Кеңес Жиылысы
Жиылыстың төртіншісінде біздің қазақтан барған Қаратаев пенен Бөкейханов хүкіметтің (патшалықтың) қазақтарға жанасы турасында:
– Қазақтар хүкіметке неғұрлым тура, неғұрлым достана болса да хүкімет оларға соғұрлым нашар істер қылады. Мұнан бұрынғы кездерде қазақтар Россиядан бөлініп кетпесін, – деп оларға қазынадан тегін мешіттер салып беретін еді. Оларды бір орынға ұйыстыруға ұмтылатын еді, 1905 жылға дейін қазақ балаларын орта һəм жоғары мектептерге кіруге қызықтыратын еді. Осы жолмен олардың ұлттық тұрмыстарын сөндіруге һəм ептепептеп өзге дінге салу жағын қарастырды. Енді қазіргі кезде онан да нашарланды, бір жағынан, оларға өз діндеріменен тұруға ерік бермеді, екінші жағынан олардың хүкімет мектептерінде ғылымбілім, өнер алуларына да жол ашық емес. Мұндай істер қазақтардың орыстардан алыстауларына, ұлт намысының зораюына, Россияға деген наразылықтың өсуіне ғана себепкер болады ғой, дейді.
Қаратаев сөзінде:
– Хүкімет қырғыз-қазақ балаларын мұсылмандықтан айыруға, алыстатуға амал-айла жасап жүргендігі үшін олар зорланады, Бүкіл ұлысқа бір мешіт, бір мектеп қана ашу низамын ұнатпады. Осы низам арқылы қазақтардың көбірек жерінде астыртын «мешіт медреселер» салынуының əлегінен жұрт пенен хүкімет арасында жанжалдар шыққандығын түсіндірді. Бұл сөз өте көңілге қонып, құлаққа жағып кетті. Ішкі іс министрі газет хабаршыларының жиылысқа кірулері турасындағы екінші қайтара берген талабына да рұқсат берілмеді.
«Уақыт»