды, сөйтіп ол уақытта қазақтың жер интересін қорғауға бар жалғыз ғана бір себеп өз өзінен бітірілді. Əуел мезгілдегі политиканың ыңғайына қарағанда жоғарыда айтылған закон жобасы закон болып шыққандай реті бар еді. Осындай қалыпта қазақтарды 1909-ыншы жылғы 9 июнь инструкциясы бойынша отырықшылыққа айналдыруға зорлады (мəжбүр ету).
Үшінші, қазіргі күнде переселендер үшін учаскеге алынайын деп жатқан жерлердегі қазақтардың ешбір тоқтаусыз переселен нормасы бойынша жер алулары керекті. Неге десеңіз, хүкімет переселениені ешбір тоқтататын емес һəм қазақ пайдасындағы ыңғайлы жерді алудың шегі-шеті көрінбейді. Сол себепті қазақ халқының егінге қолайлы барлық жерінен айырылып қалу хаупі бар.
Отырықшылыққа айналғанда көп болып айналу керек, бір болыс елден кем болмасқа керек. Азғантай үйлерге һəм егін, һəм шаруашылығын істеуге жеткілікті жер тие қоймайды. Көп болып отырықшылыққа айналғанда қала-қалаларға жан басына берілетұғын он бес десятина қолайлы жерлердің арасында егінге қолайсыз, мал-шаруашылығына қолайлы жерлер көп тиеді. Соның үшін кеңес мəжілісі көшпелі қазақ болыстары уезден яки мүлдем отырықшылыққа шығамын деушілер болса, бір тоқтаусыз приговорменен шығарып жіберулері, жартылай отырықшылардың приемный приговор алулары тиіс. Сөйтіп өздерінен қай қалыппенен болса да артылып қалатұғын жерлерге оларды ие қылу керек.
Əлихан Бөкейханов пенен «Қазақ» газетінің отырықшы нормадан көшпелі норманың, артықтығы турасындағы пікірлері қазаққа біле көре болса да яки аңғармағандықтан болса да, залал келтіріп тур. Неге десеңіз, көшпелі норма болған уақытта қазақ жері патшалыққа керек болғандай болса алына береді. Көшпелі норма қазаққа жерді уақытша пайдалануға ғана береді. Талассыз тыныш иеленуге жол бермейді.
Əлихан Бөкейханов пенен «Қазақ» газеті көшпелі норманы мақұлдады һəм көшпелі болғанда, қай жерге қонып, көшіп жүруді көрсетпеулеріменен бадырайып баттиып тұрған түпкілікті жер иесі қазақ халқының пайдасы да биігірек. Переселен пайдасын қорғаштағандай болып көрінеді. Сол себепті қазақ халқының көп ұзамай бытырап қалу хаупі бар. Егерде олар Бөкейханов пенен «Қазақ» «газетінің сөздеріне еріп көшпелі қалыпта қала берсе, арты не болмақ?
Төртінші, қазақ халқы тап осы күнде жерге орналасу туралы болсын, дініне қауіп туралы болсын, екі талай жерде тұр. Осының барлығы һəм қазақ халқының отырықшы тұрмысқа үйір болып жетпегендігі. Кеңес мəжілісі осы айтылған жұмыстарды бір қалыпқа келтіріп, дұрыс қылып ашпақ үшін қазір-ақ хүкіметтен рұқсат алып жаңа ғана жабылған мұсылман сиязы секілді бір қазақ сиязын жасау керек екен деген пікірге келтіреді. Ол сияз бола қалса, бұрын сиязға қарсы болып жүрген Əлихан Бөкейхановтың болуы да керек.
Сұлтан Бақытжан Қаратаев, Ж. Ш. Сейдалин, С. Лапин, Досан Аманшин, А. Нарынбаев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *